суббота, 27 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:48, 26 April 2018

«АТАМЕКЕН» ОҚУ СЕМИНАРЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ


«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын ұйымдастырушысы ретінде байқауға қатысушылар үшін оқыту семинарларының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Семинар конкурс материалдарын дайындау бойынша конкурстарға қатысушыларға кеңес беру мен әдістемелік көмек көрсетуді, байқаулардың өткізілу тәртібі мен Ережелерін түсіндіруді, сапа саласындағы халықаралық байқаулармен таныстыруды көздейді.

«Атамекен» ҚР ҰКП ниет білдіруші барлық шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілер өкілдерін семинарға қатысуға шақырады.

Семинарлар Кестеге сәйкес ағымдығы жылдың 15-мамыры мен 15-маусымы аралығында Астана, Алматы қалалары және 14 облыстағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарында өткізіледі.

Семинарларға қатысу үшін өтінімдерді міндетті түрде Кестеде көрсетілген байланыстар бойынша, өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жіберу қажет.

Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефоны:

8 7172 919 300 (ішкі 1838)

 

2018 жылғы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының өлшемшарттары бойынша өткізілу тәртібі және бағалау әдістемесі» тақырыбы бойынша оқыту семинары Тараз қаласын 31 мамыр өткізіледі.

 

 

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика