Яндекс.Метрика
вторник, 20 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS
вторник, 20 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS
Популярно
11:15, 05 июля 2018

«Тараз» ФК-ы команда Әнұранына байқау жариялады


«Тараз» КФК-ы барлық тілек білдірушілер арасында «Тараз» футбол клубы Әнұранының мәтініне байқау жариялайды, – деп хабарлайды “Эк-спорт” ақпарат агенттігі.

Ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар:

  1. Әнұран мәтіні қазақ тілінде болуы керек.
  2. Әнұран мәтіні қайырмасы оңай жатталатын екі шумақтан тұруы керек. Мәтін команданың спорттық рухын, оның футболдық дәстүрлерін, тарихи жеңістерін беруі тиіс.
  3. Мәтіннің музыкасының болуы қошталады.
  4. Мәтіні мен музыкасы еліміздегі және әлемдегі басқа футбол клубтарының сөздері мен әуендерін қайталамауы керек.
  5. Жеңімпаз Әнұран мәтіні мен музыкасының барлық құқығын «Тараз» КФК-ына беруі тиіс.

Өз туындыларыңызды үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейін «Тараз» ФК-ның  fc_taraz@mail.ru электронды поштасына немесе орталық стадиондағы баспасөз қызметіне жолдай аласыздар. Байқау жеңімпазы 50 000 теңге жүлдеге ие болады.

Ең бастысы – ол клуб тарихындағы тұңғыш Әнұранның авторы болады.

Ынталандыру сыйлықтары берілуі де мүмкін.

 

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

Свидетельство о постановке на учет № 16334 – ИА выдано Министерством информации и коммуникаций РК 3 февраля 2017 года
Главный редактор - Ефимова Е. В.

© 2018 Эк-Спорт