пятница, 26 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
14:44, 13 November 2022

Таразда 600 ағаш отырғызылды


«ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – ЖЕРДІҢ КӨРКІ»600 деревьев посадили в Таразе

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмысы үнемі күн тәртібіндегі мәселе.

Бүгін  Біз біргеміз» монументі маңындағы саябаққа «Жасыл желек – жердің көркі» экологиялық жобасы аясында тал отырғызылды.600 деревьев посадили в Таразе

14 мөлтек ауданның айналасын көгалдандыру, абаттандыру жоспары бойынша 600 түп ағаш егілді. Оның ішінде көп жылдық қайың, акация, сән ағашы, шаған және шынар, шырша талдары бар.

Бұл талдардың барлығы Тараздың климатына бейім ағаштар. 600 деревьев посадили в Таразе

Экологиялық іс-шараға қалалық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері, «Жасыл ел Тараз» мекемесінің қызметкерлері атсалысты.

Сонымен қатар ағаш егу жұмыстарына арналған техникалар да тиісті жұмыстар атқарды. 600 деревьев посадили в Таразе

Айта кетерлігі, ағаш отырғызу алдында көшеттерді суару мәселесі шешілген. Бұл аумақта 2 су құдығы мен сорғылар орнатылды. Тамшылатып суару жүйесі ішінара жүргізілді.

Алдағы уақытта осы аймаққа жоба аясында жеміс ағаштарын отырғызу жоспарланған.

Қаланы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары жалғасын табады.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика