четверг, 28 марта 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
10:23, 28 November 2019

ӨҢІРЛІК ПАЛАТА ЕРЕКШЕ КӘСІПТҮРЛЕРІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ


Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы сүт бағытындағы асыл тұқымды ешкі шаруашылығына қаржылай қолдауды еселендерді

Заанен тұқымының қазақстандық ешкілерденайырмашылығысүтті мол беруінде. Отандықешкілер күніне көп дегенде 1,5-2 литр ғана сүтбере алады, жүні қалың. Ал, заанендіктер күніне 8 литр сүт береді. Жүні  өте жұқа, қырқылғансияқты көрінеді, күніне екі мәрте сауылатын ешкісүтінің литрі 500 теңге көлеміндесаудалануда.         Жалпы алғанда, биылғы жылдың10 айында микроқаржы ұйымының 528 миллион теңге несие Жамбыл облысының кәсіпкерлерінеберілді, – деп атап өтті «Атамекен Тараз» МҚҰ директоры Самат Қосалиев.    

Айта кетейік, ешкі сүті – анемия, тағамдықаллергия, туберкулез, асқазан, ішек-қарынжолдарының аурулары, диабет, диатез ауруларынаем, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруға, ағзаданауыр металдардың тұздары мен радионуклидтердішығаруға және көздің көру қабілетін арттырудапайдалы екен.  Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Ддәрумендері мен аскорбин қышқылы бар.   

Оның үстіне бұл ешкілер жуас, саууға жақсы. Ал асыл тұқымды бір лақтың құны шамамен 100 мыңнан асадыТ.Рысқұлов ауданындағы «Аққу» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі КенжебекСейдахметов «Атамекеннің» сүйемелдеуімен«Бизнес Кеңесші» жобасында оқыпқаражат алғанкәсіпкерлердің бірі

«Сүттен біз үй қаймағын, құрт, сары май, ірімшік, йогурт, айран және брынза дайындаймыз. Дайын өнімді тұтунышылардың басым бөлігіАлматы қаласының нарығы, ондағы саудадүкендеріне өткізіледі. Қазіргі таңда шаруалықта20 қозы бар, дегенмен де, заман ағымына сәйкесфермерлік шаруашылықты дамыту жолында«Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымынажүгіндім. Онда жеңілдетілген несие алудыңталаптарында «Атамекен» оқытатын «Бизнес Кеңесші» жобасында оқу қарастырылған, солсебепті бизнес негіздеріне оқып, несиеге қолжеткіздім», – деді Кенжебек Сейдахметов.

Ешкі сүтінің адам ағзасына тигізер пайдасы мен емдік қасиеті мол екені көпке мәлімӘсіресеасқазан ішек-жолы жұмысын қалыпқа келтіру, гемоглобинді арттыру, көз көруін жақсартуға, сондай-ақ, диатез кезінде пайдалы. Енді сауылғанешкі сүті бактерицидтік қасиеттерге бай, онда сиырсүтінде жоқ биологиялық белсенді заттар бар. Оның арқасында ешкі сүті ұзақ сақталады, олбөлме температурасында 3 күн бойықышқылданбайды, ал тоңазытқышта бір аптаданартық бұзылмай тұра береді.

Жапон елінде мектеп жасындағы балалар тамағынаміндетті түрде ешкі сүті қосылады. Мыңғырған қойөсірген моңғолдар да бүгінде оның орнын ешкіменалмастыруда. Бұл ретте қазақ балалары да ұлттықтағамдарды неге тұтынбасқа!

Биылғы жылы «Атамекен Тараз» микроқаржыұйымы сүт бағытындағы ешкі, құс және балықшаруашылығы жобалар қолдауды еселендіруде. Себебі облыста дәл осы бағыттағы кәсіпкерліксаласы ақсап тұр. Жамбыл облысы кәсіпкерлерпалатасының сарапшылары бүгінгі таңда дәл осы бизнес саласының дамуын қолда алды. Мәселен, құс шаруашылығындағы түйетауық, бройлер, үйрек, қаз, бөдене, өсімдік шаруашылығындаөңірде сирек кездесетін таңқурай, лимон, жүзім, бадам, балық шаруашылығанда бекіре, форель балықтарын өсіруде тәжірибелі салалықсарапшылардың 30-ға жуық тізімін жасақтады.Сан-саланы қамтыған практик-сарапшылар осы бағытта кәсібін өрбітемін деген жандарды бас-аяғына деген толықтай сүйемелдеп, тәжірибесіменбөлісетін болады.

«Кәсіпкерлер палатасы осындай жауапты істіқолға алды, яғни сарапшыларды тарту, олардыңақысын төлеуді толықтай өз мойнына алып отыр. Осылайша өңір кәсіпкерлігінің дамуы мен түрленуіне экономикалық серпіліс жасау мақсат» – деді агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысыЕрмек Ділдабеков. Мәселен, лимон саласындашақыртылған сарапшы Серғазы Бекмұратовжамбылдық кәсіпкерлерге лимон өсірутехнологиясын үйретіп, жылыжай соғужұмыстарына араласып кеткеніне екі айдыңкөлемі болды.

Айта кету керек, дәл осы бағыттағы кәсіптібастауға «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымықаржыландыруға әзір. Мәселен, «Нәтижеліжұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктідамыту» бағдарламасының «Жас кәсіпкер» және«Бастау» жобаларында кәсіпкерлік негізіне оқығанқатысушалардың 200-ге жуығы заанен ешкілеріналуға 505 мың теңгеден қайтарымсыз ақша алды, 70-тен астам жоба құс шаруашылығындағы грантқаие болды.

Акбота Батырбекова

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика