четверг, 28 марта 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
17:38, 05 January 2018

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы не үшін керек?


28 желтоқсан 2017 жылы Тараз қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы толықформатты режимінде жұмыс істейтін Кәсіпкерлер үйі салтанатты түрде ашылған болатын.

Толықформатты КҚКО құру қажеттілігі бизнес саласының қарқынды дамуына серпін беруде, деп хабарлайды Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Себебі, осыған дейін жұмыс істейтін бірде-бір ведоство Кәсіпкерлер үйі сияқты кең ауқымды қызметтің түрін көрсетпеген. Бизнесменге керекті қызметті алу үшін бірнеше мекемелердің табалдырығын тоздыруға тура келетін. Бұл өз кезегінде саланың дамуына кері әсерін тигізетін. Бұдан былай бизнесмендерді әр сатыға сандалтпас үшін облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы қызмет көрсету барысын максималды түрде оңтайландыруға тырысып бақты. Т.Рысқұлов саябағына қарама-қарсы Абай көшесінде орналасқан жаңа ғимаратта «бір терезе» қағидасымен түрлі салалардың мамандары қызмет көрсетеді.

Нақты орталық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қолдауымен Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы КҚКО базасында құрылды. Енді мамандар шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай және қаржылай емес қолдау кеңестерін Палатада емес, Кәсіпкерлер үйінде атқаратын болады.

Одан бөлек, кәсіпкерлерге мамандар аталған қызмет түрлерінен өзге де кеңестер беріп, жол жоралғысын сілтеп, бағыт-бағдар береді.

Өңір кәсіпкерлеріне кешенді әрі мобильді түрде қызмет көрсету үшін мұнда «Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері», сонымен қатар, «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы», «Жергілікті инновация кеңсесі», «Жобалық басқару және цифрландыру кеңсесі», «Казах Инвесттің жергілікті кеңсесі», «Туристік ақпараттық орталық» орналасқан. Қосымша Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жер қатынастары басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, миграциондық қызмет, екінші деңгейлі банктер, «Даму» қоры мен өзге де қаржы институттары қызмет көрсетеді.

Кәсіпкерлердің үйінде сондай-ақ, «Жергілікті Кәсіпкерлер палатасының» оқыту орталығы кез келген адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, шеберлік сыныптары мен бизнес саласында біліктілігін арттыру бойынша тренингтер өткізетін болады.

Яғни, егер бұрындары КҚКО қаржылай емес сипаттағы қызметтер көрсетілсе, енді Кәсіпкерлер үйінде мемлекеттік, қаржылай қызметтер көрсетілмек.

Толықформатты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын құрудың қажеттігі – Жамбыл облысынан бөлек еліміздің 9 өңірінде салтанатты түрде ашылуына дәлел.

 

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика