Яндекс.Метрика
Среда, 16 октября 2019   Подписка на обновления  RSS
Среда, 16 октября 2019   Подписка на обновления  RSS
Популярно
21:50, 20 июня 2019

ӨРШІЛ ЖОБАЛАР


Таразда жаңа баспаналар қалай салынуда

Кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында аймақ әкімдеріне олардың жұмыс сапасы азаматтардың тұрғын үйлермен қаншалықты қамтамасыз етілгендігіне байланысты бағаланатынын ескерткен болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, адамдарымыздың өмір сапасы мен деңгейі осыған тікелей байланысты. Сол үшін де «Нұрлы жер» және «7-20-25» сияқты бағдарламалар іске қосылып отыр. Осы бағдарламалардың арқасында Таразда тартымды жобалар жүзеге асырылуда. Тұрғын үй алаптарындағы құрылыс жұмыстары аймақ экономикасының барлық саласының дамуына игі ықпал етуде.

Заманауи қала

Таразда мемлекеттік бағдарламалар аясындағы тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қалада қатарынан екі мөлтек аудан тұрғызылуда.

«Тараз сити» (14-ші мөлтек аудан) өршіл жобасы бірнеше жыл бұрын жасалған болатын, мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы арқасында бүгінде оны жүзеге асыруға мүмкіншілік туып отыр. Мұнда шамамен көпқабатты 100 үй, театр, мектеп, балабақшалар, Неке сарайы, спорт нысандары, медициналық мекемелер, саябақтар болады.

Қазірдің өзінде мұнда бес қабатты он үй және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша типтік жобалармен жекеше үйлер салынып та қойды. Төмен қысымдағы желілерді, газ, шайынды су және су құбырлары желілерін тарту жөніндегі құрылыс жұмыстары аяқталды. 6,7 млрд. теңгеге газ, электр энергиясы, ауыз су жеткізілді.

Ал жаңа 15-ші мөлтек аудан Сүлейменов көшесінің соңында орналаспақ. Мұнда да байланыс және газ құбырлары тартылып, жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталып келеді.

Жаңа тұрғын үй алаптарында жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын подстансалар мен электр желілерінің құрылысы аяқталуда. Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметінше, елімізде «Нұрлы жер» мембағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері құрылыс қарқынының артқаны байқалады.

Баспана бақыты

Ал әзірше Таразда құрылысы аяқталған нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Мысалы жақында №13 «Бәйтерек» мөлтек ауданында жаңа үй пайдалануға берілді. Бақытты баспана иелеріне пәтер кілттерін тапсырған қала әкімі Қайрат Досаев жалдық-коммуналдық үйдің «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынғанын атап көрсетті.

Бұл көпқабатты үйде 15 екі бөлмелі, 30 үш бөлмелі және 15 бір бөлмелі пәтерлер бар. Үш бөлмелі пәтердің аумағы — 71,2 ш. м, екі бөлмелінікі – 58 ш. м, бір бөлмелінікі — 40 ш. м.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінде атап көрсеткендей, әлеуметтік әлсіз топтарға жататын көп балалы және толық емес, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған 31 отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар жаңа 12 пәтер жетім балаларға арналған. Қалған 17 пәтерге мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері орналасатын болады.

— Бұл үйдегі пәтерлер әлеуметтік қорғауға алынған азаматтарға жекешелендіру құқынсыз беріледі, — деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде. – Орташа есеппен бір отбасы ай сайын 5 500 — 6000 теңге жалдық ақы төлейді. Пәтерлердің құны орташа есеппен 8 — 11 миллион теңгені құрайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2016 жылы Үкімет  қазақстандық отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бірыңғай бағдарламасын жасаған болатын. Ол бойынша 15 жылда шамамен 1,5 млн шаршы метр қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бағдарлама сондай-ақ жеке құрылыс жүргізушілерді қолжетімді кредиттеу жағдайында тұрғын үй құрылысын жүргізуге ынталандыруға да бағытталған. Қазақстанда «Нұрлы жер» бағдарламасымен қатар тұрғын үй құрылысының тағы бірнеше бағыты жұмыс істеуде. Аймақта соңғы жылдары бірінші рет құрылыс жұмыстарының ауқымы 100 миллиард теңгеден асып, инвестиция көлемі үштен бірге өсті.

Қала қайда дамымақ?

Алайда бұдан әрі қайда дамуға болады? Тараз салыстырмалы түрде алғанда шағын қала, ал тұрғынжай салу үшін жаңа жер телімдері керек. Осыған байланысты облыс орталығында Тараздың аумағын жақын маңдағы екі аймақ  – Байзақ және Жамбыл аудандары есебінен ұлғайту мәселесі талқылануда. Сонымен қатар осыған орай туындайтын мәселелер де шешілуде.

Қалаға беру жоспарланып отырған облыс орталығына жақын маңдағы жерлердің аумағы Байзақ ауданында — 22 мың гектардан, Жамбыл аданында 61,5 мың гектардан астам.

