пятница, 29 марта 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
2:50, 01 April 2020

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды


Ағымдағы жылдың 26 наурызында Қордай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен «Toyota Windom» маркалы автокөлігін мас күйінде жүргізген осы ауданның 29 жастағы тұрғыны ұсталды.  

Тексеру нәтижесінде күдіктінің 2019 жылдың 22 қаңтарында Қордай аудандық сотының қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан, ол жүргізуші куәлігінсіз «жеңіл» түрдегі масаң күйде қайта көлік басқарған. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Құқық бұзушы Қордай аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, ол өз кінәсін толық мойындады. 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика