Яндекс.Метрика
воскресенье, 20 сентября 2020   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
1:24, 06 April 2020

ТАРАЗ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛАДЫ


Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлықдәрігерінің қаулысымен облыс орталығыныңаумағында 2020 жылдың 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі.

1)Төменде көрсетілгендерді қоспағанда, барлықавтокөлік құралдарының және азаматтардың қалааумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады:

– медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдары;

– азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарды, бірінші кезекте қажетті тауарлардытасымалдайтын автокөлік құралдары;

– Тараз қаласының жедел штабы (тел: 43-15-16, 45-59-85) рұқсат берген тұлғалар мен автокөлік құралдары;

– тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін немесе кететінадамдар және медициналық көрсеткіштер бойыншакететін және келетін адамдар.

2) Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмысістейтін болады.

3) Төмендегі жағдайларды қоспағанда, адамдардыңжәне жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркінжүріп-тұруына тыйым салынады:

– жұмыс орнынан анықтама болған жағдайдатұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және керіжүріп-тұру;

– азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды жәнемедициналық бұйымдарды сатып алу;

– медициналық көмекке жүгіну;

– мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатындамемлекеттік мекемелерге бару;

– күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығынақауіп төндіретін басқа да жағдайлар кезінде.

Бұл ретте, отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелеткетолмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады.

4) Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы, оның ішінде көлікқұралдарын басқаруды жеке қорғану құралдарынпайдалану кезінде ғана жүзеге асыруға міндетті.

5) Азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, ветеринариялық дәріханаларды, бірінші кезекте қажетті тауарларды сату пункттерін, ауыл шаруашылығы техникасына арналғанавтобөлшектерді, ауыл шаруашылығы жануарларынаарналған жем-шөптерді өткізулерді қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, барлықазық-түлік емес тауарлар сауда нысандарының, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сатусалондарының, гүл павильондарының қызметітоқтатылады.

6) Барлық қызмет түрлерін көрсету орындарының, оның ішінде: банк бөлімшелері және ломбардтар, “Қазпочта” АҚ бөлімшелері, қонақ үйлер, сондай-ақдөңгелек монтаждауға арналған жеке тұрғанбокстарды (екіден көп емес) қоспағанда, техникалыққызмет көрсету станцияларының қызметі, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, хайуанаттарпарктерінің, мұз айдындарының, көрмелердің жәнеқызмет көрсету саласындағы өзге де осыған ұқсаснысандардың жұмысы тоқтатылады.

7) Мейрамханаларға, дәмханаларға, барларға, асханаларға және басқа да қоғамдық тамақтанунысандарына “тұтынушыларға жеткізіп беру” режимібойынша сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істеугерұқсат етіледі.

8) Меншік түріне қарамастан, мектепке дейінгі балалармекемелері мен білім беру, дайындық және дамытуорталықтарының қызметі тоқтатылады.

9) Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оныңішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, балалардың ойын алаңдарына және қалатұрғындарының өзге де демалыс орындарына баруынатыйым салынады.

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2020 Эк-Спорт