четверг, 25 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
18:32, 22 May 2018

Ішкі істер департаментінде облыстық оқу-әдістемелік семинар-кеңес өткізілді


Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінде Жергілікті полиция қызметінің облыстық, қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінің жеке құрамымен облыстық оқу-әдістемелік семинар-кеңес өткізілді.

 Семинарда ішкі істер органдары қызметкерлерімен құқықтық тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша толтырылған әкімшілік істердің жүргізілуі, әкімшілік жауапкершілікке тартудың мерзімдері, ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған адамдармен алдын алу жұмыстары, оларға арналған жинақтар мен профилактикалық,  номенклатуралық істердің жүргізілуі бойынша сұрақтар қарастырылды.

Жиынға 200-ден астам Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, әкімшілік практика инспекторлары және ІІД, ЖПҚ, Тараз қ. ІІБ, аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшылығы қатысты.

Оқу-әдістемелік семинарды Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ералин Бахытжан Ерболатұлы жүргізіп, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша облыстағы жалпы жұмыс жағдайына тоқталды.

Сондай-ақ, ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Қиымбеков Ноян Мұратұлы «Ішкі істер органдары қызметкерлерімен тәртіп пен заңдылықтың сақталуы» тақырыбын  зерделей отырып, кең көлемді баяндама жасады.

Содан соң, ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Жалғас Жақыпов «Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша толтырылған әкімшілік істердің жүргізілуі мен әкімшілік жауапкершілікке тартылу мерзімдері» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізіп, кәмелетке толмағандар ісі және учаскелік полиция инспекторларының күнделікті заңды қолдану кезінде шешімін табуы қиын мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ, семинарға қатысушы ІІД қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

ІІД Жергілікті полиция қызметі Учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Нұрғали Әбзелбектегі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары профилактикалық есебінде тұрғандарға қатысты профилактикалық номенклатуралық  істердің жүргізілуі» тақырыбында баяндама оқып, істердің жүргізілу тәртібі және қадағалау жолы бойынша әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетті.

Келесі кезекте сөз алған ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция лейтенанты Дінмұхаммед Сәуірбай «ІІО-ның қызметкерлерімен деструктивті діни ағымдағы адамдармен профилактикалық жұмыстар және оларға арналған профилактикалық істердің жүргізілуі» тақырыбында баяндама оқыды.

Семинар барысында полиция қызметкерлеріне арналған 4 тақырып бойынша қызметте қолдану үшін 1000 данадан астам әдістемелік нұсқаулықтар таратылып, бейнеслайдтар көрсетілді.

Іс-шараға қатысушы Тараз қаласы Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің  учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ербол Өмірбаев жиыннан соң өз ойымен бөлісті:

– Осы іс-шарада біз өз қызметімізге қатысты  туындаған мәселелер мен күнделікті жұмыс барысында кездесетін сұрақтарға заң тұрғысында толық жауаптар мен керек кеңестер алдық. Нұсқаулықтарды өз тәжірибемізде қолданатынымыз анық. ҚР-ның түрлі Заңдарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы да көптеген мәліметтер айтылды. Бұл семинар полиция қызметкерлеріне ұйымдастырылған өте тиімді іс-шара болды.

Аталмыш семинар ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Ералиннің қатысуымен облысымыздың барлық аудандарында өз жалғасын табуда.

 

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика