Яндекс.Метрика
суббота, 4 июля 2020   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
9:42, 28 November 2019

Хабарландыру



Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Соңғы жылдары Бельгия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және тағы да басқа экономикасы дамыған мемлекеттерден азаматтарға жалақысы көп жұмыстар ұсынып, алдап кеткен алаяқтар қатары күн санап көбейіп келеді.    Олар виза рәсімдеу, жұмысқа рұқсат алу секілді қызметтерді жүзеге асыруға деп алдын ала төлем алып, сосын түрлі себептермен аталған қызметтерді орындаудан жалтарады немесе мүлдем байланысқа шықпайды.

Осыған орай, Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерде жұмысқа орналасу кезінде алданып қалмау мақсатында қызмет ұсынушы рекрутингтік агенттіктер туралы жан-жақты мәлімет жинап, заңдылығына мұқият назар аударуға, олар туралы пікірлер мен ақпараттарды  жіті тексеру керектігін ескертеді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2020 Эк-Спорт