Яндекс.Метрика
Суббота, 23 октября 2021   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
20:23, 15 декабря 2020

Іскер әйелдер қауымдастығы партияны қолдайды


15 қаңтар күні Nur Otan партиясы аудандық филиалының партиялық тізімдегі кандидаттары Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА.

Аталмыш кездесуді аудандық аппарат штабының жетекшісі Бақтияр Ақбаев ашып берді. — Елімізде демографиялық және гендерлік саясаттың дамуы арқасында бүгінде әйел азаматшалары көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Біз әйел азаматшаларымызды тек үйдің ұйытқысы немесе баланың тәрбиешісі ретінде емес, бірқатар билік органдарында, лауазымды қызметтерде көріп жүрміз. Солардың ішінде, іскер әйелдер қауымдастығының үлесі жоғары — деді.

Сонымен қатар,  — Nur Otan партиясы саяси додада үгіт насихаттарын жүргізген кезде осы іскер әйелдер қауымдастығына үлкен үміт артып, ол сенім қолдау табады деген ойдамын. Сондықтан, Сіздердің істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін , — дей келе, 10 қаңтарға тағайындалған сайлау науқанында ауданның іскер әйелдері де белсенді түрде атсалысатынына сенім білдірді.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Марина Байжарикова 2017 жылы Түймекент ауылдық округінде ауыл шаруашылығы бағытында кооператив ашқанын, бүгінгі таңда, кооперативтің жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, еліміздегі бас партияның саясатын қолдауға  шақырды.

Ал өз кезегінде, кандидат Гулсин Ешеева — Әйел деген ол – Ана. Сол себепті, бүгін әйелдер қауымымен кездесіп, оларды толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде ой қозғасақ деп отырмыз. 2005 жылдан бері партия мүшесімін. Партия тарапынан атқарылған істер баршылық, дегенмен алда әлі де талай істер атқарылады — деп сенімін білдірді.

Гулбахрам Ермекова, Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры, кандидат:

— Алдымен бәріңізді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын. Осы Тәуелсіздігіміз арқасында еліміз биік белестерді бағындырды. Партия құрылған кезде мен де осындағы Н.Киікбаев атындағы орта мектепке жас маман болып орналасқан кезім болатын. Ол кездегі жағдай қиындау болғаны белгілі. Сол кездегі қиындықтарды бәріміз бірлесе жеңе білдік. Қазір заман күн санап өзгеру үстінде. Біздің еліміз де сол өзгерістер легінен қалмай келеді. Біздің партия Сіздердің қолдауларыңызға сенім артады. Сондықтан, баршаңызды Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын.

Әйгерім Бектұрсынова, Сарыкемер ауылының тұрғыны, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі:

— Ең алдымен Nur Otan партиясына шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Өйткені, елімізде партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар оң нәтижесін беруде. Соның шапағатын өзім де көріп отырмын.  Қазіргі таңда, қайтарымсыз грантқа алған қаражат есебінен шағын бизнесімді дөңгелетудемін. Алдағы сайлауда партияға дауыс беруге шақырамын.

Сания Алтаева, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат:

— Мен 2003 жылы партия қатарына қабылданған уақытта Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында мұғалім болып еңбек ететінмін. Одан кейін педагог-ұйымдастырушы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынды бірқатар қызметтерде болдым. Бертін келе, бизнеске бет бұрып, мемлекеттік бағдарлама арқылы төмен пайызбен несие алып,  200 орындық «Мұрагер» балабақшасын салдым.  Қазіргі таңда, сарыкемерлік бүлдіршіндер осы бақшада тәрбие алуда.

Жиын соңында өзара пікір алмасқан кездесу қатысушылары «Біз біргеміз» деген ұранмен партия саясатын қолдайтындықтарын білдірді.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Об авторе: Эк-Спорт


Добавить комментарий

© 2021 Эк-Спорт