Яндекс.Метрика
воскресенье, 24 октября 2021   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
17:01, 30 June 2021

Таразда дүкенге кеткен 14 жасар қыз із-түзсіз жоғалған


Таразда үйден кетіп қалған 14 жастағы жасөcпірім қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы жергілікті тұрғыны хабарласып, 14 жасар қызы хабар-ошарсыз кеткенін айтып жүгінген. Әйелдің айтуынша, кәмелетке толмаған жасөспірім қыз дүкенге кетіп, қайта оралмаған. Хабарламаны алған полицейлер толық құрамда көрсетілген мекенжайға жол тартты. Тәртіп сақшылары қыз бара алатын жақын маңдағы аумақтарды аралап, қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жасөспірім қызды іздеуге еріктілер мен жанашыр тұрғындар қосылды. Полиция қызметкерлері қабылдаған жедел іс-шаралар нәтижесінде жоғалған қыз Тараз қаласындағы көшелердің бірінен табылды. Белгілі болғандай, ол анасымен ұрысып, өкпе-реніш негізінде үйден кеткен. Өз кезегінде ата-ана қызын аман-есен тапқан полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді. «Айта кетерлігі, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың бес айында 82 жасөспірім үйінен кеткен, 10 дерек бойынша іздеу жұмысы жүргізілген. Олардың үйден кету себептері әртүрлі, оның ішінде ата-анасымен жанжалдасуына байланысты кетудің – 16 дерегі, ата-ананың бақылауынсыз қыдырудың – 16 дерегі және басқа себептермен байланысты – 50 дерек: адасып кету, ұзақ уақыт қыдыру немесе ата-анасына айтпай жақын туыстарына кетіп қалу. Барлық жасөспірім табылып, үйіне қайтарылды, оларды заңсыз ортаға тарту деректері анықталған жоқ», – деді ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

 

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2021 Эк-Спорт