Тараз қаласының полициясына 40 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып белгісіз ер адам түнде, шамамен сағат 04.30-да шағын аудандардың бірінде белгісіз адам күш қолданып, спорттық велосипедін ашық ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткенін айтты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тараз қаласының бейнебақылау операторларының жедел іс-әрекеттері нәтижесінде, іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен күдікті ізін суытпай ұсталды.
Ұсталған азаматтың түрі жәбірленушімен танылып, заттай дәлел тәркіленді.