«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Мейрамбек Төлепберген мен Тараз қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Бауыржан Молдашев Тараз қаласындағы 15-мөлтек ауданы, 4-үйдің тұрғындарымен және «Дәмді себет» дүкендер желісінде болып, тұтынушылармен кездесті, деп хабарлайды Эк-спорт АА.
Кездесу барысында кандидаттар сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын толыққанды түсіндірді. Тұрғындарды алаңдатқан тұрғын үймен қамту бағыты мен әлеуметтік саланы дамыту бағыттарына басымдық беріліп, оларды партияның 2025 жылға дейінгі Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасымен шешу тетіктері жайында мағлұматтар берілді.
– Бұл орайда «Nur Otan» партиясы халықты сапалы ауыз сумен және елді мекендерді газдандыруға ықпал етіп, жылумен қамту және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешетін болады.
Өз кезегінде бұл үшін «Nur Otan» партиясы Тараз қаласында М-1 жылу магистралін қайта жаңартуға, Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы орталық қазандықты қайта құруға, 2025 жылға 1,1 мыңнан астам көп қабатты үйлерді қамтитын 510 ауланың аумағын абаттандыруға, «Жасыл экономика» шеңберінде 2022 жылы жалпы қуаты 133,8 МВт жаңартылатын энергия көздері бойынша тағы 4 жоба аяқтауға ықпал етеді, – деді кандидаттар.
Сәйкесінше сайлаушылар да әлеуметтік мәселелерді шешудің жүйелі жоспары түзілген «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына үлкен сенім артатындығын жеткізіп , алдағы саяси науқанда лайықты таңдау жасауға дайын екендіктерін айтты.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.