Басты мақсаты халықтың табысты өмір сүруі мен өңірлерді бәсекеге қабілетті және экономикалық тұрақты ету болып табылатын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы Жуалы жұртының да тұрмыс түзетуді мақсат етеді, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА. Партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтары турасында «ZOOM» платформасы арқылы азаматтық қоғам өкілдерімен онлайн кездесуде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлімбек Жұмабаев пен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлнар Мұсаханова сөз етті.
— Жуалы өңірінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Малға жайлы өріс, жері шұрайлы аймақта агросаланың жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына иек артады. Аталған бағдарламаға сай жаңа прогрессивті технологияларды енгізуді тиімді пайдалану, өндірістерді заманауи техникамен, цифрлық технологиялармен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту мүмкіндігіне қол жеткізеді. Алдағы 5 жылда партияның ықпалымен ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқаптың көлемі 25 мың гектарға дейін өседі. Сәйкесінше малды саны 110 мыңға және құстың 102 мыңға артады. Жалпы 2,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерді ұйымдастыру арқылы екі қолға бір күрек табады. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыларға қолжетімді бағада ұсыну үшін жыл сайын жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Партияның бастамасымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ «Nur Otan» әлеуметтік павильондар санын көбейтуге ұлғайтуға ықпал етеді. Жуалы ауданында «Көксай» қазақ ауылы» деп аталатын инвестициялық жоба іске асырылады, – деді кандидат Әлімбек Жұмабаев.
Облыстың өзге аудандары секілді жуалылықтар да партияның сайлауалды бағдарламасы арқылы елді-мекендерді газдандыру ісінің қарқын алатындығына бек сенімді. Сондықтан да олар «Nur Otan» партиясын қолдауға дайын.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді