среда, 11 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
10:37, 10 May 2023

«Менің Қазақстаным» — Әнұранға айналған ән


Мемлекетіміздің барлық дерлік тұрғыны еліміздің келесі символы  Қазақстан Гимнінің шығу тарихын да біледі, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА. Бір кездері Шәмші Қалдаяқов шығарған патриоттық ән «Менің Қазақстанымды» бұған дейін де әртүрлі кезеңде ұлттық әнұранға айналдыру туралы ұсыныстар айтылған болатын. Бірақ мемлекеттік комиссия бұл ұсыныстарды қабылдамаған. Соған қарамастан бұл әнді іс жүзінде әр қазақ білетін және айтатын, сөйтіп, көп ұзамай әділдік салтанат құрды.

Бұл әнді жас композитор Шәмші 26 жасында, сол Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы шағын ғана Дунгановка (қазіргі Жалпақтөбе) ауылында тұрған кезінде шығарған. Ол кездер туралы шығарма авторы жылы еске алады, сол  жерде өзінің бірқатар белгілі әндерін шығарды. Белгілі болып отырғанындай, соның ішінде өз өміріндегі ең бастысын да.

Бүгінде осы ауылдағы көшелердің бірі Шәмші Қалдаяқовтың есімімен аталады, өзі тұрған үйде  оның құрметіне ескерткіш тақта орнатылған. Ол қазіргі Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектепке жақын жердегі шағын үйде тұрған.

Ауылдастарының еселігі бойынша, «қазақ вальсінің королі» өмірде өте қарапайым, ақкөңіл адам болған, жұртты өзінің ақжүректілігімен тәнті қылған. Қатар жүргендердің көпшілігі оның ұлы композитор екенін білмеген де.

— Ұлы композитор ғана емес, ұлы адам да! Біз әрдайым оның шығармашылығына, шексіз талантына тәнті болушы едік. Шәмшінің қай әні де жүректі тербейді. Олар сондай сазды, сондай шынайы, ғажап. Оның туған жерін, туған халқын шексіз сүйетіні көрініп тұратын, — дейді Жалпақтөбе ауылында тұратын белгілі қазақстандық суретші  Мұхамед-Омар Паншаев.

Шәмші Қалдаяқов басқа қалаға көшіп кеткеннен кейін де бұл ауылға жиі келіп тұрды. Оны әр үй құшақ жая, жылы қарсы алатын.

— Бұрын Дунгановка деп аталатын Жалпақтөбе ауылында ұлты әртүрлі 9 мыңнан астам адам тұрады. Олар ондаған жылдар бойы осынау табиғаты тамаша шағын ауылда тату-тәтті өмір сүруде. Олардың арасында облысымызға, республикамызға танымал адамдар аз емес, — дейді ауыл белсендісі Руслан Исмазов.

«Вальс королі», атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов өткен ғасырдың 80-жылдарының басында Дунгановка ауылында, бүгінде өз есімімен аталатын көшеде тұрған. Дунгановкада ол дүнген қызына ғашық болып, «Дүнген қызы» деген тамаша ән шығарған. Бұл әнді дүнген қыздары мен жігіттері әлі күнге үйлену тойларында, отбасылық отырыстарда, дискотекаларда шырқайды. Ш. Қалдаяқов осы ауылда бүгінде кеңінен танымал «Менің елім», «Фосфорлы Жамбыл», «Отан», «Мойынқұмда», «Бәрiнен де сен сұлу», «Қайдасың», «Қыз сағынышы» және басқа әндерін шығарған.

– Жалпақтөбеліктер жыл сайын композитордың туған күні қарсаңында Ш. Қалдаяқов көшесін абаттандыруды дәстүрге айналдырған. Көшедегі 62 үйдің қабырғасына «Шәмшi Қалдаяқов атындағы көше» деген тақтайша ілінген, композитор тұрған №2 үйде қазақ, орыс және дүнген тілдеріндегі «Ш.Қалдаяқов – Жалпақтөбе ауылының құрметті азаматы» деген мемориалды тақта орнатылған, – дейді Р. Исмазов.

Шәмшінің әкесі қарапайым ұста болғаны, бірақ ән айтқанды өте жақсы көргені белгілі. Анасының да керемет дауысы болған. Ата-анасының осы дарыны жұғысты болған балалары оны одан әрі дамытқан. Бала кезінен отбасылық музыкалық дәстүрді бойына сіңірген Шәмші мандолинде ойнаған, үйлену тойларында ән салған, шығармашылық байқауларға қатысып, марапаттарға ие болған.1956 жылы ол консерваторияға түседі, бұл оның бар тағдырын айқындады.

«Менің Қазақстаным» патриоттық әні миллиондаған адамның үміті мен сеніміне айналды, көп ұзамай ол әнді бүкіл ел айта бастады. Шығарманың маңдайына халықтың ең сүйікті әні және Қазақстан Республикасының ұлттық Гимні болу бақыты жазылған еді.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика