суббота, 27 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
7:20, 29 March 2021

Сарысуды жүз мың жыл бұрын адамдар мекендеген – тарихқа саяхат


Сарысу ауданының аумағында ежелгі замандардан бастап, түрлі дәуірлерге тән көптеген тарихи ескерткіштер орналасқан, деп хабарлайды ec-sport.kz порталы.

Бірегей, Қазақстандағы жалғыз төменгі палеолит дәуіріне тән ежелгі палеолиттік адамдар тұрағы Сарысу ауданындағы Қарасу шатқалында, Арыстанды өзені бойында орналасқан. Онда археологтар тапқан тас бұйымдар сол қалпында сақталған.

Бұл палеолиттік адамдар тұрағына қазақтың ағартушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың есімі берілген. Қазақстандағы төменгі палеолит дәуіріне тән ежелгі палеолиттік адамдар тұрағыың ішіндегі ең көнелері Маңғыстау облысындағы Шақпақата және Жамбыл облысындағы Арыстанды деп есептеледі. Атап айту керек, Қазақстандағы палеолит дәуірі ондаған ежелгі тас дәуірі ескерткіштері бұрыннан ашылып, әбден зерттеліп қойған Еуразияның көптеген аймақтарымен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы археологиялық тұрғыдан барынша аз зерттелген мәселе болып қалып келді.

Тарихшы-ғалымдардың пікірінше, Қазақстан территориясының Жамбыл облысы аумағында ежелгі адамдардың мекендеуіне ыңғайлы аудандардың бірі Жамбыл облысының төрт ауданы – Жуалы, Талас, Сарысу және ішінара Мойынқұм аудандары территориясында тізіле созылып жатқан Қаратау жотасы болған. Сол ежелгі замандардағы салыстырмалы түрде алғанда ылғалды да жылы ауа райы, қалың өскен өсімдігі, алуан түрлі фаунасы адамдардың ежелгі палеолит дәуірінде өмір сүруіне тиімді жағдайлар туғызды. Ғалымдардың пікірінше, ежелгі адамдар бұл аймаққа миллион жыл бұрын Еуропа мен Сібірден келген. Тас дәуірі адамдарының алғашқы баспаналары үңгірлер еді. Адамдар бірлесіп азық табу, аңдардан қорғану үшін топтаса бастаған, жеміс-жидектер жинаумен, топтасып мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды аулаумен айналысқан. Ол аңшылықтарын тастарға қашап салған. Бүгінде бұл суреттер петроглифтер деп аталады және ғалымдар олар арқылы ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршіліктерінің құпияларын зерттеуде.

Арыстанды тұрағын тапқан қазақ кеңес ғалымы, тарихшы-археолог Х.А.Алпысбаев Оңтүстік Қазақстан ежелгі адамдар тараған орталықтардың бірі болған деген ғылыми болжам айтқан. 1958 жылы зерттеуші Арыстанды тұрағында тас бұйымдар, от орындары мен ошақтар, жылқылардың, бизондардың, ақбөкендер мен бұғылардың сүйектерін тапқан. Бұл – Қазақстандағы тастан жасалған бұйымдар адамдар мустьерлік уақытта (б.д.д 140-40 мыңжылдықтар) қалай қалдырған болса дәл сол қалпында сақталған бірден бір ежелгі тұрақ.

Қаратаудың тау жүйесі су көздеріне, көнеден жеткен және сол аймаққа тән өсімдіктерге, жануарлар әлеміне бай. Саясу, Жусалы және басқа да өзендер бойында Қаратау жотасы шынымен де ұзақ тарихи кезеңдерде адамдардың мекені болып келгенін айғақтайтын ежелгі тұрғынжайлар мен зират нысандары орналасқан.

***

Сарысу ауданында бір ғана археологиялық ескерткіштердің саны 35-тен асады. Олардың көпшілігі біздің дәуірімізге дейінгі III-I ғасырларға тән қорғандар мен молалар. VII-XII ғасырларға тән үш ежелгі қалашықтың ішіндегі барынша елеулісі Саудакент пен Ақтөбе қонысы болып табылады. Археологиялық ескерткіштер қатарында XI-XIV ғасырларға тән Көккесене және Төрткүл бекіністері бар. Сол кезеңдерде ортағасырлық Қалмақарық каналы қазылған.

Сарысу ауданының 75 археологиялық орны мен 47 ескерткіші тарихи ескерткіштер қатарына енгізілген. Олардың қатарында 37 археологиялық, екі сәулет («Шоқай Датқа», «Бибатыржарма»), екі монумент (Даңқ және «Ер есімі — ел есінде» монументтері), алты тарихи ескерткіш (жауынгер-жерлестер ескерткіші, Байқадам Қашқынбаевтың ескерткіші, «Ықылас Дүкенұлы мемориалы») бар.

***

Саудакент ауылының шетінде XVIII ғасырға тән Шоқай датқа мавзолейі тұр. Күйген қызыл кірпіштен тұрғызылған нысан ортағасырлық Саудакет қаласының бұрынғы ескі зираты аумағында орналасқан.

Бұл Шу-Талас аңғарында қалыптасқан монументалды діни құрылыстарға тән үлгі. Есігі оңтүстік-батысқа қараған нысанның күмбезінің ішкі бөлігі сақталып қалған көк, ақ және қызыл түсті жылтыр плиткалармен безендірілген. Нысанның кіре беріс беті үшкір келген ойықты биік порталымен ерекшеленеді. П үлгісіндегі жақтаумен және бұрыштарындағы мұнараларымен әдіптелген. Мавзолейдің ішкі жағында саркофаг орналасқан. Интерьерінің сәулеті қосалқы құрылыстар мен бұрыштарындағы шағын аркалар жүйесінен түзілген.

90-ыншы жылдары қабырғаларының құлап қалған кірпіштері мен парапетінің жойылып кеткен ұштары қалпына келтірілдген. 2005-2006 жылдары «Қазреставрация» РМК Жамбыл филиалының мамандары реставрация жұмыстарын жүргізді.

Шоқай датқа мавзолейін 1946 жылы археолог Г.И.Пацевич зерттеген. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары мұнда ҚазКСР Мәдениет министрлігі мен «Қазпроектреставрация» институтының экспедициясы жұмыс істеді. 2000 жылы – ҒЗЖИ экспедициясы.

Саудакен ауылы (бұрынғы аты Байқадам) – Жамбыл облысындағы көне елдімекендердің бірі. Академик Ә.Х.Марғұланның жетекшілігімен 1946 жылы жүргізілген алғашқы археологиялық қазба жұмыстары кезінде мұнда VI  ғасырға тән көшпенділердің тұрағы болғанын көрсететін айғақ заттар табылды. Ал IX-XV ғасырларда осы жердегі Сұғылхан қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы көне Тарздан кейінгі сауда орталығы болған. Бұл маң әлі күнге дейін мемлекет қорғауына алынған тарихи сәулет ескерткіштеріне бай.

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика