Мемлекеттік Тудың авторы, суретші Шәкен Ниязбеков Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының тумасы, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА. Оның жобасы әлемнің әр елінен 1200-ден астам суретші қатысқан байқауда жеңімпаз атанды, бұл әрі дұрыс, әрі патриотты еді. Өйткені республикамыздың тұрғыны ғана кенеп бетінде туған халқының арман-мұраттарын өзінің жаны мен ойы арқылы жеткізе алатын еді. Автор өзінің отандастарын әлі күнге дейін қанаттандырып келе жатқан қарапайым әрі асқақ туынды жасады.
Мемлекеттік рәміздер — кез келген мемлекеттің оның біртұтастығы мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстанда олар мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн болып табылады. Олардың авторлары халық арасында үлкен құрметке ие, ал олардың туындылары терең мағынаға толы және туған жердің рухы мен тарихын бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Туындағы Күн бейнесі бейбітшілік пен бейбіт өмірге деген сүйіспеншіліктің, қалықтаған Қыран еркіндікті сүйетін халықтың символы болып табылады, — дейді профессор, медицина ғылымдарының докторы Сайлаубек Шалқаров ұлттық символдың мәні туралы. — Көк түс аспанның, тыныштық пен асқар әділдіктің бейнесі. Алтын түс, автордың ойынша, молшылықты, байлықты және бақытты бейнелейді. Ал туды безендіріп тұрған ұлттық ою қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің тамыры тереңдігін білдіреді. Ортасында халқымыздың еркіндіксүйгіштігін, оның бейбіт мінезін, жерінің байлығын бейнелейтін күн мен қыран орналасқан. Автор бұл ойын бидай-шапақпен көмкерілген алтын шырақ, дүниетанымның, мемлекеттік даналықтың және көрегенділіктің кеңдігінің символы — болашаққа бет алған даланың еркін қыранының бейнесі арқылы жеткізген.
Ұлттық байқаудың жеңімпазы өз шығармасының мән-мағынасын былай түсіндіреді.
— Ең алдымен мен үшін бастысы тудың түсі болды, мен мемлекетіміз көпұлтты және елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері теңқұқылы екенін ойлай келе, көк түсті таңдадым. Аспан да, көк те барлық елге ортақ, бөлінбес дүние емес пе. Ал күнсіз аспан бола ма? Қазақстан қандай болуы керек деген мәселені ұзақ ойландым, ақыры қыранға тоқтадым. Өзінің тәуелсіздігін алған республикамыз еңсесін асқақ көтерді. Осыны қанат жайып қалықтаған қыран арқылы бере отырып, біз еркіндігімізді білдіреміз. Бірақ біздің туымыз БҰҰ-дағы басқа тулардың қатарында желбіреп тұрғанда: «Қазақстанның туы қайсысы?», деп сұрауы мүмкін ғой. Сондықтан мен ағаш сабының тұсына ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ түсірдім.
Осылайша Шәкен Ниязбеков өзінің атын еліміздің тарихына жазды.
Бір қызығы ол он жасында әкесі мен шешесінен, әжесінен айырылып, тұл жетім қалған. Бірақ олар перзенттерінің бойына адалдық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіріп үлгерген еді. Ол мектепті үздік бітіріп, Ленинградтағы жоғары көркемсурет-өнеркәсіптік училищесіне түсті. Мұнда оның бейнелеу өнеріндегі тәлімгері атақты қылқалам шебері Әбілхан Қастеев болды. Соның арқасында жас дарынның таланты барынша ашылды. Оның туындыларының қатарында «Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датов», «Жамбыл», «Қазақ солдаты», «Ана» және басқа да танымал картиналар бар. Оның көптеген шығармалары аса құнды болып табылады және көрмелерге жиі қойылады.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы туған ауылы Бесжылдықта Қазақстан Республикасының Туы желбіреп тұрған биіктігі 24 метр флагшток орнатылған. Оны орнату туралы идеяны жергілікті тұрғын, зейнеткер Сейдолла Прімқұлов ұсынған. Идея облыстық әкімдіктің тарапынан қолдау тапты. Аудан әкімдігі мемориал құрылысы үшін бір гектар жер бөлді. «Төле би» қоры қаржылай қолдау білдірді. Мемориал концепциясын Түркістан облысының архитекторлар тобы жасады. Мрамор тұғырда флагшток орнатылған, Мемлекеттік Ту 24 метр биіктікте желбіреп тұр. Жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылған. Жоба авторы — Жомарт Қонысбаев.