четверг, 28 марта 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
12:40, 18 May 2018

ҺИБАТУЛЛА АТ-ТАРАЗИ


Тараз мешіттері

ҺИБАТУЛЛА АТ-ТАРАЗИ

 

«Таразды Қазақстандағы исламның діни орталығы деп есептеуге болады,деген еді бұрынғы Бас мүфти әрі Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі. – Қазақстандағы ең көне мешіт осы Таразда орналасқан. Кейіннен Каирдегі атақты Бейбарыс медресесінің тұңғыш рухани ұстазына айналған Қазақстанның атақты рухани қайраткері Һибатулла ат-Таразидың дәл осында келген болуы әбден мүмкін».

Тараздың орталық мешіті Һибатулла ат-Тарази – Жамбыл облысының басты көрнекті орындарының бірі. 2011 жылы Жамбыл аймағындағы «жеті кереметті» анықтау жөнінде ұйымдастырылған виртуалды халықтық байқау қорытындысы осыны көрсетті.

«Жеті кереметтің» қатарында бас мешіттен басқа XI ғасырдың бірегей оюлы мавзолейі Айша-бибі, тылсым құрылыс Ақыртас, Қараханидтер дәуірінің ханы Қараханның мавзолейі, қорғандары мен балбалдары бар Меркі киелі орны, табиғаты таңғажайып Көксай шатқалы, XVIII ғасырдың мавзолейі Ақ Кесене бар.

Тараздың бас мешітінің іргетесын Қазақстан Республикасының Президенті Таразға 2003 жылғы сапары кезінде қалағанымен, ғимарат 2008 жылы салынған.

Құрылыстың сметалық құны ол кезде 533 млн. теңгені құрап, қажет қаражат асқан қиындықпен жиналды. Сол кездегі Бас мүфти әрі Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі аймағымызға сапарында осы мәселеге биліктің назарын аударғаннан кейін ғана іс орнынан қозғалды. Мешіт құрылысын аяқтау үшін «Әулие-Ата» корпоративтік қоры құрылып, облыс тұрғындары қаржы аудара бастады.

«Дегенмен, азды қанағат етуге тура келді, – дейді «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев. – Қаржы жетпегендіктен мешіттің сырт келбеті ойдағыдай болмады. Сондықтан, 2010 жылы діни орынның сырт келбетін атына сай әрлеу туралы шешім қабылданды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың сырт келбеті адам танымастай өзгерді».

Қысқа уақытта қайта әрлеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат беретін демеушілер табылды. Өткен жылдардан бір айырмашылығы – демеушілікке бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері тартылған жоқ.

2012 жылы Таразда, орталық мешіт жанында демеушілердің қаражатына салыған медресе ашылды. «Һибатулла Тарази» медресесінде ислам негіздерін жоғары білімді оқытушылар, Құранның білгірлері – қарилар оқытады. Медресе бағдарламасында Құранды, араб тілін, Қазақстан тарихын оқыту қарастырылған. Арнайы сабақтар да бар. Медреседегі оқу 2 жыл 10 айға есептелген.

«Исламды оқу әлем мен бақытты танудың кілті болып табылады.  Қазақ халқының таихына көз жіберсек, ағартушыларымыз – Абай Құнанбаев, Шакәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев ислам білгірлері болған», – дейді Тараздың орталық мешітінің бас имамы.

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика