пятница, 13 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
21:57, 24 November 2021

“Қазфосфат” ЖШС теміржол жолдарынан 12 тоннадан астам өнім ұрлады


Жамбыл  ауданының полиция бөліміне ЖШС директоры хабарласып, ағымдағы жылдың 10-18 қарашасы  аралығында белгісіз тұлғалар  зауыт аумағындағы екі жүк вагонын ашып, жалпы құны 4.735.000 теңге  көлеміндегі  “натрий триполефосфатының” 484 қабын, яғни 12,3 тонна өнімді ұрлап кеткендігі туралы  шағымданған.Более 12 тонн продукции ТОО "Казфосфат" похитили с ж/д путей

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 2 күдіктіні анықтап, ұстады.  Олар Тараз қаласының 28 жастағы және Жамбыл ауданының 30 жастағы тұрғындары  болып шықты.  Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты  Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика