Яндекс.Метрика
среда, 21 октября 2020   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
14:43, 18 July 2019

«Адал жол» жобасы аясында жүргізілген іс-шаралар нәтижесі


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлері «Жамбыл – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерін жұмылдыра отырып, Тараз қаласының темір жол вокзалы аумағында «Жасырын тұтынушы» жобасы аясында бақылау жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Фото: kaztag.kz

Аталған іс-шаралар барысында Маңғыстау – Алматы, Алматы – Саратов, Қызылорда – Көкшетау пойыздары жолсеріктердің билетсіз жолаушыларды 3 000 теңгеден 13 000 теңгеге дейінгі сомаға алып кетуге келісуі, Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойыз жолсерігінің жүкті рәсімдеусіз 1000 теңгеге алып кетуі,  қызметіне 10 000 теңге көлемінде алатын заңсыз делдалдық түріндегі деректер анықталды. Бейнетаспаға жазылып алынған материалдар Көліктік бақылау инспекциясы мен желілік полиция бөліміне шаралар қолдану үшін жолданды.

Бүгінгі күнге дейін Департамент қызметкерлері мен «Жамбыл – Адалдық алаңы» өкілдерінің облыстық Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе билетсіз жолаушыларды анықтау мақсатында жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде билетсіз жолаушылар алудың 6 фактісі анықталып, Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері Көкшетау – Қызылорда, Қазан – Ташкент пойызының 2 жолсерігіне, сондай-ақ Алматы – Атырау бағытындағы пойыз бастығына қатысты ҚР ӘҚБТ кодексінің 623 бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сондай-ақ, Алматы – Нұр-Сұлтан, Сарыағаш – Нұрсұлтан, Алматы – Маңғыстау, Қызылорда – Семей, Семей – Қызылорда, Алматы – Атырау, Көкшетау – Қызылорда, Қызылорда – Көкшетау поездарында 50-ге жуық техникалық және өзге де бұзушылықтар анықталып, тиісті актілер толтырылды.

Атқарылып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, мемлекет дамуының негізгі күре тамырларының бірі болып табылатын темір жол саласындағы заңсыздықтар мен олқылықтардың әлі де болса орын алып отыруы құзырлы органдардың заңсыздықтардың алдын алу шараларын белсендіре түсіп, қоғам өкілдерінің де осы бағытта заңдылықтың сақталуына бей-жай қарамастан атсалысуын қажет етеді.

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2020 Эк-Спорт