понедельник, 29 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
1:21, 19 September 2021

Шу ауданының шенеуніктері 62 млн теңге ұрлады


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылдың өткен кезеңінде 1038 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оның 772-сі сотқа жіберілді.
Аталған қылмыстық істер бойынша 135 лауазымды тұлға ұсталды, 122 адамға қатысты «күзетпен ұстау» және 29 адамға қатысты «үйқамақ» бұлтартпау шаралары қолданылды.

Үкімдер:
Бұдан басқа, аталған кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша барлығы 570 адам сотталды, 138 адам пара алғаны үшін, 237 адам пара бергені үшін, 12 адам делдалдық үшін 78 адам алаяқтық үшін, 42 адам ұрлық үшін, 42 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 11 адам билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін және т. б. сотталды.
Бас бостандығынан айыруға – 172 адам, бас бостандығын шектеуге – 56 (қалғандары шартты мерзімге және жазасын өтеуді кейінге қалдыра отырып – 8), еселік айыппұлдарға – 330, еселік айыппұлдардың жалпы сомасына – шамамен 1,9 млрд.теңге (1 884 352 557 теңге) сотталды.

661 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылды (бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін): 537 адам – белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 117 адам – арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 7 адам – мүлкі тәркіленіп сотталды.

Мысалы, қыркүйек айының өткен кезеңінде келесі үкімдер шықты:

14.09.2021 жылы Шу аудандық сотының үкімімен сотталды:
– «Шу ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК директоры Д. Тілемісов (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға;
– «Шу ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК бас бухгалтері С. Аукешева (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.) 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға;
Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына оларды негізсіз аудару жолымен, сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика