Яндекс.Метрика
четверг, 18 июля 2019   Подписка на обновления  RSS
четверг, 18 июля 2019   Подписка на обновления  RSS
Популярно
11:34, 29 апреля 2019

Тараз қаласының әкімі қаланы аралап, тыныс-тіршілігімен танысты


Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қаланы аралап, тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды “Эк-спорт” ақпарат агенттігі.

Шаһар басшысы бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты. Мұнда атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдануда. Қала әкімі жұмысты оңтайлы ұйымдастыру үшін қызметкерлердің екі кезеңмен құжат қабылдауын, сонымен қатар нәтижелі жұмыспен қамтудың екінші тетігі бойынша шағын және орта бизнесін ашуға ниетті азаматтарды несиелендіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Одан кейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болды. Мұнда бөлім басшысы Г.Олжабаева қала әкімін бөлімнің жұмысымен таныстырды. Бүгінгі таңда бөлімге 4748 адам жүгінген. Олардың 1729 -на көмек тағайындалған. Жалпы қала бойынша 20000 –дай адам әлеуметтік көмек алады деп болжанып отыр. Қала әкімі бір адамның құжаттары бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізу үшін 4 минуттай уақыт кететіне көз жеткізді.


Келесі кезекте «Талас» (6) мөлтекауданындағы тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы арқылы жөндеуді қажет ететін 15 үйдің тұрғындарымен кездесті. Тұрғын үй «Еңбек» пәтер иелері кооперативі құрамында. Тұрғындар өз келісімдерін беріп, таңдау жасап « ИнтегралСтрой Laif» ЖШС-н таңдаған. Қала әкімі мердігерге көпқабатты тұрғын үйдің алдына балалар ойын алаңын салуды, есік алдын асфальттауды тапсырды.
Сонымен қатар бағдарлама бойынша күрделі жөндеуден өткен №9 үйдің жертөлесіне түсіп көрді. Мұндағы тұрғындар үйдің күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілгенін, ортақ үйлік жылу есептегіш құралдарын орнатқаннан кейін жылуға 2500-3500 теңге төліп отырғандарын қуана жеткізді. Қала әкімі тұрғын үй инспекциясына № 23 үйдің алдынан балалар ойын алаңшасын салып, оны 1 маусым балалар күніне пайдалануға берілуін тапсырды.
Қала әкімі Қ.Досав бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жақында қалада «І-көмек» бірыңғай коммуналдық диспечерлік қызметтің ашылатынын, ол үшін облыстық бюджеттен 82,0 млн теңге қаражат, арнайы ғимарат қарастырылып жатқандығын жеткізді. Қала әкімінің қаламен танысуы ертең жалғасады.

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

Свидетельство о постановке на учет № 16334 – ИА выдано Министерством информации и коммуникаций РК 3 февраля 2017 года
Главный редактор - Ефимова Е. В.

© 2019 Эк-Спорт