четверг, 25 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
15:01, 02 September 2021

Жамбыл облысында шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз ету үшін құбыр желілері қалпына келтірілуде


Фермерлерді суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету Жамбыл облысы әкімдігінің тұрақты назарында, деп хабарлады ec-sport.kz порталы.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданында болып, өңірдегі ауылшаруашылығының бүгінгі жағдайымен танысты.

Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы «Айден Агро» шаруа қожалығында болды. Шаруа қожалығының басшысы Зейнуддин Мұсаев пиязға – 32 гектар, бидайға 32 гектар жер бөлген.

Биыл Жамбыл ауданының шаруа қожалықтары суарудың инновациялық әдістерін – тамшылатып, жаңбырлатып суаруды кеңінен енгізудің арқасында күрделі ауа райына қарамастан жақсы өнім алынады деп күтіліп отыр.

Бердібек Сапарбаев Аса ауылындағы Қуат каналында және Айшабибі ауылдық округінде орналасқан Бошақай каналында болды. Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, «Толағай-2050» ЖШС-ының қызметкерлері ұзындығы 12,9 км Қуат каналын толықтай тазартқан.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда жеті канал (Қаракемер, Ащыбұлақ, Бесағаш) тазартылса, Қызылқайнар-Иманкөл каналын тазарту жұмыстары аудандық бюджеттен қаржыландырылыпты. Аудандағы жалпы 108 каналдың 96-сы тазартылып отыр. Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев суару маусымынан кейін басқа каналдардың да жөнделетінін айтты. Бұл орайда аудандағы су құбыры желілерін қалпына келтіруде қолдау қажет екендігін де жасырмады. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл мәселенің жан-жақты зерделенетініне сендірді.

Атап айту керек, Жамбыл өңіріндегі маңызды проблемалардың бірі облыс аумағы арқылы ағатын барлық трансшекаралық өзендер бастауын алатын көршілес Қырғызстанға суармалы суға тәуелділік болып табылады. Трансшекаралық Талас өзені арқылы суармалы сумен қамтамасыз етуде де бірқатар проблемалар бар. Сумен жабдықтау кестесіне сәйкес маусым айында Талас өзені арқылы Қырғызстаннан 145,2 млн текше метр судың орнына 162,5 млн текше метр су келді. Шу өзені арқылы Қазақстан тиесілі 108,76 млн текше метрдің орнына небәрі 65,56 млн текше метр су алды, бұл қажеттіліктің 60 пайызы ғана.

Жамбыл аграрийлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында облыста ауылшаруашылығы жерлеріндегі су құбырлары мен каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, қосымша су қоймаларын салу жоспарланып отыр. Жамбыл облысында мыңдаған гектар суармалы жерлер қалпына келтірілді.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика