пятница, 19 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
23:49, 08 March 2020

Мереке қарсаңында 130-ға жуық әйел-полицейлер марапатталды


Жамбыл облысы Полиция департаменті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 130-ға жуық  әйел-полицейлерді құттықтады. Мерекеліксалтанатты марапаттау рәсіміне облыстық департамент аппаратының жеке құрамында қызмет ететін әйел полицейлер және  ІІО әйел-ардагерлері арнайы шақыртылды.

Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Құрымбаев шараны салтанаттытүрде ашып, Ішкі істер министрінің нәзік жандыәріптестеріне арнаған құттықтауын жеткізді. Р.Құрымбаев  өз құттықтауында, текті де қайсар қазақ әйелдерінің ерлерден кем түспейтін ерлікәрекеттерін айтып, тарихқа шолу жасай келе, бүгінгі қоғамдағы  нәзік жандылардың жауаптықызметтер атқарып отырғанын айтты. Әсіресе Ішкіістер органдарында ерлермен иық тіресе қызмет атқарып жүрген азаматшалардың темірдей төзіміне құрметін білдірді. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шара барысындағы шенді аруларды марапаттаурәсімінде, Ішкі істер министрінің бұйрығымен 6 қызметкер марапатталса, сондай-ақ,  Департамент бастығының бұйрығымен облыстық департамент аппаратының жеке құрамында қызмет ететін  130-ға жуық әйел қызметкерлер алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Атап айтсақ, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Меркіаудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция қызметін ұйымдастыру бойынша аға инспекторы полиция майоры Д.Омарова  «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен,  Облыстық департаменті Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының ерекше тапсырмаларжөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигіС.Райымбекова “Құрмет грамотасымен“, Таразқалалық Полиция басқармасы ЖПҚ кәмелетке толмағандар ісі бойынша аға учаскелік инспекторы полиция майоры Ш.Юсупова II- дәрежелі «ІІО үздігі» төсбелгісімен, Жуалы ауданы полиция бөлімі анықтау тобының анықтаушысы полиция капитаны М.Орынбек ІІМ-нің грамотасыменмарапатталса, Тараз қалалық Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің ақпарат және байланыстобының инспекторы полиция капитаны А.Алмерекова мен осы басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция ағалейтенанты З.Егембердиеваға Алғыс жарияланды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен  Жамбыл ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиця капитаны Н.Жумкин, Талас ауданы полиция бөлімінің ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты А.Ахатбекова, Байзақ ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты М.Умирбековаға арнайы ПД қолсағаттары берілді. Бұдан бөлек, ПД грамотасымен 25 және алғыс хатымен 88 әйел-қызметкер марапатталды.

Мерекелік іс-шараға сыйлы қонақ ретіндешақырылған отставкідегі ІІО-ның әйел ардагерлеріне Департамент басшылығы ерекшеқұрмет көрсетіп, алғыс хаттарын табыс етті.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика