суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:34, 18 July 2022

Жамбыл облысына инвестиция салыңыз!


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келіссөздер жүргізу барысында 2022 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің межесі  489 млрд.теңге (2021 жылдың нақтысы – 398,6 млрд. тг.) болып келісілді, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА.

Бұл көрсеткіш келесі бағыттарда орындалатын болады:

  1. Бюджет есебінен салынатын инвестициялар – 114,6 млрд. теңге; 
  2. Шет елдік инвестициялар – 40,3 млрд. теңге (11 жоба);
  3. Инвестициялық жобалар – 212 млрд. теңге (27 жоба);
  4. Жеке инвестициялар есебінен – 110,9 млрд. теңге (жеке кәсіпкерлер);
  5. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы (ЭПВ, БЖК – 2025)  – 11,2 млрд. теңге (нақты бөлінген қаражат);

Қазіргі уақытта 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 155,7 млрд. теңге құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусым айлармен салыстырғанда 7,1%-ға азайды.

Анықтама ретінде: 2021 жылы негізгі капиталға инвестициялардың жоғары өсімі болуына байланысты – 112,1%. Сондай-ақ ірі инвестициялық жобалардың негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланғанына байланысты («Korcem» ЖШС, «Shagala Mining» ЖШС, «Qazaq Soda» ЖШС, «Еврохим-Қаратау» ЖШС, «Altynalmas Reagents» ЖШС және т.б.)

2022 жылдың шілде айында 100%-ға жету үшін негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 35,9 млрд. теңгеден асуы қажет.

2022-2025 жылдары жалпы құны 2 трлн. теңгеге 

443 инвестициялық жобалардың базасы қалыптастырылып, әр жоба бойынша іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде 2 061,5 млрд. тг. 51 ірі инвестициялық жобалар іске асырылып, 8366 адам жұмыспен қамтылады. Ал қалған 18,8 млрд. тг. 392 инвестициялық жобаларды әлі де пысықтау қажет.

Жалпы облысқа инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Алдағы уақытта облысқа бекітілген көрсеткіштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, тұрақты бақылауда болады.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика