суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
22:00, 17 December 2020

Жамбыл облысында тұрғындар 5 мыңнан астам Туды балкондарына ілді


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыс тұрғындары «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджін қолдады, деп хабарлайды Эк-спорт АА.
Жамбыл облысының тұрғындары «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясына белсенді қолдау білдірді.  Аймақ тұрғындары туған жерге деген патриоттық сезімдерін білдіре отырып, тұрғын үйлердің балкондарына 5 мыңнан астам мемлекеттік Туды ілді.

Аталған акцияға этномәдени бірлестік өкілдері  мен жастар да ерекше атсалысты. Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудандарда автошерулер, флешмобтар және Мемлекеттік Туды қолдана отырып, түрлі патриоттық шаралар өтті.

Жамбылдықтар ел тұрғындарын мерейлі мерекемен әлеуметтік желі арқылы да құттықтауда. Олар Мемлекеттік Туға байланысты суреттер, бейнероликтер және естеліктерін #МеніңТуымМеніңОтаным! #МойФлагМояРодина! #Біздіңортақмереке #Нашобщийпраздник хештегтерімен жариялап, өз лебіздерін білдіруде.

«Барша қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Мерекеге орай «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджін қолдаймын. Тәуелсіздік оңай келе салған дүние емес. Сондықтан тәуелсіздіктің не екенін жастардың санасына сіңіру керек. Көк туымыз әрқашан биікте желбірей берсін. Әр
қазақ баласы үшін тәуелсіздіктен терең, азаттықтан асыл ұғым жоқ шығар. Мінеки, қаншама ғасыр армандаған көк туымыз көгімізде желбіреп тұр. Елбасымыз айтқандай, тәуелсіздікті қолдан ұшырып алу – бабалар аманатына қиянат. Сондықтан ұлт болып келер ұрпаққа тәуелсіздікті аман-есен табыс етуді Алла нәсіп етсін. Әр қазақтың шаңырағына береке, бірлік тілеймін. Елдігіміз жасай берсін!», – дейді қала түрғыны Ораз Кәрібаев.

“Әрбір мемлекеттің ұлы құндылықтары болады. Мемлекеттік рәміздерді осы санатқа жатқызуға болады. Мемлекеттік Туымызды көтеріп, арнайы мереке ретінде атап өтудің мақсаты – патриотизмді насихаттау, қазақстандықтардың Мемлекеттік Туға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. “, – дейді қоғам қайраткері Абдильда Султанов.

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

 

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика