Яндекс.Метрика
воскресенье, 20 сентября 2020   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
14:38, 18 July 2019

«Айша бибі» бекетіндегі рейдтік іс-шараларда заң бұзушылықтар анықталды


«Жамбыл–адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл облысы полиция департаменті, Көліктік бақылау және облыстық аумақтық фитосанитарлық инспекция қызметкерлері  бірлесіп «Айша бибі» бекетінен шыққан жүк автокөліктеріне рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Фото: donday.ru

Рейдтің нәтижесі бойынша бір жүргізушіге қатысты Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің  572 бабының 2 тармағы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен бірге, Қырғызстан Республикасынан тасымалданып келе жатқан жеміс-жидектің фитосанитарлық сертификаттының болмауына байланысты жүк автокөлігі  Қазақстан Республикасы аумағынан кері шығарылды.

Рейдтік іс-шаралардың алғашқы бір сағатының ішінде 7 жүк автокөліктері тоқтатылса, қалған уақытта аталған көлік жолымен бірде-бір үлкен жүк көліктері жүрмей, «Айша бибі» бекет маңайында жинақталып, кептеліс туындатты.

Яғни, бұл жағдай, Қырғызстан Республикасы аумағынан тасымалданатын жүк көліктері құжаттарының Қазақстан Республикасы  заңнама талаптарына  сай болмауы және өзге де заң бұзушылықтармен байланысты орын алуы мүмкін екенін көрсетеді.

Осыған байланысты, аталған рейдтік шараларды жиі ұйымдастыру және шекарадан тауарларды тасу тәртібіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілетін болады.

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2020 Эк-Спорт