Бүгінгі таңда проблема мынада болып отыр: жекелеген ауылдарда (Бурыл, Үлгілі, Сарыкемер, Бәйтерек, Ботамойнақ) ауыл аумағында тұрғынжай құрылысын ұлғайту қалалық әкімдік бекіткен тәртіпке сәйкестендірілмеген. Жеке аула шаруашылықтары жерлері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасына енгізілмеген. Мұндай проблемалар Жамбыл ауданында да бар.

Сонымен қатар, дейді қалалық әкімдікте, қаланың Аса өзеніне дейінгі батыс жағындағы, сондай-ақ Жамбыл, Көлқайнар, Бурыл және Қостөбе ауылдық округтерінің жерлері орналасқан солтүстік жағындағы аумақты ескерсек, облыс орталығының шекарасын тағы 33 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік бар.

Бүгінде қала жаңа тұрғынжай алаптарымен және мөлтек аудандарымен батыс және солтүстік-батыс бағыттарда дамуда. Облыс аудандарының есебінен бұрынғы дачалық алаптар қаланың аумағына кіріп кетті.

Тараз қалалық әкімдігінде атап көрсеткендей, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар бойынша «Құмшағал» алабында су құбырлары желісінің құрылысы, «Арай» дренажды сорап және жылу беру сорап стансасының құрылыстары жүргізілді. «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы дренаждық желілер, сорап және трансформаторлық станса, Тәуке хан көшесіндегі су құбыры қайта жаңғыртылуда.

Соңғы рет облыс орталығының әкімшілік шекаралары Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2010 жылы өзгертілген болатын. Ол жолы Тараздың ауқымы  Байзақ және Жамбыл аудандарының есебінен алты мың гектардай ұлғайған. Қаланың оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бөлігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, шаруа қожалықтарының және мемлекеттік қордағы жерлер енгізілді.

Тараз қаласының жаңа Бас жоспары жақын маңдағы аумақтардың қалақұрылысының кешенді сызбасын айқындады. Олар үшін тыңғылықты жайластыру жобалары жасалды.

Мәселен қаланың солтүстік-батыс бөлігінде тыңғылықты жайластыру жобасы бойынша Асқаров көшесінің соңындағы аумағы 312 гектарлық тұрғынжай алабында жекеше тұрғын үй құрылысы үшін 1 125 жер телімін орналастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар жобада тиісті инфрақұрылымдар – 420 орынды балалар бақшасы, 1 200 орынды мектеп, ауысымына 88 келушіге арналған емхана және басқа да әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандар қарастырылған.

Жекеше тұрғын үй құрылысы үшін тағы 524 жер телімін «Қарасай» тұрғынжай алабында 126,6 гектар аумақта орналастыру жоспарланған. Мұнда да әрқайсысы 180 орынды екі балабақша, 800 орынды мектеп, 400 келушіге арналған емхана, мешіт бар.

«Хамукат» алабындағы жекеше тұрғын үй құрылысы үшін тыңғылықты жайластыру жобасы 125 гектар алқапты алатын болады. Бұл телімде 562 жекеше үй, әрқайсысы 320 орынды екі балабақша, 900 орынды мектеп, ауысымына 100 келушіге арналған емхана, мешіт орналастыру жоспарланған.

Қаланың оңтүстік-батыс жағында «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» тұрғынжай алабтарының тыңғылықты жайластыру жобасы жасалған. Мұнда 1 104 жер телімі, 280 орынды балабақша, 600 орынды мектеп, ауысымына 86 келушіге арналған емхана орналасатын болады.

Аумағы 369 гектар «Көлтоған» тұрғынжай алабында жекеше тұрғын үй құрылысына арналған 1 579 жер телімін, 420 орынды балабақша, 1 200 орынды мектеп, ауысымына 198 келушіге арналған емхана орналастыру жоспарланған. «Арай» тұрғынжай алабында 75 пәтерлік бес қабатты 19 үй, жекеше тұрғын үй құрылысына арналған 200 жер телімі, ауысымына 500 келушіге арналған емхана, балабақша және басқа да әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандар қарастырылған.

Бүгіннің өзінде Бас жоспарды жүзеге асыру бағытында бірқатар қадамдар жасалған. Ал оған қалаға жаңа тұрғынжай нысандарын ғана емес, тиісті инфрақұрылымдарды да берген мемлекеттік бағдарламалар үлкен ықпал етіп отыр. Келешекте адам танымастай өзгеретін Тараз қазіргі заманғы еуропалық қалалардан кем түспейтін болады. Қала басшылығы алдында, міне, осындай міндет тұр.

СЭР журналы

Об авторе: Жанна Сулеймани


Добавить комментарий

Свидетельство о постановке на учет № 16334 – ИА выдано Министерством информации и коммуникаций РК 3 февраля 2017 года
Главный редактор - Ефимова Е. В.

© 2019 Эк-Спорт