пятница, 19 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
14:11, 26 February 2019

Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов: көлік саласындағы кешенді шаралар


Көлік – халық шаруашылығының айрықша маңызға ие, адам еңбегін, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің нәтижиелерін қолданудағы өте ауқымды  саласы болып табылады.Материалды өнеркәсіптің кез келген саласының негізі болатын міндетті түрдегі еңбек құралдары, еңбек нысаны және еңбек, яғни адамдардың мақсатты қызметі секілді үш элементтің транспортқа да әбден қатысы бар.

Бүгінде тіршілігі қыз-қыз қайнаған кез келген қаланы қоғамдық жолаушылар көліктерінсіз көзге елестету тіпті де мүмкін емес. Осы саладағы мәселелерді жүйелі жолға қою, қалаішілік бағыттардағықызмет көрсету сапасын жетілдіруді үйлестіру қазір қай кездегіден де  маңызды болып отыр. Еліміздің Астана, Алматы секілді мегаполистерінде бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ел ордамыз Астананың транспорттық кешенін түбегейлі жаңғыртудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы жасалып, «Қалалық автобус», «Мектеп автобусы», «Қалалық такси», «Автобус аялдамалары» жобалары жүзеге асырылып, салаға бірыңғай диспетчерлік қызмет, жолақы төлеудің электрондық жүйелері енгізілуде. Сондай-ақ, бас қаламызда қоғамдық автокөлік құралдары мамандарының, жүргізушілер мен бақылаушылардың біліктілік курстарынан өтуіне айрықша мән беріліп отыр. Еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көліктерді пайдаланушылар  санының өсуіде саланы жаңашылдықпен, жасампаздықпен жаңғыртуды талап етуде. Астана өзге қалаларға  қоғамдық көліктердің баламалы түрлерін қолданысқа енгізу, ұсынылар сервистік қызметтердің сапасын арттыру, жолаушылар тасымалы жүйесін дамыту мәселелерінде үлгі-ұстын болады деп те сенеміз. Өзге қалалардабас қалаға қарап бой түзеуге тиіс қой.

Біздің шаһарымызда, міне,  осындай өркенді, өрісті істер кең ауқымда жүзеге асырылу үстінде. Облыс орталығында бүгінде тұрғындарға 10 тасымалдаушы ұйым қызмет көрсетуде. Оларда барлығы 670 көлік бар (олардың 422-і дизельді отын тұтынатын  Қытайдың «DunFen», 50- і газбен, 198-і бензинмен жүруге арналған Ресейдің «ПАЗ» маркілі автокөліктері).Оның ішінде 205-і – резервтік жылжымалы құрамдар. Күнделікті 43 бағытта 465 автобус қатынайды. Жалпы салада барлығы 953 адам жұмыс істейді. 2016-2017 жылдары қалаішілік бағыттардағы қоғамдық көліктердің барлығы да навигациялық GPS жүйесіне көшірілгенін, 115-іне «автоинформатор» орнатылғанын, сондай-ақ алдағы уақытта 50-і бейнебақылау камераларымен қамтылып, 2019-2020жылдары толықтай электронды билеттендіру жүйесі енгізілетінін де атап өткеніміз жөн. Аталған салада жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін қалыптастыру мәселесінде осы және басқа да жаңашылдыққа негізделген жұмыстар алдымен ауызға алынады.

Бұл тұрғыдабылтырғы жылдың басында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жолаушылар тасымалдаушы мекемелермен арада келісім жүргізу арқылы қалалық тұрақты бағыттарда қызмет көрсететін ескірген, техникалық талаптарға сай келмейтін көліктерді жаңалау ісін бастауды тапсырғаны белгілі. Бұл мәселе қазір де айрықша назарда ұсталынуда. Жалпы автобустардың пайдалану мерзімі 3 жылдан аспайтыны – 122 (18,2 пайыз), 4-5 жыл аралығындағысы – 216 (32,2 пайыз) бірлікті құрап отыр.

Айта кету керек, бүгінгі күні қаладағы қоғамдық көліктердің 332-ісінің, яғни  49,5 пайызының пайдалану мерзімі  6 жылдан асқандығы анықталып отыр. Негізінен қоғамдық транспорттар әрі кеткенде жеті жылда бір мәрте ауыстырылып тұруға тиіс. Өйтпеген күнде мұндай көлік иелерінің тендерлік конкурстарға қатысып, жеңімпаз атану мүмкіндігі біршама шектелуі мүмкін. Әрине, көлік паркін уақтылы жаңартып отыру ісі тасымалдаушы мекемелердің мүмкіндік, әлеуетіне де байланысты. Бұл – уақыттың да талабы.

Қазіргі уақытта осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылы өңір басшысының тапсырмасына сәйкес 66 жаңа автобус қатарға қосылды. Атап айтқанда, осы жылы «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-ысатып алған, газ отынымен жүруге арналып жабдықталған орташа сыйымдылықты 20  «ПАЗ» маркілі жаңа автобусы №11 бағыттағы  ескірген көліктер орнын басты. «ТаразТрансМоторс»  ЖШС-ы да осындай 10 автобусқа қол жеткізді. Сөйтіп №16 бағыттағы ескірген автобустар жаңасымен алмастырылды. Сондай-ақ, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-ының былтыр алған 7 «ПАЗ», 5 «DunFen», 4 «Huyindai», 8 «Dragon» маркілі автобустары да ел игілігіне қызмет етуде. «Дамрус» ЖШС-ы 12 «Huyindai» маркілі үлкен сыйымдылықты автобустарға қол жеткізді. Қазір соның нәтижесінде №40 бағыттағы ескірген автобустар түгелдей жаңартылып отыр.

Мұндай іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады Өткен айда ғана «ТаразТрансМоторс» ЖШС-ысатып алған 5 «ПАЗ» автобусы жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Биыл қаладағы тасымалдаушы мекемелер тарапынан тағы да 60 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде «Саяхат-99» ЖШС-ы – 15, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-ы – 15, «Экспресс-05» ЖШС-ы – 10, «ТаразТрансМоторс» ЖШС-ы – 10, «СапарТранс2012» ЖШС-ы 10 бірлік қоғамдық жолаушылар көлігіне қол жеткізбек.

Туған қаламызда тындырылып жатқан тірліктер осындай. Тасымалдаушы мекемелердің транспорттық құралдары кезең-кезеңімен жаңартылу үстінде. Ал қызмет көрсету мәдениеті көңіл көншіте ме? Көптің көкейіндегі сауал да осы. «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» демекші, салаға еліміздің мегаполистеріндегідей өркенді өзгерістер енгізіле бастауына байланысты бізде де қоғамдық көлікте жүру тәртібінің этикеті мен мәдениеті қалыптастырылуы  қажет-ақ. Қазіргі уақытта, міне,  осы бағытта тиісті жұмыстар жүзеге асырылу үстінде.

 

Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов

Об авторе: Шухрат Хашимов


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика