среда, 9 октября 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:16, 05 October 2021

Учаскелік полиция қызметкері танымал, беделді, азаматтар үшін қолжетімді болуы керек – Жанат Сүлейменов


Қазақстанда полицияның учаскелік полиция қызметкерлері маңызды рөл атқаратын сервистік үлгісі енгізіліп жатқанына байланысты учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы қалай өзгеруде. Бұл туралы «СЭР» журналына сұқбатында Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов айтып берді.

Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының қазіргі тенденциялары туралы айтып беріңізші?

Учаскелік полиция инспекторы (полиция инспекторы) мамандығы мәртебесінің маңызды индикаторларының бірі оның беделі, яғни қоғамдық пікірде де, сондай-ақ полиция қызметкерлері үшін де осы мамандықтың басымдылығын бағалау  басты мәселе болып табылады. Қазіргі заман жағдайында учаскелік полиция инспекторының беделін арттыру мемлекеттік ауқымдағы міндетке айналып отыр,  ал  оны жүзеге асыру, ең алдымен, аумақтық органдарға да, тұтастай мемлекетке де қатысты.

Бұл жағдайда аймақтық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық институттар ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты, бірқатар дереккөздерді, республикамыздың  жекелеген өңірлері қызметінің тәжірибесін зерделеу негізінде осы бағытта учаскелік полиция инспекторы қызметінің беделіне кері әсер ететін себептерді жинақтап, керісінше, оны арттыруға бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар шараларды ұсынуға әрекет жасалуда.

Енгізілген ұсыныстарға қатысты  УПИ қызметінің беделіне едәуір әсер ететін бағалау жүйесінің моральдық және материалдық негіздерін  қамтамасыз ету қажет. Учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу кезінде ішкі істер органдарының кадр бөліністерінің жұмысына да ерекше назар аударылуда.

ҚР Ішкі істер министрлігінің соңғы реформалары учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысына қаншалықты әсер етті, қандай жаңа міндеттер пайда болды?

Жергілікті полиция қызметінің “полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидаты бойынша реформаларында учаскелік полиция инспекторының(УПИ)  жұмысына барынша назар аударылған.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев учаскелік полиция инспекторы мәртебесінің заңнамалық деңгейде артқанын  атап өтіп, оған нәтижелі жұмыс жасауы үшін барлық мүмкіндіктерді берді, өйткені жергілікті полиция қызметі халықпен тікелей байланыста болатын, халықпен ең тығыз қарым-қатынас жасайтын  полиция бөлінісі болып табылады. Ол танымал болуға,  сондай-ақ беделді, азаматтар үшін қолжетімді болуға және олардың құқықтарын белсенді қорғауға тиіс.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу  бағытындағы УПИ өкілеттіктерін кеңейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, халықпен қарым-қатынас мәселелерінде учаскелік полицейлердің әрекеттерінің қадамдық алгоритмдері тәжірибеге енгізілуде.

Жамбыл облысындағы учаскелік полиция инспекторларының саны қанша?

Қазіргі  таңда облыс бойынша 367 учаскелік полиция инспекторы мен олардың 85 көмекшісі бар.

Облыс бойынша бізде қанша полиция тірек пункті бар?

Облыс бойынша барлығы 197 учаскелік полиция пункті бар, оның ішінде облыс орталығында – 30 және аудандарда – 167.

Полицияның тірек пункттері көп қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан. Бұл мәселе қаншалықты орынды? Мүмкін полицияның тірек пункттерінің жеке ғимараттарын салған дұрыс шығар?

Полицияның жұмыс істеп тұрған барлық 197 тірек пунктінің 30-ы Тараз, Қаратау және Шу қалаларындағы тұрғын үй ғимараттарының 1-қабаттарында орналасқан. 1-қабатта орналасуының орындылығы халықпен “қадамдық қолжетімділікте” жатыр.

Біздің учаскелік полицейлеріміз нәтижелі жұмыс жасауы үшін қажетті көлік құралдарымен, техникалық жабдықтармен қаншалықты қамтамасыз етілген?

ҚР ІІМ-нің тиесілілік нормалары туралы бекітілген бұйрықтарына сәйкес жағдай келесідегідей:

– учаскелік полиция инспекторлары қызметтік автокөлікпен- 100%, әкімшілік хаттамаларды жасауға арналған электрондық планшеттермен- 60% және портативті бейнетіркегіштермен 80%-ға қамтамасыз етілген. Техникалық құралдармен жабдықтауға қатысты осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық учаскелік полиция инспекторы 100% техникалық құралдармен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін учаскелік полиция инспекторларын жаңа үлгідегі нысанды киіммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, учаскелік полиция пункттерін компьютерлік техникамен және қажетті жиһазбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Учаскелік полиция инспекторы лауазымына қабылдау кезінде қандай жеке және кәсіби қасиеттер ескеріледі?

Ішкі істер органдары қызметіндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымына жұмысқа орналасу кезінде дене даярлығын дамытуға қойылатын арнайы талаптар бар, оның ішінде  үміткердің  бой шамасы 170 сантиметрден төмен болмауы қажет.

Құқықтық жоғары білімнің, стреске төзімділіктің, адамдармен тез ортақ тіл табатын тұлға, жауапкершіліктің болуы міндетті шарттар болып табылады. Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби даму, тез шешім қабылдау қабілеті және халықпен жұмыста толерантты қарым-қатынас орнату секілді қасиеттерге басымдық беріледі.

 

Фото: “СЭР” журналы, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика