пятница, 29 марта 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
9:49, 17 August 2018

«Тараз» тікелей бәсекелестерінен қара үзіп кетті


«Тараз» тікелей бәсекелестерінен қара үзіп кетті

Кеше футболдан бірінші лига біріншілігінің кезекті турындағы матчтар аяқталды, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА. Оның қорытындысы бойынша, тараздықтар турнир кестесінде Шымкенттің «Қыранынан» – үш ұпай, ал, Өскеменнің «Алтайынан» жеті ұпай алға шықты.

Үшінші кезеңнің бастапқы турында «Тараз» қонақта Теміртаудың «Шахтер-Болатын» ұтты. Қарағанды облысының командасы өзінің алаңында қашанда айрықша табандылықпен ойнайды, өткен ойын да осыны көрсетті. Қонақтар матчтың өне бойында басымдық танытқанымен, екінші таймда ғана Әлішер Сүлейдің дәл соққысының арқасында гол соға алды.  Осы сәтте қарсыластарының қорғанысын жалғыз өзі бұзып өтіп, әріптесінің аяғына допты дәл бере білген Дінмұхамед Қараманның тамаша ойын өрнегін айта кеткен жөн. Қарсы шабуылдарда әбжілдік танытқанда оңтүстіктіктер өз басымдықтарын арттыра түсулеріне болар еді. Бірақ, шабуылдарды түйіндер тұста дәлдік жетпей жатты, немесе алаң иелерінің қорғанысы доп соғуға жол бермеді.

Қалай дегенде де маңызды жеңіске қол жетті.

Бұл орайда тараздықтармен үзеңгі қағысып келе жатқан Шымкенттің «Қыраны» қонақта «Мақтааралды» еңсере алмады, ойын күтпеген есеппен аяқталды – 0:3. Ал, «Алтай» Екібастұзда жеңіп тұрып, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, турнир кестесінде өкшелеп келе жатқан қарсыластарынан қара үзген тараздықтар «Оқжетпестен» кейінгі екінші орынға орнықты. Ақтауда «Каспийді» 2:0 есебімен тізе бүктірген көкшетаулықтар «Тараздан» бір ұпай алда тұр.

Командамыз келесі ойынын 20 тамыз күні үйде Қызылорданың «Байқоңырымен» өткізеді. Бұл командалардың жақында Таразда өткен кездесуіне қарағанда ойын тартысты болатын сияқты. Оның үстіне қызылордалықтар «Қыранды» тізе бүктіріп, бабында екенін байқатты.

Бұл кездесуде біздің команда үшін жеңіс ауадай қажет, ендеше, жанкүйерлердің қолдауы артық болмайды. Футбол сүйер қауымды Орталық стадионда күтеміз. Ойынның басталатын уақыты – 18:30.

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика