Яндекс.Метрика
Вторник, 24 апреля 2018   Подписка на обновления  RSS
Вторник, 24 апреля 2018   Подписка на обновления  RSS
Популярно
17:14, 07 февраля 2018

Әулиеата–Тараз: суретті репортаж (XX ғасырдың құрылыстары)


XX ғасырдың қарқынды құрылыстары

«СЭР» журналы көне Тараз қаласының дамуындағы тарихи кезеңдер туралы баяндайтын, соңғы жүз елу жылдың көлемінде фотообьективтер көмегімен түсіріліп алынған тарихи материалдар топтамасын ұсынады.

Бүгінде Тараз Жамбыл облысының орталығы, оңтүстік Қазақстандағы ірі индустриалды және мәдени орталық болып табылады. Тұрғындарының саны – шамамен 370 мың адам. Қала 188 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. Мұнда халықаралық әуежай, темір жол және автобус вокзалдары, тұрғын үй алқаптары, сауда орталықтары, ойын-сауық кешендері, көптеген саябақтар мен гүлзарлар бар.

Дегенмен, осыдан жүз ғана жыл бұрын шаһар қазіргі Пушкин, Төле би, Қазыбек би, Қонаева, Ташкентская көшелерінің орнындағы бірнеше көшеден ғана тұратын. Үйлер, негізінен, саманнан, балшықтан тұрғызылды. Тастан салынған тұңғыш үй XIX ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болды. Ол қазіргі «Достық» алаңында әулиеаталық алғашқы қалабасы үшін тұрғызылған бір қабатты шағын үй еді.

Архив деректері бойынша, өткен ғасырдың 20-сыншы жылдары Әулиеата қаласы тоғыз мың гектар жерді алып жатты, тұрғындары 24 мың адамды құрады. Құрылысты жобалау деген іс жүзінде болмады, ал, бас жоспар туралы естімеген де еді. Тарихи тұрғыда қала қазір «Көне Тараз» археологиялық кешені орналасқан бұрынғы орталық базарды айнала радиалды-дөңгелек жүйе бойынша дамыды.

ХХ ғасырда, Кеңес өкіметі тұсында қарқынды құрылыс жұмыстары басталды. Қала күн санап өсті, аумағы ұлғайды, жаңа ғимараттар бой көтерді, жаңа көшелер, гүлзарлар, алғашқы субұрқақтар мен кинотеатрлар пайда болды.

Егер ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Жамбыл қаласының (ол кезде қала осылай аталатын) тұрғынына бар болғаны жиырма жылдан кейін Орталық алаңның қандай болатынын көрсетсе, мүлдем сенбес еді. Ол кезде бүгінгі алаңның орнында ұн мен бидей сататын, қалай болса солай тұрғызылған, қисайған ләпкілері бар, табанына қисық тастар төселген «ұнбазары» болса қалай сенсін.

Орталық алаңның (қазір ол «Достық» деп аталады) құрылысы қаланың орталық бөлігінің бейнесін түбегейлі өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен қатар құнды археологиялық жаңалықтар ашуға да мүмкіндік берді. Құрылыс жұмыстары барысында көне Тараз шаһарының гербі – аяғын көтеріп тұрған барыс бейнеленген ежелгі құмыралар табылды. Бүгінде бұл құмыралар дәл осы алаңда орналасқан Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұр.

Алпысыншы жылдары Жамбыл облысында ірі фосфорит кен орындарының игеріле бастауына, зауыттар салына бастауына, «үлкен химияның» дамуына, тұрғындар санының көбейіп, тұрмысының жақсаруына байланысты облыс орталығында алғашқы мөлтек аудандар салынып, қала абаттандырыла бастады. Қарқынды құрылыс атышулы «қайта құруға» дейін жалғасты. Отыз жыл ішінде 11 мөлтек аудан тұрғызылып, ондаған мың қалалық баспаналы болды. Тұрғын үйлермен қатар құрылысшылар мектептер, балабақшалар, кинотеатрлар салды.

Уақыт қала бейнесін қатты өзгертуде. Кезінде Жамбылда жиырмаға тарта кинотеатрдың болғаны, ең ірілері «Қазақстан», «Россия», «Шоқана Уәлиханов» екені көнекөздердің ғана есінде шығар. Қазіргі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы отырған ғимаратта «Қуаныш» тұрмыс үйі болатын. «Cotton» дүкені ретінде қайта жабдықталған «Тюльпан» мейрамханасы бір кездері қаладағы ең мықты сауық орны болатын. Ал, қазір Тұрар Рысқұловтың есімі берілген бұрынғы Ленин саябағына қала тұрғындары балаларын 10 тиындық әткеншектерге (әлі де бар, бірақ, қымбат) ойнатуға, «Лакомка» кафесінен (қазір жоқ) балмұздақ жеуге әкелетін.

Бүгінде аңыздармен айшықталған Тараз өз тарихының жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Ал, оның жылнамасының беттерінде ертең не жазылатыны бүгінгі Сіз бен бізге байланысты.

«СЭР» журналы, № 1/2018

 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы не үшін керек?

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Добавить комментарий

Свидетельство о постановке на учет № 16334 – ИА выдано Министерством информации и коммуникаций РК 3 февраля 2017 года

© 2018 Эк-Спорт — информационно-аналитический портал