Яндекс.Метрика
среда, 1 апреля 2020   Подписка на обновления  RSS
среда, 1 апреля 2020   Подписка на обновления  RSS
Популярно
8:44, 07 October 2019

Қала кәсіпорындары 183 млрд 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құрады


Тараз қаласының 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

 Өнеркәсіп

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында қала кәсіпорындары 183 млрд. 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2018 жылы – 154 млрд. 68,5 млн. теңге), физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құрады, леп хабарлайды “Эк-спорт” АА.

Өткен жылмен салыстырғанда 29 млрд. 929,9 млн. теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (357,9 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 514,1 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы –432,4 мың теңге).

Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

         – өңдеу өнеркәсібінде 149 млрд. 830,8 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,9% құрады (2018 жылы  – 117 547,1 млн. теңге);

         – кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 422,8 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 95,5% құрады (2018 жылы – 525,0 млн. теңге). Оның себебі «Жамбылгипс» АҚ-ы гипс өнімін 26,1%-ға  төмендеткеннен болып отыр;

         – электрмен жабдықтау, газ беру саласында 31 млрд. 832,4 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 101,5% (2018 жылы – 34 421,5 млн. теңге);

         – сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 1 млрд. 912,3 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 115,6%-ды құрады (2018 жылы  – 1 574,8 млн. теңге).

Химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауытын қоса алғанда, жалпы 94 млрд. 931,8 млн. теңгенің өнімдерін өндірген (2018 жылы – 70 774,6 млн. теңге) немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 24 млрд. 157,2 млн. теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады (2018 жылы – 45,7%).

Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 1 млн. 3,1 мың тоннаға өнім өндіріліп (2018 жылы – 807,1 мың тонна), өткен жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ: майда таратылған фосфор 41,3 мың тонна, сары фосфор  7,9 мың тоннаға, аммофос 50,8 мың тоннаға артса, натрий триполифосфаты 2,9 мың тоннаға,  фосфор қышқылы 3,3 мың тоннаға және азық трикальций фосфаты 6,5 мың тоннаға кеміген, фосфос калий тыңайтқышы өткен жылдың деңгейінде сақталған. Ал, күкірт қышқылын 2018 жылы өндірмесе ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 108,7 мың тонна өндірген.

         Тамақ өнеркәсібі саласындағы “Орта азиялық қант корпорациясы”   АҚ-ы – есепті кезеңде 22 млрд. 890,1 млн. теңгеге (2018 жылы – 12 034,3млн. теңге) 124,3 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі                 55,5%-ға өсіп отыр (2018 жылы – 79,9 мың тонна).

Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі үлесі 15,8% немесе 4 млрд. 776,1 млн. теңгені құрады (2018 жылы –22,6% немесе 6 млрд. 098,5 млн. теңге). Қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,8% немесе 1 млрд. 405,6 млн. теңгені құрады (2018 жылы – 19,8% немесе 1 568,9 млн. теңге).

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық – инновациялық даму  Мемлекеттік   бағдарламасы  аясында,  жалпы құны 35 млрд. 479,6 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылып, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.

             Ал, аталған бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде 2015-2018 жылдары 20 млрд. 124,5 млн. теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 360 жаңа жұмыс орындары ашылды. 

Есепті кезеңде Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2019 жылы жалпы құны 4 млрд. 47,0 млн. теңгені құрайтын  2 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобаларда қосымша 447 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде. Инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ:

– «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 млрд. 870 млн. теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

– «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2 млрд. 177 млн. теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орындары ашылуы күтілуде.

Ал, 2020 жылы жалпы құны 22 млрд. 251,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 264 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде.

  1. «СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу (полиэтилентерефталат рециклингу) бойынша зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 3 млрд. 860,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік.
  2. «Ekojer» ЖШС-гі – «Қоқыс өңдеу зауыты» жоба құны 17,5 млрд. теңге, жылдық қуаттылығы 100 мың тонна қоқыс, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы ««Ekojer» ЖШС-не уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» №254 Қаулысымен «Ekojer» ЖШС-не Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі жерінен американдық технология негізінде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін жалпы 20,0 гектар жер учаскесі 5 жыл уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен қысқа мерзімге берілген.

  1. “TARAZLING” ЖШС-гі сұйытылған табиғи газды (метан) өндіру. Жобаның құны – 891,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге жер қатынастары бөлімімен жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда.

Бұдан бөлек, 2019 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне қосымша 2 жоба ұсынылды. Олар:

  1. «Дәмді себет» ЖШС-ң «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жоба құны 320 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2160 тонна ұн өнімдері, 105 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр.
  2. «Тараз-Өнерпаз» ЖШС-ң «Тараз қаласының индустриалдық аймағында логистикалық, техникалық қызмет көрсету және арнайы техниканы, жолаушылар мен жүк көліктерін жөндеу бойынша өндірістік қызметті ұйымдастыру» жоба құны 120 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 504 көлікке қызмет көрсетіледі, 21 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр.

Ал, Қазақстанның индустриялды картасынан тыс, бір инвестициялық  жоба  іске асырылуда. Атап айтқанда:

– «GOODLOOK» ЖШС-нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысын жүргізу. Жобаның құны – 1 млрд. 264 млн. теңге, қуаттылығы жылына 160,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 36 бірлік.

Қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту мақсатында, Тараз қаласындағы айналма тас жолының бойында («Тараз металлугиялық зауыты» ЖШС-і жанынан) орналасқан 94,2 гектар жер теліміне индустриалды аймақ құру жоспарланып отыр. Аталған аймаққа инженерлік инфрақұрылым тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 29 тамызында №3034 Қаулысымен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөліміне тапсырма берілді.

Бүгінгі күнге индустриалдық аймаққа қызығушылық білдірген 9 кәсіпкер (жоба құны 6,253 млрд. теңге, жаңа жұмыс орны 548 бірлік) анықталып отыр.

Олар:

– “Достық” ЖШС 1,5 га жерге құю цехының құрылысы бойынша және металлдан жасалған жабдықтар мен бұйымдарды дайындау жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның шартты құны 283 млн. теңге, 60 жұмыс орнын ашуды көздейді;

– “Novacom technology” ЖШС 2 гектарға инфрақызыл сенсорлық әйнектер, ақпараттық дүңгіршектер, бақылау және қол жеткізу жүйелері (турникет), төлем терминалдары мен электрондық кезектер жүйелерін өндіру бойынша жобаны жүзеге асыруды көздейді. Жобаның болжамды құны 300 млн. теңге,  жұмыс орындарының саны 30 бірлік;

– ЖК «Шинбатшаев» 1 га жер телімінде былғары және былғарыдан бұйымдар шығаратын зауыт құрылысын жоспарлап отыр. Жобаның шартты құны 300 млн. теңге, 31 жұмыс орнын ашу көзделуде;

– ЖК «Елібай» 1,5 га жерге көкөніс сақтау қоймасы бар жеміс-көкөніс дақылдарын қайта өңдеу цехын, қант қызылшасының тұқымын қайта өңдеу цехын және құрама жем мен шөп, ұн өндіру цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның шартты құны 115 млн. теңге және жұмыс орындарының саны 9 бірлік;

– “Taraz Class” ЖШС 2 гектарда құрғақ құрылыс қоспаларын, гипс пен су эмульсиялық бояуларды өндіретін цехты кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобаның құны 50 млн. теңге, онда 15 жұмыс орнын ашуды көздейді;

– “Мир-Раш” ЖШС 4 гектарда құрылыс материалдарын, бетон бұйымдарын және гранитті өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отыр. Жобаның жоспарланған құны 600 млн. теңге, онда 30 жұмыс орны ашылады;

– ЖК “Танаш” 2 га жерге көкөніс қоймасын, құрылыс қолғаптарын, өзі кесетін (саморез) мен шеге шығаратын цех салуды көздеп отыр. Жобаның жоспарланған құны 105 млн. теңге және жаңа жұмыс орындарының саны 35 бірлікке дейін

– “KAZPLAST” ЖШС 2 гектарда тігін фабрикасының құрылысын жоспарлап отыр. Жобаның құны 1 500 млн. теңге.  Мұнда жұмыс орындарының саны 250 адамды құрайды;

– “Алель Агро” АҚ 5 гектардамал азығы зауытының құрылысын салу жоспарлап отыр. Жобаның құны 2 600 млн. теңге және жұмыс орындарының саны 60 бірлік;

– “Everlight Alto” ЖШС 2 гектарда сыртқы жарықтандыру құрылғыларының өндірісін салу жоспарлауда. Жобаның құны 400 млн. теңге және жұмыс орындарының саны 28 бірлік.

Республикалық бюджеттен инфрақұрылым тартуға (2,0 млрд. теңгеге дейін) қаражат қарастыру үшін 10,0 млрд. теңгеге жобалар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту   басқармасының  жанындағы Әлеуетті инвесторларға қызмет көрсету ораталығымен бірлесе «Қарапайым заттардың экономикасы» бағытын дамыту мақсатында,  бизнес-жобаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 млрд теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары мен тетіктері айқындалған. Оның 400 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, ал 200 млрд. теңгесі агро өнеркәсіп кешеніндегі өндіріс пен қайта өңдеуге бағытталмақ.  Жеңілдетілген несие бойынша екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 пайызбен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады, ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 пайызы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 8 және 5 пайызбен өтейді.  Бір айта кетерлігі аталған бағдарлама бойынша кредиттің ең жоғарғы сомасы шектелмеген. Бағдарлама бойынша халық  күнделікті тұтынатын 365-ке (67 ОКЭД) жуық тауарды өндіруге және көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған тауарлардың қатарында, костюм, көйлек, төсек жабындысы, шұлық, аяқ киім, кілем, үстел, орындық сынды тауарлар бар.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы қала әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 1333 кәсіпкерлердің тізімін жолдаған болатын. Бүгінгі таңда 899 кәсіпкерлермен сауалнама жүргізілсе, қалған 434 кәсіпкермен жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге кәсіпкерлік саласы бойынша 9,7 млрд. теңгеге 165 жоба «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасына ұсынылып, оның ішінде 4 жоба 205,0 млн. теңгеге қаржыландыру үшін мақұлданды. Олар: ЖК «Қылышбекова» мал өсіруге 50,0 млн. теңге,  ЖК «Кожабекова» тон тігуге 110 млн. теңге, ЖК «Жумабекова» балабақша ашуға 18 млн. теңге, «Мark of perfeсtion» макарон өндірісін шығаруға 27 млн. теңге. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда 40 жаңа жұмыс орнын ашылатын болады. Қалған 161 жобаны «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы тарапынан екінші деңгейлі банктерге ұсыну үшін зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, қалған 734 жоба кепілге қоятын мүліктің болмауы, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің сай келмеуінен  және бір жобаның екі рет қайталануына байланысты кері қайтарылған.

         Жалпы Тараз қаласының өнеркәсіп саласына тиесілі жер телімі 4297 гектарды немесе қала аумағының 22,9 пайызын құрайды. Бұл жерлердегі пайдаланушылар саны 3400 бірлікке жетті. Тараз қаласының өндірістік аумағының (Төле би, Ниетқалиев, Исатай, Сүлейменов және Әл-Фараби көшелері бойынша) картасы әзірленіп, 1487 гектарды құрайтын 379 жер иеленуші кәсіпкерлердің картасы жасақталды. Ол жерлерде, инвентаризациялау жұмыстарының нәтижесі бойынша 209,2 гектарды құрайтын 21 нысанның өндірістік қызметі тоқтап, тиісті жер телімдерінің бос тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, Сыпатай, Мәмбет батыр көшелеріндегі 217 гектарды құрайтын 209 жер пайдаланушылар саны бар болса, онда 28,1 гектарды құрайтын 8 бос өндіріс нысандары анықталды.

Есепті кезеңде ауылшаруашылық саласында 2 млрд. 913,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады (2018 жылы – 2 879,7 млн. теңге). Оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша  924,3 млн. теңгеге (2018 жылы – 827,5 млн. теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 1 млрд. 766,7 млн. теңгеге (2018 жылы – 1 801,9 млн. теңге) өнім өндірілген.  Осы сала бойынша ірі қара мал – 263 басқа немесе 5,8%-ға (2018 жылы – 4545 бас, 2019 жылы – 4808 бас), жылқы 2 басқа немесе 0,2%-ға (2018 жылы – 1134 бас 2019 жылы – 1136 бас), ешкі – 47 басқа немесе 6,2%-ға  (2018 жылы – 756  бас, 2019 жылы – 803 бас), үй құстары 27 840 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 710 басқа өсіп отыр (2018 жылы – 27 130 бас, 2019 жылы – 27 840 бас). Ал, қой – 345 басқа немесе 4,6%-ға (2018 жылы – 7546 бас, 2019 жылы – 7201 бас), шошқа – 123 басқа немесе 8,3%-ға (2018 жылы – 1481 бас, 2019 жылы – 1358 бас) төмендеген. Сондай-ақ сүт өндіру 1,4 тоннаға немесе 0,1%-ға (2018 жылы – 3562,6 тонна, 2019 жылы – 3564 тонна), ет өндіру 0,9 тоннаға немесе 0,3%-ға (2018 жылы – 268,2 тонна, 2019 жылы –269,1 тонна), ал жұмыртқа 1,0 мың данаға немесе 0,1%-ға өсіп отыр (2018 жылы – 1460,8 мың дана, 2019 жылы – 1461,8 мың дана) қалыптасып отыр.

Қала аумағында жылыжай шаруашылығымен жалпы аумағы 0,87 га құрайтын «Рамазан» шаруа қожалығы айналысады. Қазіргі таңда шаруа қожалығықызанақ пен қияр көшетін отырғызып, күздік өнім алу жұмыстарын жүргізуде. Келешекте 0,87 га жерді 1 га дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде қалада ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен 98 цех пен кәсіпорындар жұмыс істеуде, олардың басым бөлігі шұжық, кондитерлік және наубайхана цехтарына тиесілі. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны – 2158 адамды құрайды.

Жалпы қалада шаруа қожалықтарының жерлері 591 га құрайды. Онда 186,6 га жерге көкөністер, картоп 3,0 га, дәнді май және бұршақты дақылдар 25,9 га, қант қызылшасы 20,0 га, көп жылдық шөп 93,8 га және мал азығы дақылдары 261,5 га жерге егілген.

Ветеринария саласында – 2019 жылдың басынан 4250 бас МІҚ, 6800 бас УАҚ,  950 бас шошқа,  600 бас жылқы, 22500  бас ит, 2200 бас мысық және 31000 бас үй құстары тіркеуге алынып, оларға  эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізу үшін бюджеттен 32,0 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңде 21,0 млн. теңгесі игеріліп, бұл қаражатқа жануарларды қауіпті ауруларға қарсы вакциналау және диагностикалық жұмыстарға керекті вакциналар алынып, жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта сібір жарасы ауруына қарсы 3300 бас МІҚ, 5000 бас УАҚ, 400 бас жылқы, 800 бас шошқа, аусыл ауруына қарсы 4700 бас МІҚ, 9000 бас УАҚ, 1000 бас шошқа, лептоспироз ауруына қарсы 200 бас шошқа, қарасан ауруына қарсы 2000 бас МІҚ, туберкулез ауруына қарсы 5000 бас МІҚ, 500 бас шошқа, маңқа ауруына қарсы 200 бас жылқы, оба ауруына қарсы 3000 бас УАҚ мал, күл ауруына қарсы 6300 бас УАҚ, сүйел ауруына қарсы 1000 бас УАҚ, эхинококкоз ауруына қарсы 49000 бас ит, құтыру ауруына қарсы 17000 бас ит, 1900 бас мысық және тейлериоз ауруына қарсы 2000 бас МІҚ егілді.

2019 жылға егеуқұйрықтарды жою жұмыстарына 11,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Егеуқұйрықтарды жоюға өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Гарант» дезинфекциялық орталығы ЖШС-гі электронды сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз болып анықталды. Бөліммен келісім-шартқа отырып, қазіргі таңда Тараз қаласы аумағындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен қоқыс тастайтын контейнерлерге  дератизациялау жұмыстарын жүргізуде.

2019 жылға қаңғыбас иттер мен мысықтар ұстап жоюға жергілікті бюджеттен 20,4 млн. теңге қаражат  бөлінсе, есепті кезеңде 16,3 млн. теңгесі игеріліп,  7571 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ұсталып жойылды (2018 жылы – 7806  бас қаңғыбас ит пен мысық).

«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын-алу мақсатында қажетті препараттарды алу үшін қалалық бюджеттен 7,3 млн. теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын-алу мақсатында қажетті препараттар алынып, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Заласыздандыру жұмыстарының I-ші кезеңінде ауылшаруашылық малдарына, оның ішінде 565 бас МІҚ, 243 бас жылқы, 1215 ит, 3097 ұсақ малдарына, 4309 аула, жалпы көлемі 1 млн. 97,8 мың шаршы метр қора-жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі                    48  млрд. 131,5 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 112,7% құрады  (2018 жылы – 41 млрд. 59,1 млн. теңге). Халықтың жан басына шаққандағы (358,2 мың тұрғын) негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 134,5 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы – 115,2 мың теңге).

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдар –  22 млрд. 873,5 млн. теңгені құрап, 30,5%-ға (2018 жыл – 17 523,7 млн. теңге), шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 23 млрд. 568,3 млн. теңге немесе 2,7%-ға (2018 жыл – 22 949,4 млн. теңге), банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 1 млрд. 689,7 млн. теңгені құрап, 2,9 есеге өскен (2018 жыл – 586,3 млн. теңге).

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 141 млрд. 766,9 млн. теңге (2018 жылы – 132 275 млн. теңге) немесе  нақты көлем индексі 101,3% құрады. Көтерме сауда тауар айналымы  108 млрд. 621,3 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 113,2%-ға орындалды (2018 жылы – 90 339,6 млн. теңге).

Қалада қазіргі уақытта 35 273 кәсіпкерлік  субъектілері тіркелсе (2018 жылы – 31 829),  оның ішінде 28947 жеке кәсіпкер,  6164 шағын, 30 орта және 132 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 26 950 (2018 жылы – 22 536), оның ішінде жеке кәсіпкер – 22757, шағын – 4045, орта – 29 және шаруа қожалығы – 119 құрайды.

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 21,4% немесе 6 млрд. 463,8 млн. теңгені құрады (2018 жылы – 21,1% немесе 5 681,3 млн. теңге). Қала бюджеті бойынша  шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 21,2% немесе 2 млрд. 333,4 млн. теңгені құрады (2018 жылы – 22,0% немесе 1 743,9 млн. теңге).

          “Бизнестің жол картасы – 2020” бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында субсидия тетігі бойынша 1 млрд. 241,0 млн. теңгеге 15 жоба және кепілдендіру тетігі бойынша – 238,4 млн. теңгеге 44 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, Несиелендіру «Береке 3» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде 721,0 млн. теңгеге 21 жоба және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша                          1 млрд. 143,3 млн. теңгеге Тараз қаласы бойынша 97 жоба қаржыландырылды.

2019  жылдың мамыр айында облыс бойынша аталған бағдарлама аясында грант тетігін қаржыландыруға 15 млн. теңге бөлінді. Грант тетігі бойынша кәсіпкерлерден байқауға қатысуға құжаттар мамыр айының  4-нен бастап 24 маусымға дейін 18 жоба қабылданды. Жамбыл облыстық  Аймақтық Үйлестіру Кеңесімен 29 маусым күні байқау өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша Тараз қаласынан 4 жоба 8,0 млн. теңгеге: Жеке кәсіпкер «Алике» құлпынай өсіруге жылыжай үшін 2,0 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Нұрлан» арнайы құралдар жасау үшін 1,5 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Energy» электр тоғын үнемдейтін құралдар шығару үшін 1,5 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Ecosystem services» арнайы құрал-жабдықпен сорланған жерлердің құнарлығын арттыру үшін  3,0 млн. теңге грант ұтып алды.          «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант тетігі бойынша жастар жылына байланысты Республикалық бюджеттен 21 млн. теңге, облыстық бюджеттен 303 млн. теңге қаражат барлығы Жамбыл облысы бойынша 324 млн. теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде 109,2 млн. теңгеге 47 жоба Тараз қаласының жас кәсіпкерлері ұтып алды.

Заңды тіркеліп, кәсібін жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында, облыс әкімі А.Мырзахметовтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, қаладағы заңсыз орналасқан және құжаттарының мерзімдері өтіп кеткен 140-тан аса дүңгіршектер мен павильондардар анықталып, бүгінгі күнге 109-ы алынып тиісті жұмыстар ары қарай жалғасуда. Заңсыз контейнерлік дүңгіршектер мен сауда нүктелерінің орнына, типтік коммерциялық дүңгіршектерді «Тараз» ӘКК ҰК АҚ-ның тетігі арқылы  конкурстық негізде орнату бойынша 5 рет аукцион өткізіліп, 26 жер учаскесі жеке тұлғаларға берілсе, 23 жер учаскесінің құжаттары дайындалып аукцион арқылы жеке тұлғаларға берілетін болады. Мұндағы міндетті шарттың бірі, қатысушыларға ұсынылатын  сауда нүктелерінің эскиздері бірыңғай сәулеттік стильде болуы тиіс.

2019 жылдың қаңтар – тамыз  айларында инфляция деңгейі  3,0%-ды құрады (оның ішінде: азық-түлік тауарлары – 6,0%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 2,7%-ға өссе,  ақылы қызметтер тарифі – 0,6%-ға төмендеген).

Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 33 көрсеткішіне сәйкес, қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда орта есеппен 23 көрсеткіш бойынша 5,8%-ға төмендеп, 4 көрсеткіш 11,2%-ға өскен (ол: нан 1-ші сұрыпты, сиыр еті, қой еті, пияз және сәбіз). Ал қалған 6 көрсеткіш сол деңгейде қалып отыр.

2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 30 млрд. 204,6 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 113,0%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке  9 млрд. 18,3 млн. теңге немесе 111,2%, жергілікті бюджетке – 21 млрд. 186,3 млн. теңге немесе 113,8%. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық бюджетке – 10 млрд. 179,5 млн. теңгеге немесе 108,7%-ға, ал қалалық бюджетке 11 млрд. 6,8 млн. теңгеге немесе 119,0%-ға орындалды. Ағымдағы жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жыл басында бекітілген жоспармен салыстырғанда 106,2 пайызға жеткізу межесі белгіленген. Жалпы 2019 жылға бекітілген жоспар 9 млрд. 733,0 млн. теңгені құрайды.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуі 99,4%-ды құрады, төлемдер жоспары 49 млрд. 150,3 млн. теңге болса, игерілуі 48 млрд. 841,6 млн. теңге, немесе игерілмеу – 308,7 млн. теңгені құрады.  (2018 жылы – 1 707,2 млн. теңге игерілмеген немесе 95,5 пайызды құраған).

Игерілмеген қаражаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері кескінінде төмендегі мәліметтермен сипатталады:

Қалалық құрылыс бөлімі бойынша 240,6 млн. теңге игерілмеу қалыптасқан. Оның ішінде:

–        87,6 млн. теңге РБ-тен Арай массивінің 14 га орамішілік автомобиль жолдарының, тротуарлардың, сыртқы жарықтандырудың, арық желілерінің құрылысы және тұрғын үй кешенін абаттандыру бойынша үнемделген қаражат;

          –        121,8 млн. теңге ОБ-тен Тараз қаласы Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу. №2 жер телімі, 2 белгі (мердігер ЖХСИ) бойынша мердігер тарапынан атқарылған жұмыстар актісі (Ф2) ұсынылмаған;

          –        21,2 млн. теңге РБ-тен Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу бағдарламасы бойынша өтінім берушілердің тіркеу кезінде жеке тұлға емес жеке кәсіпкер болып шығуына байланысты қалыптасқан.

Қалған 15 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен – 63,4 млн. теңге  нақты шығынның жоспардан кем болуына байланысты игерілмеу қалыптасқан.

2019 жылы әлеуметтік салаға 35 млрд. 775,7 млн. теңге немесе қала бюджетінің 49,9% бағытталды. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 4 млрд. 319,6 млн. теңге қарастырылған (2018 жылы – 2 млрд. 23,1 млн. теңге).

2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында 2 млрд. 446,2 млн. теңгеге 10242 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2804 отбасына 113,2 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі, 7438 отбасының 37184 адамына 2 млрд. 333,0 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді.                          Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 3875 азамат қамтылды, оның ішінде мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға 1727 адам,  әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адам, жастар тәжірибесі бойынша 323 адам және қоғамдық жұмыс орындарына 709 адам, қысқа мерзімді кәсіптік курстарға 905 адам, шағын несие беру бойынша 9 адам және инфрақұрылымдық жобалар бойынша 171 адам орналасқан. Осы жұмыспен қамтылғандардың ішінде 1727 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.

Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 4615 адам өтініш білдірсе, оның 2961 адамы жұмыспен қамтылды немесе 64,2% (2018 жылы 3095 адам 65,8%). 2019 жылға қоғамдық жұмыстарына 186,3 млн. теңге бөлініп, 630 адам жолдануы жоспарланған. Осы жылы қоғамдық жұмысшылардың жалақысы 56350-63750 теңгені құрайды. Ағымды жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 709 азамат қатыстырылды.

Бүгінгі күнге зейнеткерлер саны 45 898 адамды құраса, мүгедектердің саны 16 330 адам. Оның ішінде I- топ – 1473, II – топ – 6675, III топ – 5523 және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 2659 адамды құрайды.

2019 жылы  мүмкіндігі шектеулі 75 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, қаңтар-тамыз  айларында 176 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде: ақылы қоғамдық жұмыстармен – 37 адам, жастар тәжірибесімен – 12 адам, 76 адам тұрақты  жұмыспен және қысқа мерзімді оқумен – 51 адам қамтылды.

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ды, ең төменгі күн көріс деңгейі 27 840 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 131 458 теңгені құрады.

2019 жылға «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 217,6 млн. теңге қаржы қарастырылып, 1571 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, ағымдағы жылдың 8 айында 1305 адам  қамтылды немесе 55,8%.

Бағдарламаның І-ші бағыты «Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер және дағдылар» қысқа мерзімді кәсіптік оқу тетігі бойынша облыстық бюджет есебінен 136,6 млн. теңге бөлініп,  960 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда сұранысқа ие 30 мамандық бойынша 987 адамның тізімі жинақталып, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 517 адам жолданды.

Ал, ІІ бағыт бойынша 2019 жылға республикалық бюджеттен шағын несиелендіруге 801,0 млн теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күні 9 азаматқа 113,9 млн. теңгенің шағын несиесі берілді.

Бағдарламаның III бағыты бойынша жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін  республикалық бюджеттен 75,7 млн. теңге қарастырылып, 200 жас түлек тартылуы жоспарланған, айлық жалақылары 63,1 мың теңге, жыл басынан бүгінгі күнге дейін 323 жас маман жолданды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 5,3 млн. теңге бөлініп, 25 адамды қамту  жоспарланса, ағымдағы жылдың басынан 31 адам жолданды.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек аумақтық учаскелік комиссиясының шешімімен тағайындалып төленуде. 2019 жылдың маусым айына табыстары кедейшілік деңгейінен төмен 7438 отбасының (1779 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 5659 отбасына шартты ақшалай көмек) 37 184 адамына 2 млрд. 333,0 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмегінің орташа мөлшері 4 есе өсіп, өтініш берушілердің саны 10,5 есеге көбейді.

Табыстары кедейшілік шегінен асып кетуіне және толық мәлімет бермеулеріне байланысты 3554 өтініш берушілерге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады.

Ағымдағы жылы көпбалалы отбасыларына кемінде 3 бөлмелі пәтердің көлемі 60 – 90 шаршы метрден кем болмайтын, сомасы 8 млн. 400,0 мың теңгеден аспайтын, 142 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 1 млрд. 191,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылдан бері Тараз қаласында 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын жұмыскерлері бар кәсіпорындар мен ірі кәсіпорындардағы жұмыскерлердің жалақысын көтеру бойынша 33 114 жұмысшысы бар 510 кәсіпорын жалақысын көтерді. 2019 жылдың басынан 42500 теңгеден төмен жалақы төлеген 335 кәсіпорын анықталған. Аталған мәселе бойынша Тараз қаласы әкімдігімен аталған кәсіпорындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында 218 кәсіпорынның төмен жалақыны төлеу себептері анықталып, кәсіпорындар тарапынан жалақыны көтеру жоспарлануда.

Жалпы Тараз қаласында бүгінгі күнге 4923 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса оның 1101 кәсіпорыны еңбек ұжымдарында  ұжымдық шарттарға тұрған немесе 22,4 пайызды құрап отыр.

Қаладағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеппен 1 кешкі мектебінде жалпы 70 969 бала жаңа оқу жылын бастаса, оның ішінде күндізгі мектептерде 70 717 оқушы және кешкі мектепте 252 оқушы. Оның ішінде арнайы сыныптарда түзете-дамыту оқыту бағдарламасымен – 265, инклюзивті біліммен –171, үй жағдайында 647 оқушы біліммен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3814 балаға өскен (2018 жылы – 67 155 бала). Мұғалімдер саны 5911 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, 186 мектеп алды даярлау сыныптарында 3672 бала білім алуда (2018 – 2019 оқу жылында – 185 сынып, 3897 бала).

2019 жылы жалпы білім саласына 28 млрд. 308,0 млн. теңге бөлінді немесе 2018 жылмен салыстырғанда 18,4%-ға жоғары болып отыр. Жалпыға міндетті білім беру қоры шығындары есебінен аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына 2019 жылға 1 млрд. 273,8 млн. теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 11566 (2018 жылы – 10848 оқушы) баласының тегін ыстық тамағына – 722,2 млн. теңге, киім-кешекке 375,3 млн. теңге, жазғы мектеп жанындағы лагерьлерге 35,8 млн. теңге (7966 балаға), жазғы сауықтыру лагеріне 140,4 млн. теңге қарастырылған (3600 балаға).

Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №810 қаулысымен тегін ыстық тамақтың құны, бір балаға  450 теңге болып бекітілді.   Мектептердегі модификациялы сыныптардың саны 115 бірлікті құрады. Оның ішінде химия – 22, физика – 24, биология – 24, лингафондық немесе мултимедиялық сыныптар – 45. Сондай-ақ 60 мектеп бейне бақылаумен, 59 білім мекемесі 393 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Қаладағы 60 мектептің барлығы кең жолақты интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ, қала маңындағы ара қашықтығы 3 шақырымнан асатын саяжайлардан 2232 оқушы 7 мектепке (№19,21,50,55,56,57,59) 17 автокөлікпен тасымалданады. Осы мектептердегі оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 452-ге өсіп отыр. Осыған байланысты, 2 мектепке  2 автобус (№55 орта мектеп және №21 орта мектепке) сатып алуға 28,9 млн. теңге қаржы қарастырылып, автобустар сатып алынды.

Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын нығайту мақсатында 2019 жылы №41 гимназияға биология кабинетін алуға 5,7 млн. теңге, №11 мектепке физика кабинетін алуға 7,1 млн. теңге, №18 мектепке химия кабинетін алуға 6,6 млн. теңге, 28 мектептің пандустарын талаптарға сәйкестендіруге 31,2 млн. теңге, 10 мектепке роботтехника кабинетін алуға 87,8 млн. теңге және  16 мектептің бейнебақылауын жаңартуға 55,2 млн. теңге қаражат қарастырылып, конкурстық жұмыстар жүргізілуде.   Сонымен қатар, №5, 45, 51, 54 мектептерден IT сыныптарын ашуға жергілікті бюджеттен 44,6 млн. теңге қарастырылды. Мектептен тыс техникалық шығармашылық орталығынан технопарк ашуға 14,8 млн. теңге бөлінді.

2019 жылы жалпы білім беретін 55 орта және 1 кешкі мектептің 11 сыныбын барлығы 2144 оқушы (күндізгі мектептерде -2042, кешкі мектепте -102) бітірді.

«Алтын белгі» иегерлері -59, үздік аттестат иегерлері – 48, негізгі орта білім туралы үздік аттестат иегерлері – 270.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілердің саны 2144 оқушыны құраған, оның  1346 түлегі  (61,8%) ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірсе, нақты 1324-сі тестілеуге қатысты. 22 түлек өз еріктерімен тест тапсырудан бас тартқан.            Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 99,05 84,3 болып, 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14,75  балға артты (2018 жылы – 84,3). Жалпы ҰБТ қорытындысы бойынша  557 түлек 100 ден жоғары балға қол жеткізген.  Оның ішінде, ең жоғары 137 балл алған – 1 түлек(№8 гимназия),130 балдан жоғары алғандар – 27 түлек, 100 балдан жоғары алғандар – 529 түлек.

Мектепке дейінгі білім мекемелеріне кезекке қою мен жолдама беру қызметін автоматтандыруды іске асыру мақсатында 14,1 млн. теңге және 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау қызметіне 18,0 млн. теңге қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап, баланы балабақшаға кезекке қою және жолдама беру (edugarden.kz), 1-сыныпқа қабылдау және лагерьге жолдама беру (eduschool.kz) қызметтерін онлайн алуға болады.

Есепті жылы №№8, 12, 14, 39, 52, 50, 57, 15, 23 мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 26,9 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, кейбір мектептерде басқада күрделі мәселелері шешуді қажет етеді. Олар, №22 мектепке акт залы мен асханаға арналған және №7 мектепке акт залы мен 5 сынып бөлмелерге арналған жапсарлас ғимараттарының құрылыстары. Бұл мәселелер бойынша жобалық сметалық құжатамаларды әзірлеу жұмыстары осы жылы басталып, құрылыс 2021 жылы жүргізу көзделуде.

Облыс деңгейінде бекітілген білім нысандары құрылысының Жол картасына сәйкес:

–        «Шалғай-Қарасу» және «Барысхан» тұрғын алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің және «Казарма» алқабында 180 орынды мектептің құрылыстары;

–        2021 жылы «Арай» және «Қайнар» алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің құрылыстары жоспарлануда.

Аталған нысандар бойынша қазіргі таңда жобалық-сметалық құжатамалары әзірленуде.

Ал, №1 лицейге 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан шықты. 2020 жылы  жоғары тұрған бюджетке ұсынылатын болады.

Қалада 64 мемлекеттік және 69 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, онда 19 451 бала тәрбиеленуде. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру, тәрбиемен қамту 79,6% болса (2018 жылы – 69,1%), 3 пен 6 жас аралығындағы баларды қамту 98,0% құрайды (2018 жылы – 94,9%).

Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 69 жекеменшік ұйымдарында 6032 бала тәрбиеленуде немесе 31,0%. Кезекке тіркелген балалар саны 18177, оның ішінде  3-6 жастағылары – 392 бала.                                 2019 жылға жоспарланған 1454 орынның орнына 1534 орын ашылды (80 орынға артық орындалды).

Осы мақсатта мемлекеттік білім беру тапсырыстарынан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тетіктері іске асырылатын болады.

Қазіргі кезде, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында сенімгерлік басқаруға беруге 11 нысанның тиісті құжаттамалары жоғары уәкілетті органға ұсынылды, атап айтқанда:

№6 орта мектептің асханасы (Отеген батыр көшесі,47);

          №11 орта мектептің асханасы (Акылбеков көшесі,2);

          №13 орта мектептің асханасы (Қазыбек би,47 );

          №20 орта мектептің асханасы (Крылов көшесі, 1);

          №23 орта мектептің асханасы (Сухамбаев көшесі, 20);

          №27 орта мектептің асханасы (Жібек-жолы көшесі, 104А);

          №31 орта мектептің асханасы (Тонкуруш көшесі, 14);

          №32 орта мектептің асханасы (К.Жалаири көшесі, 31);

          №36 орта мектептің асханасы (Ақбұлақ м.а., 31);

          №50 орта мектептің асханасы (Мәмбет батыр,25А);

          №25   бала-бақша    (жобалық сыйымдылығы 64 орындық).

Облыстық білім басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін хабарлама беруді жоспарлап отыр.

          Құрылыс жұмыстарының көлемі 20 млрд. 9,4 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 103,0%-ды құрады (2018 ж. – 18 687,5 млн. теңге).  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд. 321,9 млн. теңгеге артып отыр.

2019 жылы мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 30 млрд. 707,8 млн. теңгеге 101 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған, оның ішінде 22 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.

Ағымды жылы «өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында төмендегі жобалар жүзеге асырылуда:

– Кирпичник, Қант зауыты және Барысхан аумағындағы алқаптарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тарқыштың құрылысы 2020 жылы аяқталады;

– «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы аяқталды;

– №8,9,10,11 мөлтек аудандарын және “Көктем” алқабын үздіксіз ауыз сумен қамту үшін Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде;

– Шалғай Қарасу алқабының Модарбеков көшесі, Молдарбеков көшесінің 2-ші бұрылысы, Центральная көшесі, Центральная көшесінің 1-ші бұрылысы су жүйелерінің құрылысы бойынша «Тараз Су» КМК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 100,0 млн. теңге қарастырылып, 2020 жылы аяқтау көзделуде;

– Ағымды жылы құрылысы аяқталатын 4-ші Тараз энерго орталығынан басталатын М-2-ші және М-4-ші жылу магистральдарінің қайта жаңғырту;

– «Арай» көпқабатты тұрғын алқабының жолдары мен тротуарлары, сыртқы жарықтандыру,  арық желілерінің құрылысы, тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру;

– «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу құрылыстары.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда  10 мың 300 отбасына арналған 280 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-ші мөлтек ауданыңың құрылысы жүргізілуде. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұдан басқа 80 және 60 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 80 пәтерлі арендалық 11 тұрғын үйдің құрылысын бастауға қала бюджетінен 22,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.

Аталған бағдарлама аясында, «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта соғылатын 14-ші мөлтек ауданында 5 460 отбасына арналған 9 және 12  көпқабатты 49 тұрғын үй жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары 2019 жылдың қыркүйек айында аяқталатын болады. Жалпы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылы толығымен аяқтау жоспарлануда.

Ал, аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде қаламызды көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Атап айтқанда, бұрынғы «Атшабар» аллеясы «Жастар аллеясы» болып өзгертіліп, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллалары және заманауи су бұрқақтар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға үлкен LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Жеңіс мейрамы қарсаңында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, үстіміздегі жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясын (арбат)  абаттандыру мен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады.

Бұдан бөлек, Шахристан» тарихи кешенінде өлкетану мұражайының,   көрме павильонының, «Руханият» орталығының, көркемдік бейнелеу өнері, қол-өнер шеберлері галереясының және «Ретро-фестиваль» амфитеатрының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Осы нысандармен қатар, тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары басталады.

Қазіргі таңда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 181,5 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 117,1%-ды құрады (2018 ж. – 155,0 мың шаршы метр). Есепті кезеңде қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны – 17 643 адам болып отыр (оның ішінде:  көп балалы отбасылар – 1489, 29 жасқа толмаған жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар – 1935;  әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар – 8513;  мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлер – 5706).

Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта республикалық бюджет есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үйлердің және облыстық бюджет есебінен 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы 15-ші мөлтек ауданында 80-пәтерлі 10 несиеге берілетін  тұрғын пайдалануға берілді.  Сондай-ақ, аталған алқапта, жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60-пәтерлі 11 кредиттік үйлердің құрылыстары жүргізіліп жатса, тағы да 80 пәтерлі 11 арендалық тұрғын үйдің құрылысын бастауға қалалық бюджеттен 22,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.  Бұдан бөлек, кезекте тұрған көп балалы аналарға арналған «Арай» тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатақханалардың құрылысын облыстық бюджет есебінен қаржыландырып, ағымды жылы пайдалануға беру көзделуде.

Келесі кезеңге 80 пәтерлі 23 тұрғын үйлердің құрылыстарын 2020-2021 жылдары жүргізу жоспарлануда.        Жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 555 жер телімінде жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Оның 255-не 4 мердігер келісім шартқа тұрды («КСС контракшин» ЖШС – 5; «РемСтрой СС» ЖШС – 150; «Сырым Білеке» ЖШС – 50; «Дәмдес» ЖШС – 50). Қазіргі таңда 14 үйдің құрылыстары аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Бұдан бөлек, қосымша 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді сату мақсатында 2006 жылы жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары аяқталуда. Осы жұмыстар кезең – кезеңімен өз жалғасын табатын болады.

Есепті кезеңге жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 72 250 азаматтар кезекте тұр.  Осы мақсатта жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жер телімдерін беру үшін 4 алаң дайындалуда.

Олар, Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар, бұл жерде барлығы 3752 кезекте тұрған азаматтарды жермен қамту жоспарлануда. Алқаптарда инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттамалары әзірлеу қала бюджетінен іске асырылып жатса, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоғары тұрған бюджеттер есебінен жүргізу көзделуде.

Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңында бөлінген 1232 жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады.

Тараз қаласының 2025 жылға арналған дамуының бас жоспары 2010 жылы бекітілген.

Бүгінгі күнге, бас жоспардағы қайта жаңғыртылатын аумақтар 55,7%-ға егжей-тегжейлі жоспарлаумен қамтылған. Болашақта бас жоспарды толық орындау мақсатында жалпы 7 072 гектар көлемін  егжей-тегжейлі жоспарымен қамту қажет. Осы жұмыстар үш кезеңге бөлініп, үстіміздегі жылы 2 960 гектар аумақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтылатын болады.

2018 жылы, алғашқы кезеңдерге құрылыс жұмыстарды жобалау мақсатында қала орталығының 102 гектарға, «Тектұрмас» тарихи-мемориалдық кешенінің 59 гектарға, «Арай» тұрғын алқабының 241 гектарға және «Көлтоған», «Жиделі», «Қарасай», «Қызыл-Абад» тұрғын алқаптарының 556 гектарға, жалпы 958 гектарына егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді.

Қаладағы өзекті мәселелердің бірі «Құмшағал», «Шөлдала» тұрғын алқаптарының аумағында орналасқан 28 саяжайға «тұрғын алқап» мәртебесін беру мақсатында жалпы 1028 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіліп, саяжай тұрғындары жер бөліміне өтініштерін беруде.

Келесі кезекте, қаладағы 6 418  гектар құрылысы жүргізілген аумақтарда инженерлік геодезиялық жұмыстарын жүргізу (7347 гектарына немесе 53,4%-на тиісті  геодезиялық жұмыстары жүргізілген). Оның 2019 жылы 3086 гектары қала бюджеті және «Қала кадастр» кәсіпорыны есебінен топо түсіріліммен қамтылатын болады. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі.

2019 жылы қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 1 млрд. 870,8 млн. теңге бөлінді.

Есепті кезеңде 27 дана қураған апатты талдар түбінен және 11 086 ағаштың қураған бұтақтары кесілсе, 298 тал ағаштары балақталды.

Бұдан бөлек, қала көшелерінің бойындағы 11640 талдар әктелсе, 2004 электр бағаналары, 170 гүл сауыттары, 396 қоғамдық орындықтар, 290 қоқыс тастайтын жәшіктер, 200 мың шаршы метр аялдамалар және 4836 шаршы метр қоршаулармен турникеттер сырланды. Автокөліктермен көше бойындағы 5240 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар және 3040 текше метр кездейсоқ күл-қоқыстар шығарылса, 5,8, мың шаршы метр жер қолмен тазаланды.

Бүгінгі күні, Тараз қаласы бойынша тұрғын үй қорына кіретін 1298 көппәтерлі тұрғын үйлер бар (оның ішінде: 151 – бір қабатты барак типтес үйлер; екі қабатты – 205 үй; үш қабатты – 21 үй; төрт қабатты – 164 үй; бес қабатты – 732 үй; алты қабатты – 2 үй; жеті қабатты – 1 үй; тоғыз қабатты – 16 үй; он қабатты  – 5 үй; он екі қабатты – 1 үй).

Кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында 981 көп пәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 85,5 пайызды құрайды (барак типтес үйлерді қоспағанда). Бүгінгі күнге жалпы 166 тұрғын үйлерді кондоминиум объектісі ретінде әділет басқармасына тіркеуді қажет етеді.

Қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлерге 939 құрал орнатуды қажет етеді. Бүгінгі күнге, жалпы 874 құрал орнатылды немесе 93%. Оның ішінде:  «Жамбыл-Жылу» МКК – 90 құрал, «Теміржол-Жылу» МКК – 19 құрал, «София» ЖШС – 1 құрал, «Т.И.Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ – 8 құрал және «ТаразТрансЭнерго» МКК – 756 құрал.

Жалпы, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі  бағдарламасының тұрғын үй қорын қайта жаңғырту тетігін іске асыру басталған кезеңде, 516 кондоминиум нысандары күрделі жөндеуді қажет еткен болса, 2011-2015 жылдары  республикалық бюджет есебінен жалпы 2 млрд. 158 млн. теңге қаражат бөлінген. Осы қаражат есебінен және 748,0 млн. теңге қайтарым қаражат есебінен  2011-2018 жылдары аралығында 221 үй жөндеуден өткен (114 үйге күрделі, 107 үйге ағымдағы).

Ал, 2019 жылы қала бюджетінен 545,5 млн. теңгеге 19 үй және қайтарым қаражат есебінен 5 үй, яғни 24 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады («Жайлау» мөлтек ауданы №2,5А,9 үйлер, «Каратау» мөлтек ауданы №14,29,33 үйлер; «Талас» мөлтек ауданы №12,14,18 үйлер; «Самал» мөлтек ауданы №31,49,25,50 үйлер;  «Мыңбұлақ» мөлтек ауданы №51,53 үйлер; «Салтанат» мөлтек ауданы №18,30 үй; «Ақбұлақ» мөлтек ауданы №12,6 үйлер, «Қарасу» мөлтек ауданы №6 үй, «Алатау» мөлтек ауданы №12,49 үй, Рысбек батыр көшесі 9).

2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша пәтер иелерінен қайтарылған қаражат 1 млрд. 291,9 млн. теңге немесе 82,0%-ды  құрады (жоспары 1578,6 млн.теңге).

2019 жылы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына 148,0 млн. теңге қарастырылған. Есепті кезеңде Саңырақ батыр көшесінен Байзақ батыр аралықтағы дренаждық каналының 1700 метр арнасы, Ы.Дүкенұлы көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейінгі Әшімбаев көшесі бойындағы «Қарасу-2» каналының 980 метр арнасы, Асқаров көшесінен «Бурыл» стансасына дейінгі аралықтағы «Қапал» каналының 650 метр арнасы механикалық тазаланды.

Қала бойынша жалпы 8 канал бар, ұзындығы – 82,55 шақырым, оның ішінде: «Сеңкібай» – 10 шақырым, «Қапал» – 10 шақырым, «Үшбұлақ» – 13,9 шақырым, «Қарасу-1» – 3,35 шақырым, «Қарасу-2» – 12,4 шақырым, «Төрегелді» – 5,7 шақырым, «Базарбай» – 3,2 шақырым,  «Түйте» – 24 шақырымды құрайды.

Дренаж каналының саны – 2, ұзындығы 12,7 шақырым, олар: «Оңтүстік құрғату» – 10 шақырым, «Тайвань алқабын құрғату» – 2,7 шақырым.

Қаланың ирригациялық арық жүйелерінің жалпы ұзындығы – 164 шақырым, оның ішінде: лоток жүйесі – 21,4 шақырым, суармалы жерлердің көлемі – 9,1 шақырым. Гидротехникалық құрылғылар саны – 24 дана, құбыр өткелдердің саны – 560 дана, каналдағы су қалқаншасының (шлюз) саны – 71 дана, арық жүйесіндегі су қалқаншасының саны – 120 дана.

Қаладағы көшелерді жарықтандыру және электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстары тұрақты қамтамасыз етілуде. 2019 жылға осы салаға 605,8 млн. теңге қарастырылған.

Көшелерді жарықтандыру бойынша ағымдағы жылы 2 даңғылмен 27 көшелерінде темір бетон бағаналарды металдық бағаналарға ауыстыру, светодиодтық шамдарын орнату және кабелдерді жер астымен жүргізу жұмыстары атқарылатын болады.

Бұдан басқа, қаланың 99 қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағаналарда қосымша уақытты кері есептегіш және көше атауларын бағыттайтын белгілер орнатылуда.

Қаладағы жарықтандырылған көшелердің жалпы саны – 170, бұрылыстар – 50, мөлтек аудандар – 13, тұрғын алқаптар – 5, жалпы ұзындығы – 476,82 шақырымды құрайды.

Қаладағы көлік кептелісін азайту және көлік қозғалысын ыңғайландыру мақсатында, техникалық қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе, қаладағы бірнеше көшенің қиылыстарындағы бағдаршамдар уақытша өшіріліп, нәтижесі зерделенуде, атап айтқанда:

Сүлейменов – Жалаири, Сүлейменов – Крупская, Балуан Шолақ – М.Мәметова, Абай – Сухамбаев, Сухамбаев – №5 орта мектеп алдындағы бағдаршам, Жамбыл-Сенкібай, Төле би –«Хром зауыт» аялдамасы алдындағы бағдаршамдар.

Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Петров көшесінің қиылысы маңындағы бағдаршам алынып тасталды.

Тараз қаласындағы 10 көше қиылыстарында «ақылды бағдаршам» көлік қозғалысын интеллектуалды басқару жүйесі енгізілген (оның ішінде:Төле би даңғылы – Әл-Фараби көшесі қиылысы; Жібек жолы көшесі – Самарқанд көшесі қиылысы;  Жібек жолы көшесі – Балуан Шолақ көшесі қиылысы;  Тәуке хан көшесі – Саңырақ батыр көшесі қиылысы; Жамбылдаңғылы – Көшеней көшесі қиылысы; Төле би даңғылы – Аққозиев көшесі қиылысы; Абай даңғылы – Ташкент көшесі қиылысы),Жамбыл даңғылы – Сәтпаев көшесі қиылысы; Жамбыл даңғылы – Ниетқалиев көшесі қиылысы және Жамбыл даңғылы – Сүлейменов көшесі қиылысы).

          Қалада жолаушы тасымалымен 10 мекеме айналысады.  Күнделікті 43 бағыт бойынша әртүрлі маркадағы 465 бірлік автобуспен шағын автобустар қызмет көрсетеді. Жалпы резервпен қоса тіркелгені 670 дана. Оның ішінде пайдалану мерзімі 3 жылға дейін 198 дана (29,5 %), 5 жылға дейін 286 дана (42,5 %), 186 данасы 7 жылдан жоғары (28,0 %).

          2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 406,5 млн. теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқаптарына қиыршық тас жолдарының және Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта ішкі кварталдық автомобиль жолдарының құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қаладағы 40 көшелердің орташа жөндеу жұмыстарына  1 млрд. 521,0 млн. теңге бөлінсе және 130  көшелердің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына 360,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мектептер мен балабақшаларға баратын 30 көшені ішінара  және 32 жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама берілді.

          «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Тараз қаласында бойынша бүгінгі күні 4 негізгі бағыт бойынша (ТКШ, қауіпсіздік, білім беру, көлік,) жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағыттардың бірі «Open-Akimat» форматында, бір мезетте түрлі мәселелердің шешіміне «бір терезе» қағидасымен сапалы қызмет көрсету мақсатында  қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы және жер қатынастар бөлімдері Жүнісалиев көшесі, №1 мекен –жайға орналасып, жұмыстарын бастады.

Сондай-ақ, «Жәрдем» – 109 бірыңғай диспетчерлік коммуналдық қызметі орталығын ашу бойынша, бүгінгі күнге Төле би даңғылы, №35 мекен-жайда 2-ші қабаттағы 248 шаршы метрді құрайтын тұрғын емес жайдан ашылды.

Ал, білім саласы бойынша №41 мектеп гимназиясында оқушылардың сабаққа келу және үйлеріне қайту мерзімдерін тіркеп отыратын «қауіпсіз мектеп» жобасы енгізілді, 16 мектепте бейнебақылау жүйесі жаңартылды. Қаладағы 41 мектепте Wi-Fi сымсыз ғаламтор желісі орнатылса, 5 мектеп робототехника кабинеттерімен қамтылды. Бұдан басқа, облыс орталығында республикалық деңгейде алдыңғы қатарда саналатын «Тараз-Hab» IT-мекемесі 4 мектепке (№5,  45, 51, 54)  IT кабинетін жабдықтау жұмыстарын бастады. Жыл соңына дейін орта мектептерде 10 дана робототехника сыныптарын ашу көзделуде.

Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ-ның базасында 67 информатика мұғалімдерін бағдарламалау,  робототехника,  3D модельдеу бойынша оқыту және кәсіби дамыту, мектептерге 706 дана компьютер және мультимедиялық техникамен жабдықтау, мектепке дейінгі білім мекемелеріне кезекке қою мен жолдама беру қызметін автоматтандыруды іске асыру,  фото және бейнежазу жүйесін және мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлем  жүйесін енгізу, виртуалды және толықтырылған шындық зертханасын ашу, 2019-2020 оқу жылдарында 4-сыныпқа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері» пәнін енгізу жоспарлануда.

Бұдан басқа кітапхана оқырмандарымен бірлесе шығармашылық  іс-әрекет жасау мақсатында 2019 жылғы 2-ші жартыжылдықта М.Шолохов кітапханасынан «Коворкинг» орталығын ашу көзделуде.

Бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында «Е-архитектура» жүйесін қалыптастыру жолымен электронды картасын жүйелендіру басталады.

Көлік саласын цифрландыру бойынша қаладағы жолаушылар маршруттарын үздіксіз қозғалыс кестелерінің және жылдамдық режимдерінің сақталуы үнемі қадағаланып отыратын online режимінде GPS-навигациялау taraz-bus.kz сайты жетілдірілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 43 бағыттағы 670 қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру құрылғысын енгізу жұмыстары басталып, 2020 жылы аяқталатын болады.

Қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны 1713 бірлікті  құрап, өткен жылмен салыстырғанда саны 91 дәрігерге төмендеп отыр (2018 жылы – 1804). 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 47,8 промильді құрайды (2018 жылы 50,4 промиль). Ал, орташа медициналық қызметкерлер саны 6182 бірлікті құрайды немесе өткен жылмен салыстырғанда 382 бірлікке өсіп (2018 жылы – 5900), қамтылу көрсеткіші 172,5 промильді құрайды (2018 жылы – 164,9 промиль).

Есепті кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ (2018 жылы – 1 оқиға). Нәресте өлімі 52 оқиғаны құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57,5%-ға өсіп отыр (2018 жылы – 33 оқиға). Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, нәресте өлімінің өсуі жүкті әйелдердің жүктілік кезеңінде алдын-ала арнайы медициналық тексерулерден уақытылы өтпеуінен және инфекциялық, қан айналым жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің сырқатттану салдарынан орын алып отыр. (№1 қалалық емхана – 4, №2 емхана –16, Жамбыл облыстық диагностикалық-кеңес беру орталығы (№3 емхана) -4, №4 емханада – 7, №5 емханада – 6, №6 емхана – 2, №7 емхана – 1, мейірім медициналық орталығында (№8 емхана) – 5, №9 емхана – 6, болашақ медициналық орталығында – 1). Түберкулезбен ауырғандар саны 122 адамды құрап, 18,5 пайызға төмендеген (2018 жылы – 157 адам). Туберкулез аурудан қайтыс болғандар саны 7 адамды құрап, 12,5 пайызға төмендеген (2018 жылы – 8 адам).

2019 жылдың 8 айында 206 мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 133 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі  бойынша 1061 мәдени іс – шара өткізілді, қатысқан оқырмандар саны  62 644 адамға жетті.

Қалалық мәдениет үйінде 25 (клуб құрылымы) үйірме жұмыс істейді.  Оның  ішінде 19 ұжымның «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар. Қатысушылар саны 823. Олар «Жас дәурен» үлгілі би ансамблі, «Красная гвоздика» халықтық ардагерлер хор ұжымы, «Қарахан» ұлт-аспаптап  ансамблі, «Бозторғай» ән-би ансамблі,  «Жібек жолы» халықтық эстрадалық оркестрі, «Өрлеу» қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Ривер-данс» балдық би ансамблі, «Дулати» халықтық жастар театры, «Асыл-Аналар» халықтық әжелер ансамблі, «Камертон» вокалды тобы, «Мерей» халықтық вокалды тобы, «Вояж» балеті, «Планета» халықтық театры, «Маричка» халықтық украин вокалды тобы, «Жансарай» халықтық театры, «Шаттық» үлгілі хор ұжымы, «Нұршашу» үлгілі камералық оркестрі, «Жас толқын» үлгілі синтизатор  ансамблі, «Аллегро» үлгілі скрипкашылар  ансамблдері.

Жасөспірімдер мен жастардың қызығушылықтарын арттыру  мақсатында  қалалық мәдениет үйінде  «Үкілі ару», «Грация» би, домбыра, қолөнер және көркем сурет жалпы 6 тегін үйірме жұмыс істеуде. Үйірмеге  қатысушылардың саны 131 адамды құрайды.

Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының тапсырмасына сәйкес көшелердегі  аншлагтарды  жаңа үлгіге сәйкес  ауыстыру  бойынша  бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 2018 жылы – 226 көшенің аншлагы ауысса, ағымдағы жылы 386 көшенің аншлагтарын ауыстыруға  қалалық бюджеттен 20 млн. теңге  қаржы бөлініп,  қазіргі таңда «Kaz in Capital»  ЖШС-гі тарапынан ауыстыру  жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың әлеуметтік экономикалық өміріне жастарды белсенді тарту, жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қаланың мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру, жастардың қоғамдық бірлестіктерімен байланысын жүзеге асыру мақсатында құрылған қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жүргізуде.

Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін бүгінгі таңда қалада 4 аула клубы мен 58 жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқаруда.

Бұдан бөлек, 4 аула клубын ашу жоспарлануда. Олар: «Астана», «Байтерек», «Құмшағал» мөлтек аудандарында және Шалғай Қарасу тұрғын алқабында.

Қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары бойынша, ағымдағы жылы 96 бұқаралық спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған барлығы 172 мыңнан аса қала тұрғындары қатысты.

Қазіргі таңда, Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны – 106 мыңнан астам  адам болса, бұл қала тұрғындарының 29,6 пайызын құрап отыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейін жасөспірімдер – 21 912 адам, 14-29 жас арасындағы жастар – 48 254 адам, 29 жастан жоғары ересектер арасында – 35 120 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Қалада 515 спорт нысандары жұмыс атқаруда, оның 450-і мемлекеттік және 65-і жекеменшік иесінде болып табылады.                                         Қалада  спорт саласын дамыту мақсатында 2019 жылы спорт алаңшаларын қайта құру, қалпына келтіру және құрылысы бойынша жол картасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы іске асырылатын 86 алаңша. Олар:

– Бюджет қаржаты есебінен – 64 алаңша. Оның ішінде: «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы Жауғаш батыр көшесі және Дорожник тұрғын алқабындағы жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшалары, 1 «Street Workout» алаңшасы “Қарасу” мөлтек ауданы “Балауса” аула клубының маңында  және 3 бірлік «Street Workout» (Қарасу мөлтек ауданында, Сатпаев көшесі, 64 үйде, Тастақ, Жанболат көшесінде 2018 жылдан өтпелі) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 25 спроттық алаңшаларына (1 әмбебап және 24 футбол алаңшаларына) қалалық бюджеттен 47,3 млн. теңге бөлінді.

– Демеушілер есебінен – 7 алаңша. Оның ішінде: «Самұрық қазына трафт» корпораициялық қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Аса» мөлтек ауданында  кіші футбол алаңшасына жер белгіленген, жұмыстар жүргізілетін болады.

– Жекеменшік – 9 алаңша. Оның ішінде «Dostyk-life» 1 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Бұдан басқа өткен жылы қалалық тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы алаңшаларды соққан жауапкершілігі шектеулік серіктестіктер өз қаражаты есебінен 6 алаңшаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Есепті кезеңде барлығы 3547 (2018 жылы – 4126) жалпы қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 14,0%-ға төмендеп отыр.  Оның ішінде, қасақана кісі өлтіру 40,0%-ға  (15-тен 9-ға), ауыр дене жарақаты 22,9%-ға (35-тен 27-ге), бұзақылық өткен жылдың деңгейінде қалыптасып отыр (11-ден 11-ге), ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 35,6%-ға (253-тен 343-ке), зорлау 7 есеге (1-ден 8-ге), зорлау әрекеті 2 есеге (1-ден 2-ге), ұрлық 5,4 есеге (17-ден 109-ға), оның ішінде ұялы телефон ұрлау 28 есеге (1-ден 29-ға), қарақшылық 75,0%-ға (4-тен 7-ге), тонау 2,1%-ға (47-ден 48-ге) өсіп отыр. Жалпы қылмыстар бойынша  ашылу деңгейі 7,1%-ға (44,5%-дан 51,6%-ға) өсіп отыр. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 3,5%-ға (77,6%-дан 81,1%-ға) өсіп отыр.

Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 13,2%-ға өсіп, 60 деректі  құрап отыр (2018 жылы – 53 дерек).

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында қала бойынша жол көлік оқиғалары 4,7%-ға өскен (295 деректен 309 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 414 адамды құрап, 8,4%-ға өссе (2018 жылы 382 адам), ал, кісі өлімі 11 адамды құрап өткен жылдың деңгейінен 21,4%-ға төмендеді (2018 жылы 14 адам).

 

 

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2020 Эк-Спорт