понедельник, 20 января 2025   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
14:15, 07 December 2021

БЮДЖЕТ. ИНВЕСТИЦИЯ. БИЗНЕС


Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары белгілі болды.

Құрметті тараздықтар!

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталуда. өнеркәсіптегі өндіріс көлемі, ауылшаруашылығы, негізгі капиталға салынған инвестиция, бөлшек сауда тауар айналымы, құрылыс, тұрғын үй салаларында өсім бар.

Осы жылға бөлінген бюджет көлемі 80,7 млрд теңгені құрады.

Қаланың қосымша кіріс көздерін қарастыру жұмыстары жолға қойылды.  Жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландыру бойынша қаланың өзіндік кірістерінің атқарылуына талдау жасалды.

Камералдық бақылау, салықтық әкімшілендіру, салық берешегін (недоимка) өндіру жұмыстарын күшейту есебінен қосымша түсімдерді қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтадық.

Нәтижесіндеөзіндік кірістер көлемінің жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Салықтық емес түсімдер 127 млн. теңгеге ұлғайтылды.

Қаланың экономикалық дамуы тұрғысында инвестиция тарту – ең өзекті мәселелердің бірі. 2021-2022 жылдары жалпы құны 17,8 млрд.теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыруды  жоспарлап, 1044 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.

Инвестиция көлемін ұлғайтатын потенциал бар.

Мәселен, индустриялық аймақ арқылы жүзеге асатын жалпы құны 43,6 млрд. теңгеден асатын14 жобадан тұратын әлеуетті қатысушылар базасы қалыптастырылды.

Индустриалды аймаққа орналасатын кәсіпорындардың жоба қуатынескере отырып, алғашқы кезеңіне инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етуге шамамен 1,3 млрд. теңге қажет екендігін анықталды,  қазіргі таңда бұл мәселені шешу үшін жұмыстар атқарылуда. .

Индустриалды аймақ толыққанды жүзеге асқан кезде жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың салық, бюджет түсімдерін арттыратыны сөзсіз.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында да  бірталай жетістіктерге қол жетті.

Таразда 32 мыңнан астам (32 348) кәсіпорындардың жалпы саны – (2020 жылы – 31655).

Өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерімен – 284 млрд. 251 млн теңгенің өнімі шығарылып, 54109 адам жұмыспен қамтылған.

Шағын бизнес объектілеріне кәсіпкерлік үшін 70,4832 га құрайтын  564 жер телімі берілді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында       16,4 млрд. теңгеге 932 жоба субсидиямен қаржыландырылды (2020 жылы -173 жоба).

         Бағаны тұрақтандыру да – біздің назарда. Таразда облыс әкімінің тапсырмасымен заманауи форматтағы, ауданы үлкен 11 әлеуметтік дүкен ашылды. Бүгінде тағы 2-нің құрылысы жүргізілуде.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2025 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика