пятница, 19 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
14:44, 23 September 2021

Жамбыл облысындағы тас жолда жан түршігерлік апат: 6 адам қайтыс болды, 2 адам ауруханада.


2021 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының “Алматы-Ташкент” тас жолының 476 шақырымында “Audi-А4” және “Toyota Camry” маркалы екі көліктің соқтығысуы орын алды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. “Toyota Camry” автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды.
Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: “Жол ережесін сақтамау қайғылы жағдайға алып келеді”.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика