вторник, 23 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
15:15, 07 December 2021

ИНФРАҚҰРЫЛЫС


Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселесі тұрғындар тарапынан ең көп көтерілетін сұрақтардың бірі.

Инфрақұрылымды дамыту, инженерлік-коммуникациялық жүйелерге байланысты мәселе қала әкімдігіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің 46%-ын, әлеуметтік желілердегі көтерілетін мәселелердің 80%-ын құрайды.

  • Ағымдағы жылы 10 көшенің су құбыры жүйелерін жөнделді.

Қаладағы 26 көшеге ұзындығы 44,4 шқ жол және 12,5 шқ шағал жол орташа жөндеуден өткізілуде. Бүгінде 17 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталса, 8 нысанда жұмыстар жүргізілуде.Оның ішінде 30 жылдай асфальт жабындысы салынбаған Сухамбаев бұрылысы, Әулиеата, Есенин көшелері.

Жалпы жолдардың сапасына қатысты өте көп наразылық түсіп жатады. Сол себепті, біз ағымдағы жылғы жасалынатын көшелердің тізбегін әлеуметтік желілерге алдын ала жариялап, әрбір көшеге азаматтық белсенділер, блогерлер, депутаттарды қоғамдық бақылау жүргізу үшін бекіттік.

  • «Құмшағал», «Шөлдала» шағын аудандары мен 28 саяжай алқаптарын, «Шалғай Қарасу 1,2,3,4,5,6,7» тұрғын алқаптарын электрмен жабдықтау құрылысы;
  • «Көктем» тұрғын алқабына газ тарату желісінің 2-ші кезеңі;
  • Абай даңғылының бойындағы Тастандиев көшесінен бастап Майқы би көшесіне дейінгі (2-кезең, сервистік желілер), Ы.Дүкенұлы көшесінің бойындағы су сорғыш станциясынан бастап Элеваторная көшесіне дейінгі су құбырларын қайта жаңғырту жобалары іске асырылуда.
  • Өткен жылдан өтпелі «Қарасу» (Құмшағал) алқабындағы сумен қамту нысаны тамыз айында пайдалануға берілсе, жыл аяғына дейінгаз және электрмен қамту жұмыстарының аяқталуы күтілуде.
  • Сондай-ақ«Қант зауыты», «Кірпіш зауыты» тұрғын алқаптарында (2-ші кезеңнің 3-ші қосу кешені) газдандыру жұмыстары басталып, жұмыстар жүргізілуде (бас мердігер  «ДС-ТАС» ЖШС).
  • 2005 жылдан бастап тұрғын-үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған 1460 азаматқа Қарасу (Көлтоған) алқабынан инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған жер учаскелері берілуде.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика