четверг, 25 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
17:04, 18 April 2023

Республикалық айтыстың жеңімпаздары марапатталды


 Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 177 жылдығына орай  Тараз қаласында өткен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Облыс әкімдігінің қолдауымен мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасы ұйымдастырған айтыс барысында еліміздің әр өңірінен келген 20 ақын өзара сөз сайыстырып, бақ сынасты.Республикалық айтыстың жеңімпаздары марапатталды

Қазылар алқасының шешімімен жоғары өнер көрсеткен 4 ақын финалдық кезеңге өтіп, екі жұп болып өнер көрсетті.

Тартысты өткен шаппа-шап өлең-сөз сайысына белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай төрағалық еткен қазылар құрамы баға берді. Олардың шешімімен бас жүлдені (1 миллион теңге) жамбылдық жас ақын, 10-сынып оқушысы Алина Айдаралы жеңіп алса, Абай облысынан келген Рүстем Қайыртайұлы бірінші орынға (800 мың теңге) лайық деп табылды.

Ал, жүлделі екінші орынға (600 мың теңге) оралдық Жансая Мусина, үшінші орынға (500 мың теңге) қызылордалық Нұрмат Мансұров ие болды.

Сондай-ақ, Біржан Байтуов, Рауан Қайдаров, Жарқын Жұпархан, Дархан Әбдіманат, Мұхтар Қонарбаев, Шапағат Сәбитқызына арнайы жүлде (200 мың теңге) табысталды. Басқа да барлық қатысқан ақындарға ақшалай сыйлықтар (100 мың теңгеден) берілді.

Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Абдалы Нұралиев бас жүлдені тапсыра отырып, Жыр алыбының есімін еншілеген облыста ауқымды мәдени-рухани бағыттағы шараларды өткізу жолға қойылғанын атап өтіп, елдік пен өзекті мәселелерді жырға қосқан ақындарға алғысын жеткізді.

Шара соңында облыс әкімінің «Ықылас гүлі» ұсынылды.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика