пятница, 19 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
19:15, 21 September 2017

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Жамбыл облысында жүзеге асыру бойынша Жамбыл облысында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат


Облыста қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласын іске асыру және ілгерілету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі облыстық комиссия құрылып, 2017-2019 жылдарға арналған 127 тармақтан тұратын облыстық іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Сонымен қатар, мамыр-шілде, тамыз-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырылатын іс-шаралардың желілік кестесі әзірленіп, іске асырылуда.

Бағдарламаны түсіндіру және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында спикерлер және журналистер пулы жасақталып, облыстық медиа-жоспар әзірленді.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыс көлемінде жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің 2017 жылғы 22 тамыздағы №350-ө өкіміне сәйкес сарапшылар кеңесі (22 адамнан) және өңірлік жобалық офис (6 адамнан) құрылды. Жобалық офис облыс әкімдігінің ғимаратында орналастырылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысын тиімді жүргізу мақсатында ішкі саясат басқармасының жанында сарапшылар, жазушылар, қоғамдық пікір көшбасшыларының арасынан 3 мобильді-ақпараттық топ құрылды. Олар осы күнге 13 мың адамды қамтитын 139 кездесулер өткізді.

Бүгінгі күнге дейін қоғамдық сананы жаңғырту тақырыбына арналған түрлі деңгейде 18 конференция, 37 «дөңгелек үстел» отырысы, 106 жиын, 21 акция, 339 кездесу ұйымдастырылды. Жалпы, облыс бойынша Елбасы мақаласын түсіндіру бойынша 521 іс-шара өткізіліп, оған 107 мыңға жуық адам қамтылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында тамыз және желтоқсан айларына әзірленген желілік кестеге (облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейді қамтитын) сәйкес бүгінгі күнге 131 іс-шара өткізіліп, барлығы 14 мыңнан астам адам тартылды.

Бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және ақпараттандыру әртүрлі әлеуметтік топтар арасында және жергілікті элита өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту арқылы жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері» атты облыстық Форум, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында азаматтық қоғам институттарының қатысуымен Елбасы мақаласының негізгі қағидаттарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы, «Достық» үйінде «Вместе сделаем шаг навстречу будущему» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-зерттеу тобының отырысы, облыс жастарының «Рухани жаңғыру!» атты автокеруені, «Рухани жаңғыру – даму бағытына өрілген өзекті мақала» атты конференция, Жуалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру – әрбір қазақстандықтың парызы» атты «дөңгелек үстел» отырысы, «Рухани жаңғыру – жастар болашағының кепілі» атты акция, Т.Рысқұлов  ауданында «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлт аралық татулық» атты кездесу және «Мәңгілік елдің ұландары» атты акция, Жамбыл ауданында «Басты бағдар – тура жол» атты «дөңгелек үстел» отырысы, ардагерлер кеңесімен «Маңызды тарихи құжат» атты семинар, Сарысу ауданында «Рухани кемел ел болу – Елбасы арманы» атты кездесу, «Жаңғыру – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кәсіпкерлермен жиын, Шу ауданында «Болашаққа бағдар – ел бағдары» атты мәдениет қызметкерлерімен сазды бағдарлама, «Жастар Елбасының мақаласын қолдайды!» атты акция, «Болашаққа бағдар – жарқын болашаққа жетелейді» атты оқырмандар конференциясы, Мойынқұм ауданында «Жастардың рухын оятты» атты жиын, «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты кездесу, «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» атты Халықаралық автокеруенін салтанатты күтіп алу рәсімі, облыс тұрғындарының қатысуымен велошеру өткізілді.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмысында 11 облыстық ақпараттық топтардың әлеуеті пайдаланылуда. Аталған топтың мүшелері мамыр-қыркүйек айларында  елді мекендерде 2 рет шығып, есепті арлықта 175 мың адамды қамтыған 201 кездесу өткізді.

Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттау мен жүзеге асыру жұмысына азаматтық қоғам институттары белсенді тартылуда.

Атап айтқанда, рухани жаңғыру идеясын насихаттауда ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) әлеуеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әртүрлі әлеуметтік жобаларды іске асырылуда (8 жоба іске асырылып, 1 жоба жүзеге асырылу үстінде).

Мәселен, «Жамбыл облысында этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталық қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында облыстағы жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени орталық өкілдерінің, үкіметтік емес ұйым шетекшілерінің, аймақтық элиталар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Туған Жер – ұлттық патриотизмнің негізін қалаушы» тақырыбында «дөңгелек үстелдер» отырысы өткізілді.

«Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» жобасы аясында «Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді анықтау және зерттеу орталығының қызметі» атты әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Яғни, облыс тұрғындарын мазалайтын өзекті мәселелер бойынша статистикалық, талдамалық қор құрылуда. «Өзекті мәселелердің картасы» мен рейтингі қалыптастырылып, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен проблемаларды шешу жолдары қарастырылуда. Жоба нәтижесі бойынша қалыптастырылған «Өзекті мәселелер картасы», ҮЕҰ-мен ұсынылған шешу жолдары мен әлеуметтік жобалар тізімі жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылатын болады.

Жамбыл облысының мемлекеттік орган басшыларының азаматтық сектор өкілдерімен халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша тұрақты кездесулер кестесі әзірленіп, бүгінгі күнге 10 кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында өңірде «Қоғамдық бақылауды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру», «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру», «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда.

Аталған жобалардың іске асырылуы облыста оң резонанс туғызып, халық арасында қолдау тапты.

Мәселен, Жамбыл облысының жастар қауымдастығы «Қоғамдық бақылауды дамыту орталығының» қызметін жүргізу барысында әлеуметтік желілерде жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін ашық алаңға шақырып, «онлайн диалог» және мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі туралы видеоблог жүргізуде.

Елбасының бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша Тараз қаласында арнайы «Бағдарламалық мақаланы аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру», ««Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпараттық орталық қызметін ұйымдастыру» тақырыптарында 2 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

2017 жылдың қыркүйек айында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Ақпараттық орталығының жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы іске асырылмақ.

Жалпы, облыстың Іскер әйелдер қауымдастығы, Ардагерлер кеңесі, Саясаткер әйелдер клубы, «Асыл Арман», «Жастар-зерттеу» қоғамдық бірлестіктері, сонымен қатар Жастар ұйымдарының қауымдастығы секілді облыстың жетекші ҮЕҰ тарапынан бағдарламалық мақаланы насихаттау мақсатында «Қымызмұрындық» ұлттық мейрамы, «Мәдени мұра ұрпақ игілігіне», «Патриот бол!», «Отбасым – бақыт мекенім» акциялары, «Атадан қалған асыл сөз», «Білім мен келісім – жаңғыру негізі» «Ұлттың интеллектуалды деңгейі – мемлекет болашағына инвестиция» тақырыбында кездесулер, «Қазақстан – Ұлы дала елі» ақпараттық автокеруен, «Менің Елім – Мәңгілік Ел» фотобайқау және т.с.с іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жамбыл облысының Азаматтық Альянсының бастамасымен әртүрлі мақсатты топтар мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» форматында бағдарламаның негізгі аспектілері бойынша сындарлы пікірталастар ұйымдастырды.

Рухани жаңғыру идеясын насихаттау процесіне «Нұр Отан» саяси партиясының облыстық филиалы және Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) қолдау білдіруде. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен қоғамның түрлі салаларын көрсететін 50 адамнан тұратын спикерлер пулы құрылды. Бағдарлама мақаласының мазмұнын түсіндіретін және ақпараттандыратын арнайы іс-шара жоспары жетілдірілді.

Жалпы, спикерлермен 350-ге жуық ақпараттық-насихаттық материал жарияланды. Жоспарға сәйкес 2000-нан астам іс-шаралар ұйымдастырылды. ҚКХП (Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы) облыстық филиалы ұйымдастырған партия мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның қазіргі құндылықты бейімделуі», «Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары» тақырыбында пікірталастар өткізілді. Бағдарламалық құжатты насихаттау бойынша әлеуметтік маңызы бар бірқатар іс-шаралар саны жастар ұйымдарының қатысуымен өткізілді. Олардың ішіндегі ең ірілері: «Рухани жаңғыру» ақпараттық-насихаттау автокеруені, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» кубогы-2017» облыстық дебат турнирі, шығармашылқ зиялылар өкілдерінің (Ж.Кәрібайұлы, Үміт Битенова, Елен Әлімжан) жастармен кездесуі, «Тарихы терең Жамбылым» атты тарихи-мәдени ескерткіштерге экскурсия.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілетуге тамыз-желтоқсан айларына арналған желілік кестеде үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, жастар ұйымдары, этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен және қатысуымен түрлі 100-ге жуық іс-шаралар белгіленген. Оның ішіндегі ауқымдылары: «Мәңгілік Ел – ортақ құндылықтарымыз», «Үздіккен арманның, үзілмес үміттің мекені», «Латынға көшу – заман талабы», «Ұлттық кодтың болашағы», «Мәңгілік Ел – Рухани бай ел» тақырыптарында кездесулер, конференциялар, «дөңгелек үстел отырыстары», «Туған өлке» экспедициясы, «ҚХА жастары» форумы, «Отбасы – рухани жаңғыру негізі» форумы, «BOOKCROSSING» акциясы, Аналар кеңесінің форумы, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» экскурсиялары, «Отбасы – ұлт тірегі» жас отбасылар арасында байқау,  «Рухани жаңғыру – жастардың көзімен» интернет-акциясы, танымал блогерлердің форумы, «Бабалар мұрасы» көрмесі және т.с.с. іс-шаралар.

Сонымен қатар, «Золотой Караван» туристік орталығының ұйымдастыруымен «Өз өлкеңді таны және сүйе біл!» атты балалар шығармашылығына арналған облыстық 2 кезеңнен тұратын байқау өткізілді. Байқаудың «Өз өлкеңді таны және сүйі біл» атты алғашқы кезеңінде ашық аспан астындағы «Көне Тараз» мұражайына балалар экскурсиясы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша алдыңғы орындардан көрінген 5 жасөспірім Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне жолдама алса, 15 балаға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Жобалық офис бойынша:

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасын облыста жүзеге асыру мақсатында өңірлік реестрге 73 кіші жоба енгізілді. Кіші жобалар «Тәрбие және білім», «Рухани қазына» және «Атамекен» кіші бағдарламалары бойынша әзірленді.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 30 кіші жоба;

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 39 кіші жоба;

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша – 4 кіші жоба.

Облыс әкімдігінің басқармалары бойынша кіші жобалар төмендегідей бөлінді:

– білім басқармасы – 30 кіші жоба;

– мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы – 27 кіші жоба;

– кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы – 7 кіші жоба;

– жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 3 кіші жоба;

– спорт және дене шынықтыру басқармасы – 2 кіші жоба;

– жастар саясаты мәселелері басқармасы – 1 кіші жоба;

– дін істері басқармасы – 1 кіші жоба;

– Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облыстық хатшылығы – 2 кіші жоба.

Бағдарлама аясындағы кіші жобалардың іске асырылу барысы.

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша:

«Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру бойынша Жамбыл облысынан республикалық реестрге 4 кіші жоба енгізілді. Жобалар 2018-2022 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Өңірлік реестрге енгізілмеген іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Мәселен,  облыс бойынша мыңға жуық волонтерлер тобы жасақталған. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» жанынан құрылған «Волонтерлар мектебінің» белсенділері өңірімізде ұйымдастырылып жатқан әрбір шараларға белсенді түрде атсалысуда.   «ЭКСПО – 2017» көрмесін ұйымдастыруға атсалысу мақсатында волонтерлар (100 адам) тілдерді дамыту орталығында 3 тілде білімдерін жетілдірді. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Волонтерлар мектебінің жұмысын үйлестіру, жүргізу және «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне волонтерлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу» тақырыбында арнайы жоба іске асырылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға аймақтағы меценат-кәсіпкерлер да өз үлестерін қосуда.

Атап айтқанда, А.Жұмабаев басқаратын «Altais group» жауапкершілігі серіктестігі «Көне Тараз» мұражайының құрлысына, ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы Мемлекеттік Ту композициясының құрылысына, Тараз қаласының көшелері мен аулаларын жақсартуға,  «һибатулла Тарази мешітінің жаңарту жұмыстарына, Б.Момышұлы туралы кітаптың шығарылуына, облыстық балалар ауруханасын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге қаржылай қолдау көрсетті.

Облысқа белгілі «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы  С.Дөненбаев Т.Рысқұлов ауданындағы Жарлысу елді мекенінде 150 млн. теңгеге мектеп оқушыларына арналған интернат (жатақханасымен),  250 млн. теңгеге 92 орынды балабақшаның құрылысын жүргізді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында облыс әкімдігі білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастырумен Астана қаласынан келген 24 оқушыға және Тараз қаласының белсенді 20 оқушысына  «Айша бибі», «Қарахан» кесенелеріне «Ақыртас» мекеніне, «Ақсу жабағылы» қорығына археологиядық экспедициялар өткізілді.

2018 жылы кәсіпкерлер, меценаттар арасында «Жомарт жүрек» атты жобалық байқауын ұйымдастыру жоспарлануда

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша:

Бағдарламаны облыста ілгерілету бойынша 39 кіші жоба енгізіліп, бүгінгі таңда оның 3-уі жүзеге асырылып («Жаңарған Жамбылым» атты эстрадалық әншілердің халықаралық конкурсы, «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойыны, «Әлемді кітап арқылы танимын» облыстық әдеби байқауы), 5-і үстіміздегі жылы қазан-желтоқсан айларында іске асырылмақ. Ал, қалған 31 кіші жоба 2018-2022 жылдарға жоспарланған.

Өңірлік реестрге енгізілмеген іс-шаралар да ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен 15,0 млн теңгеге  облыстың  тарихы, мәдениеті мен тарихи орындары туралы 11 сериалды (2 тілде)  деректі фильм түсіріліп, облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасынан көрсетілуде.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша:

Аталған кіші бағдарламаға облыстан республикалық реестрге                    30 кіші жоба енгізілді. Жоба бойынша бүгінгі таңда 6-уы жүзеге асырылды (Халықаралық балалар күніне орай тұңғыш рет балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі, «Менің отаныма менің бастамам» облыстық шығармашылық байқауы, «Шекарасыз әлемдегі Қазақстан балалары» атты облыстық балалардың кино фестивалі, сонымен қатар 2017-2018 оқу жылдарында 29 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің I, II курс білімгерлеріне «Тарихи өлкетану», «Әдеби өлкетану» курстары енгізілді, 275 жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптардың оқу бағдарламаларына «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстары енгізілді, Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба жеңімпаздары үшін «Астана – менің Отанымның Елордасы!» туристік саяхаты).

 «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы бойынша:

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына қатысушы үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Кандидаттарды сұрыптау барысында айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, жұмысшы тобы құрылып бекітілді. Оның құрамына қоғам қайраткерлері, ҚХА және қоғамдық ұйымдардың мүшелері, жазушылар, облыстық мәслихат депутаттары енгізілді.

Жобаны ақпараттандыру және азаматтар аудиториясын жоғарылату жұмыстарына облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-тарда жұмылдырылуда. Аымдағы жылдың тамыз айынан «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы мерзімді басылымдарда 45 хабарландыру жарияланды.

Сонымен қатар, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы хабарландыру күніне 6 рет жиілігімен облыстық «Қазақстан-Тараз» теларнасындағы телеблокнот айдарында көрсетілді.

Бүгінгі таңда жоба аясында басқарманың жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 257 ұсыныс келіп түсіп, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бекіткен талаптарына сәйкес 86 өтініш іріктеліп, жолданды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарын облыс тұрғындарына жеткізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 5 номинация бойынша («Білімнің салтанат құруы», «Туған жер», «Қазақстанның киелі географиясы», «Мәдени даму», «Қазақстанның 100 жаңа есімі») «Үздік ұран» атты ашық байқауы өткізілуде. Байқауға үміткерлерді іріктеу кезеңі 2017 жылдың 1-25 қыркүйегі аралығында жүргізіледі.

Ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары:

Бағдарламалық мақаланы ақпараттық сүйемелдеу және облыс тұрғындарына кеңінен жеткізу бойынша облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерде, білім беру мекемелерінде, қоғамдық орындар мен көшелерде барлығы 350 көрнекі ақпарат құралы (Тараз қаласында 28 билборд, 3 брендмауэр, аудандарда 88 билборд, 9 брендмауэр, 35 қалқан, 2 сколлер, білім беру мекемелерінде 185 баннер) орналастырылды.

Сондай-ақ, өңірдегі 14 мерзімді баспасөз басылымдарында (3 облыстық, 11 қалалық және аудандық) 41 айдар ашылып, материалдар топтамасы жарияланды.

Атап айтқанда, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Туған жер», «100 жаңа есім», «Рухани жаңғыру», «Атамекен», «Ұлт: сана мен болмыс», «Түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар – баянды болашағымыздың кепілі», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Духовное обновление», «Модернизация сознания» және «Открытая трибуна».

Бағдарламалық мақала жарияланғаннан бері жергілікті басылымдарда бүгінгі күнге дейін жалпы саны 509 (оның ішінде: 192-і облыстық, 317-і қалалық, аудандық және тәуелсіз баспа басылымдарында жарық көрді), интернет-ресурстарда 331, материалдар жарияланып, облыстық «Қазақстан-Тараз» және «77 ТВ» телеарналарынан 264 сюжет көрсетілді.

Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында «Жарқын болашаққа нақты бағдар», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Болашақ бағдарымызды айқындады», «Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері», «Жастар Елбасы мақаласына қолдау білдірді», «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы», «Өркендеу өзегі – рухани жаңғыру» атты және т.б. тақырыптарда бейнесюжеттер көрсетілді.

Оның ішінде, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасында қойылған міндеттер бойынша арнайы 26 хабар ұйымдастырылды.

Облыстық «77 ТВ» телеарнасында «Туған жер» бағдарламасының «Ұшқан ұя» және «Киелі жерлер» бағдарламасы аясында «Туристік Тараз» атты арнайы бағдарлама ашылып, Жамбыл облысының тарихи және киелі жерлері, облыстан шыққан тұлғалы азаматтар туралы арнайы хабарлар көрсетілуде.

Елбасы бағдарламасын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына интернет-ресурстар да жұмылдырылуда. «Zhambylnews» және «Тuraninfo» ақпараттық агенттіктердің және мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында 512 материалдар топтамалары орналастырылды.

Сондай-ақ, жергілікті «77 ТВ» телеарнасының эфирінен Елбасының мақаласының басым бағыттарын түсіндіруге арналған 4 бейнеролик (мемлекеттік және ресми тілде) күніне 4 рет жилігімен көрсетілуде. Әлеуметтік желілерде, ақпараттық агенттіктер мен көпшілік орындарда орналасқан лед-экрандар да бағдарламалық мақаланың басым бағыттарын түсіндіруге арналған бейнероликтер әзірленуде.

Аталған жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.

 

 

Ғ.Боранбаева

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика