суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
13:42, 13 August 2022

Тараз автопаркі жаңа автобустармен толықты


Тараз қаласының орталық алаңында жаңа автобустардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, деп жазады ec-sport.kz.
Новыми автобусами пополнился автопарк города Тараза

Тараз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жамбылдық тасымалдаушылар жолаушылар тасымалының қазіргі заманғы жайлылық және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа автобустар сатып алған.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың қалада қоғамдық тасымалдаумен айналысатын көлік компаниясының басшылығымен келіссөздері нәтижесінде Таразға сыйымдылығы жоғары он Golden Dragon автобусы жеткізіліп, қаланың көлік паркін толықтырды”, деп хабарлады Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа автобустар ең ұзын №9 қалалық маршруттардың бірінде қызмет көрсететін болады. Яғни Талас ауылынан Барысхан және Қант зауыты тұрғын алабтары, Балуан Шолақ көшесі, Төле би даңғылы, Арай шағын ауданы, Қызыл абад және Шаңырақ тұрғын алабтары арқылы қатынайды. Әдетте бұл бағытта қарбалас уақытта автобустар лық толып кететін.

2021 жылы Тараз қалалық қоғамдық көліктерінде “TulparCard” электронды билеттеу жүйесі енгізілді. Ол қолма-қол есеп айырысуды азайтуға және төлемдер жүйесінің мөлдірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінде тараздықтардың 98 пайыздан астамы “TulparCard” картасын пайдаланады. Тасымалдаушылардың табысы 1,5 есеге артты.

“TulparCard” төлем карталары қаладағы оннан астам нүктелерде орналасқан арнайы дүңгіршектерде сатылады. Карточканың құны – 500 теңге. Алғашқы кезде барлық жолаушылар үшін 65 теңге, мектеп оқушылары үшін (1-11 сыныптар) 30 теңге мөлшерінде сараланған тариф енгізілді. Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жол жүру құны барлық жолаушылар үшін 130 теңгені және оқушылар үшін 65 теңгені құрады.

2021 жылдың мамыр айынан бастап жол жүру құны ересек жолаушы үшін жол жүру картасымен төлеу кезінде 85 теңгеге дейін, мектеп оқушылары үшін 40 теңгеге дейін өсті.

“TulparCard” ата-аналар мен балалар үшін өте пайдалы, өйткені карта арқылы ата-аналар баланың мектепке баруын бақылай алады. Тараз осындай жабдықты қосқан қазақстандық өңірлердің алғашқысы болды.

Қоғамдық көлік картасы бірнеше функцияны қамтиды. Ата-ана баласының әрекеттері туралы SMS-хабарламалардан біле алады. Бала автобусқа мініп, валидатор арқылы картамен төлем жасағанда ата-аналарға оның қай автобуспен жүретіні туралы хабарлама келеді. “Tulpar сard” компаниясы мектеп турникеттерін де осы жүйемен біріктірді. Деректер базасы біріктірілгендіктен бала мектепке кіреберістегі турникеттен карта арқылы немесе биометриялық сәйкестендіру арқылы өте алады.

Сонымен қатар “Tulpar сard” және “Balapey” компанияларының мүмкіндіктері біріктірілді. Енді мектеп асханасында бала қажетті тағамды таңдап, “Tulpar сard” картасымен төлей алады. Бұл орайда ата-аналар араласып, балаға тамақ таңдауға көмектеседі. Бұл үлкен плюс, өйткені сіз балаңыздың денсаулығына жарамсыз тағамдарды сатып алуға жол бермейсіз, сондай-ақ қанша ақша жұмсағанын бақылайтын болсыз. Ең бастысы – бала қалтасына ақша салмайды, бұл оның қауіпсіздігін арттырады.
Новыми автобусами пополнился автопарк города Тараза

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика