суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
23:46, 23 November 2017

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев  «ЕуроХим–Қаратау» xимиялық кешенінің құрылыс барысымен танысты


Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «ЕуроХим» компаниясына тиесілі химиялық кешеннің әрекеттегі және қазір салынып жатқан нысандарын көріп, Жаңатас қаласының «Ақылды қала» бағдарламасы бойынша даму жоспарларымен танысып қайтты.

«ЕуроХим» компаниясы 2013 жылдан бастап фосфорит кенін өндіріп келеді. 2016 жылы Көк жон кенорнындағы кеннен жыл сайын 640 мың тонна фосфорит ұнтағы өндіріліп, бөлшектеу және ұнтақтаудың жобалық қуаттылығына қол жеткізілді. Қазірдің өзінде жобаға 203 млн. АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция құйылды, 450-ден аса жаңа жұмыс орны құрылып, таяу жылдарда тағы 1000 жұмыс орнын және сабақтас салаларда 2000-нан аса жұмыс орнын құру көзделген. 750 млн. АҚШ долларына жуық инвестиция құя отырып, 2022 жылы жоба толық қуаттылығына шығады деп жоспарланған.

Компанияның қызмет жүргізіп келе жатқан жылдары ішінде Қазақстанда инфрақұрылым нысандары, соның ішінде, электр тарату желісі, су құбыры салынды, химиялық кешеннің қажеттіліктерін ескере отырып өңірді газбен жабдықтаудың жобалық құжаттамасы дайындалды. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында көлік инфрақұрылымын (айналма жолды) салу мәселесі шешілуде.

Сондай-ақ, Жаңатас облысының әкімдігі «ЕуроХим» команиясымен бірлесе «Заводская» станциясына дейін «Жаңатас – Түркістан» теміржол тармағының 1-кезеңін салу жөніндегі мәселені қарастырып жатыр. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігі және ЕуроХим компаниясының арасында  тиісті меморандумға қол қойылды.

Жаңатас қаласындағы өмір сүру жағдайын жайлы ету мақсатында «ЕуроХим» компаниясының тапсырысы бойынша 2016 жылы қаланың Кешенді даму жоспары дайындалып, Жамбыл облысы Әкімдігіне тапсырылды. Жоспарды дайындау кезінде барлық мүдделі тараптардың ұсыныстары ескерілді. Қазір Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасы бойынша Жаңатас қаласының Кешенді даму жоспары қаланың бас жоспарымен бірлестіріліп жатыр. Мемлекеттік органдардың, ірі инвесторлардың, шағын және орта бизнестің, қала тұрғындарының «Ақылды қала Жаңатас» жоспарын бірлесе күш жұмылдыра отырып жүзеге асыруы арқасында Жаңатастың «екінші тынысы» ашылып, қала заманауи индустриялдық орталыққа айналмақ.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика