1999 жылы іргетасы «Отан» партиясы болып қаланған «Nur Otan» партиясы осы аралықта еліміздегі ең іргелі саяси күш ретінде қалыптасты.
Айта кету керек, соңғы жылдардың бедерінде партияның Сайлауалды бағдарламасы мен саяси Доктринасы, партиялық жобалар мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарламасы сияқты аса құнды құжаттар қабылданды. Сонымен қатар партияның барлық буындары «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам», «Ұлы Дала елі», «Жастар Отанға!» сияқты көптеген партиялық жобаларды сәтті іске асырды. Бір ғана «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғам назарын ерекше аудара отырып, оларға аса қажетті барлық қолайлы жағдайларды жасауда өлшеусіз жұмыстар атқарды. Бұл бағыттағы маңызды жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты партия назарында болады.
«Nur Otan» партиясы елімізде тұрғын үй, өндірісті өркендету, ауылшаруашылығы мен жеке кәсіпкерлікті дамытуда және отандық ғылымның өркен жаюына да ерекше атсалысып келеді.
Өткен жылы қабылданған «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы да әлеуметтің әлеуетін арттырып, тұрмысын тіктекге бағытталған. Бағдарламаның негізгі мақсаты – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту. Сондықтан да бағдарлама 10 жылдың ішінде әл-ауқаттық қоғамды құруға негізделген.
«Nur Otan» партиясы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге ғана емес, барлық қазақстандықтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталатын тиімді және әділ әлеуметтік саясатты іске асыруды қолдайды. Ол үшін ата-аналарға қаржылай қолдау көрсету деңгейін арттыру, көпбалалы отбасыларға демеуді күшейту, мүмкіндігі шектеулі адамдарға инклюзивті білім беру мүмкіндігін жақсарту бағыттарында жұмыс ;fk5fcelf7 Сонымен қатар партия зейнеткерлер мен әлеуметтік осал тұлғаларға жердемдесуге басымдық беретін болады.
Әлемнің барлық дамыған мемлекеттері халықтың әл-ауқаты экономикалық өсуге байланысты екенін дәлелдеді. Ал экономикалық өсу ең алдыменен білім сапасымен айқындалады. Яғни жастарымызға қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету – партияның негізгі стратегиялық мақсаты ретінде сақталады. Осы мақсатты орындау үшін «білім – оқыту» парадигмасынан «білім – тұлғаның қалыптасуы» парадигмасына көшу көзделіп отыр. Сонымен қатар Қазақстанның әрбір мектебінде IT-сыныптарды ашуға қол жеткізу, техникалық және кәсіби білім беруді дамыту, педагогтарға ақы төлеу деңгейін арттыру және барлық білім мекемелерін қамтамасыз етуде тең мүмкіндіктер жасау сияқты мақсаттар айқындалуда.
Cаяси құрылым қазақстандық медицинаның ең жоғары әлемдік стандарттарға сай болуын және қазақстандықтардың денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибеге тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Партияның «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасының төртінші бағыты бойынша инклюзивті экономикалық саясаты іске асырылуда.
Бағдарламаның бесінші бағыты бойынша «Қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау» шеңберінде партия мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесін аяқтауға қол жеткізе отырып, табиғи монополиялар саласында мемлекеттің реттеушілік рөлін өзектендіру арқылы негізделген және ашық тариф құруды, сондай-ақ, бизнесті мемлекеттің қолдау қағидаттарын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Алтыншы бағыт азаматтардың сапалы баспанамен қамтылуына қолдау жасауға арналса,
жетінші бағытта мемлекетік қызмет көрсету тиімділігін арттыруға негізделген.
Сегізінші бағытта партия ынтымақтастық пен жауапкершілік негізінде Қазақстан азаматтарын жалпыұлттық мәселелерді шешуге қатысуға ынталандыратын болады.
Ал тоғызыншы бағытта әлемдік үрдістерді ескере отырып, жастарды жан-жақты қолдау мен «Жас Отан» Жастар қанатының рөлін арттыру және Қазақстан жастарын Елбасы саясатының айналасына шоғырландыру мақсатына басымдық беріліп отыр.
Бағдарламаның оныншы бағытында партияның ұзақ мерзімді саяси жетекшілігін қамтамасыз ету көзделген.
Осы жұмыстардың барлығының түпкі мақсаты, ол партияның қоғам өміріндегі белсенді позициясын нығайта түсіп, оны жоспарлы түрде іске асыру болып табылады.
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражаты есебінен төленді