Суббота, 2 ноября 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
12:28, 30 ноября 2023

РӘMIЗДЕР – КИЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ


Қазақстан Республикасы құрылғаннан бергі отыз жылдан астам уақыт аз мерзім емес, осы жылдар ішінде біз бір орында тұрған жоқпыз, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА. Қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан экономикада, мәдениетте, қоғамдық өмірде белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақстан қарышты қадамдармен барлық әлемдік катаклизмдерге қарамастан ілгерілеу мен өркендеу жолында келе жатыр. Бұл қозғалыстың айқындаушы бағытын Президенттің жыл сайынғы ел халқына Жолдауларынан көреміз.

Заңның төртінші бабында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы қай жерде және қалай көтерілетіні, орнатылатыны және орналастырылатыны заң тұрғысында айқындалған. Ғимараттарға тұрақты түрде орнатылатын Ту түнгі уақытта міндетті түрде жарықтандырылуы керек. Мемлекеттік ту орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдар алқаларының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа мәжіліс залдарында желбірейді. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ғимараттарының ашылуында, рәсімдер кезінде, салтанатты және спорттық іс-шараларда, білім беру ұйымдарында, оқу жылының ашылуы мен аяқталуында, елімізге мемлекеттік және ресми сапармен келген мемлекет, парламент және үкімет басшыларын қарсы алғанда желбірейді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Мемлекеттік рәміздеріміздің ішінде әнұранымыздың тарихы өте қызық (бұрынғысы да солай болатын). Ақын Жұмекен Нәжімеденов пен композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнінің авторларына үшінші автор қосылып кетті. Оған үшінші автордың мәтінді өзгеріске ұшыратуы себеп болған.

Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері, қасиет тұтып ардақтайтын киелі құндылықтары бар. Ол тарихи құндылықтарға дақ түсірмей күтіп ұстау, түпкі мән-мағынасын зерделеп жарыққа шығару, жастарға ұдайы насихаттау қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналғаны мәлім.

Атақты Шоқан Уәлиханов та «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде: «Қазақтар киеге үлкен мән береді», – депті. Халқымызда: «киіктің де киесі бар», «иттің – иесі болса, қасқырдың – тәңірі бар» деген мақал-мәтел бар. «Қазақ энциклопедиясында»: «Кие – қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін, жоғары тылсым күшін білдіретін ұғым», – деп жазыпты. Ендеше ол санаға ертеден сіңіп, қалыптасып қалғандықты білдіреді.

Мемлекеттік рәміздердің қаншалықты дұрыс немесе бұрыс қолданылғанын, орналастырылғанын жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Дәл солар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылуын, орнатылуы мен орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады.

Жамбыл облысында мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік рәміздердің қалай пайдаланылатынына белгілі бір тексерулер жүргізіліп тұрады, мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптарының бұзылу, белгіленген мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді пайдалану фактілері анықталады. Еліміздің мемлекеттік рәміздері, бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының құрмет сезімін, өз елінің жетістіктері мен мүмкіндіктеріне мақтаныш сезімін тудыруы тиіс.

 

Об авторе: Нагима Ажигулова


Добавить комментарий

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика