суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
15:18, 28 April 2022

Таразда күйеу баласы қайын енесінің үйін тонаған


Тараз қаласының полиция бөліміне  66 жастағы әйел тонау дерегі туралы хабарлады. Шамамен сағат 00:20-да белгісіз ер адам үйіне баса-көктеп кіріп,  қорқытып, 2450 АҚШ долларын, 100 000 теңгесін, 2 алтын сақинасы мен ұялы телефонын ашық түрде  ұрлап кеткен.

 

Жәбірленуші әйелдің  айтуынша, ол қажылыққа бару  үшін ақша жинаған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 47 және 51 жастағы тұрғындары,  сондай-ақ, күдіктілердің бірі-жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты.

Ұсталған күдіктілер өз кінәларын толық мойындады, тергеу амалдары жүргізілуде.

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика