четверг, 28 марта 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
9:46, 07 March 2018

Ең әдемілер мен сұлулар


Халықаралық әйелдер күні: Ең қымбат сыйлық – көңіл 

Бүгін біздің жүрегімізде – жеңілдік пен жылу. Солай емес пе? Бұл күндері әйелдер кішкентай таңғажайыпты күтеді. Ал, оны Көктегі құдірет емес, біз еркектер жасауымыз керек. Біздің де өз сүйіктілеріміздің жүзінен қуаныш пен күлкіні көру үшін оларға қандай да бір жағымды тарту жасағымыз келеді. Ура, мырзалар: міне, көптен күткен мерекеміз –  Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз да келіп жетті!

Аруларымызға деген сезімімізді толық жеткізерліктей сөздер мен сөйлемдерді табу мүмкін бе? Жандарында әдемі жартылары болмаса алып Жер шарында ер азаматтар бір өздері өмір сүре алар ма еді? Ондай жағдайда біз кім болар едік, не болар едік, көзге елестетудің өзі қиын.

Ағылшын әдебиетінің классигі Джозеф Конрадтың: «Әйел болу өте қиын, өйткені, негізінен ісің еркекпен болады» деген сөзі ойға орала береді.

Шындық қой. Біздің көңілімізді табу оңай емес. Өкінішке қарай, ерлер өздерін отбасы егесі, асыраушысы, тіпті, Ғаламның діңгегі санап, қателікке жиі ұрынады. Осының бәрі бізге әлде бір нәрселерге көңіліміздің толмайтынын білдіруге, кей жағдайларда, тіпті, үзілді-кесілді айтып тастауға құқық беретіндей сезінеміз. Мырзалар, өзіміз өзіміздің алдымызда мойындайық, өзіміздің басымдығымызды көрсетіп қалуды жақсы көретініміз рас қой! Әйелге өмірі көңіліміз толмайды: сорпаңның тұзы аз (көп), болмаса суып қалған, сатып алған етің тастай қатты, қонаққа үш сағат жиналасың, жүргізе алмасаң да көліктің рөліне отырамын деп қиғылық саласың, таңғы сегізге дейін ұйықтайсың дегендей жалғасып кете береді…

Иә, қашанда әйтеуір бір нәрсеге көңіліміз толмай жүреді…

Өзіміздің де керемет емес екенімізді түсінбейміз. Бұл жұмсартып айтқанда. Әйелдерге ескерту жасай отырып, өзіміз жол беретін жағымсыз жайларға көз жұма қараймыз. Үйде шұлығымызды лақтырып тастай саламыз, көліктің кілтін қай жер болса, сол жерге қоя саламыз, айлықтың бір бөлігін әйелімізден тығамыз. Қайда қойғанымызды ұмытып қаламыз да, тауып бер деп әйеліміздің мазасын аламыз!

Біз үшін тамақ пісіре салғаннан гөрі әйелімізге ұрысқан оңай. Тіпті, жұмыртқа қуыруды да білмейміз – табаға жабысып, күйіп кете береді. Тез киінеміз, өйткені, далаға сырт киімді киіп, үй киімімен шыға саламыз. Сөйтеміз де «көрдің бе, қымбаттым, қонаққа қалай тез жиналамын!» деп мақтанамыз. Ал, көлікті қалай жүргіземіз десеңші… Рөлде отырып, «жолда жүгенсіздер көбейіп кетті» деп күйіп-пісеміз. Басқа жүргізушілердің де өзімізді жерден алып, жерге салып жатқаны ойландырмайды. Әйелдерді сериал көреді деп кіналаймыз, өзіміздің диванда сағаттап жатып, қанды қырғын киноларды көргенді ұнататынымызды ұмытамыз.

Тек, 8 наурыз жақындағанда ғана ақылымыз кіре бастайды.

Аяқ астынан қасымызда жүрген әйеліміздің біз сияқты кемшілікті тізбелемейтін, әдемі де сүйкімді жан екенін түсінеміз. Әйелдердің даналығы сондай, олар бізді болмысымыз қандай болса солай қабылдайды. Бұл мереке қарсаңында біз барлық реніш, кінәларымыздың шын мәнінде ақымақшылық екенін түсінеміз. Сорпаның тұзын көп салып жіберді ме? Менің қамымды ойлағаннан, сүйіктіме дайындаған тамағым дәмді болса деген ойдан ғой. Мүмкін, осындай жағдайларда айтылатындай, ғашық болып қалған шығар. Ал, ғашығы мен ғой! Көлік рөліне отырды ма? «Жеткізіп салшы», «алып кетші» деп мазалай бермейін дегені ғой! Үш сағат жинала ма? Ол да біз үшін емес пе, жарымның жанында жарқырап жүрейін деген ниеті ғой! Сегізге дейін ұйықтады ма? Кеше кешке қыруар ыдыс-аяқты жуған кім?

Дәл осы мереке күндері пәтеріміздің тап тұйнақтай жиналғанын, тазалығын байқаймыз. Әйелдер киімімізді жуып, үтіктейді, тамақ пісіреді, балаларымызды тәрбиелейді, пәтердің шаңын сүртіп, еденін жуады. Олардың ең әдемі, ең тартымды, ең еңбекқор екенін дәл осы сәтте түсінеміз. Бұл күндері ер азаматтардың көзі ашылып, бұған дейін байқамаған нәрселерді байқайды. Ерлер үшін нағыз таңғажайып, міне, осы. Осылардың бірінен кейін олар өздерінің сүйіктілеріне кішкентай ғана таңғажайып тарту етуге міндетті. Шынымен де, бұл күні әйеліңізге – гүл немесе әшекей, қызыңызға ойыншық немесе планшет  сыйлаңыз, анаңызды құшағыңызға алып, құттықтаңыз. Тағы бір танымал қанатты сөзде айтылғандай, әйелдер үшін ең қымбат сыйлық – көңіл бөлу. Әрі мұндай сыйлық арзанға түседі…

Қымбатты арулар! Біз Сіздерге шексіз де зор махаббат, отбасылық бақ-береке тілейміз. Өмірлеріңізде кішкентай ғана таңғажайып жиі болып тұрсын, ал, сүйікті де адал ерлеріңіз қашанда қастарыңыздан табылсын. Мерекелеріңізбен!

«СЭР» журналы.

Сурет: hochu.ua

 

 

 

 

 

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика